9. 2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат):
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;»;
11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.».
12-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) медициналық туризм - тұратын жерiнiң шегiнен тыс жерде мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алумен демалысты бiрiктiру көзделетiн туризм түрi;».
13-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындау;».
14-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
98-баптың 16) тармақшасындағы «көмектен өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «көмектен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен өндіріп алуға болмайды.».
15-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 35-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.»;
2) 39-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына;»;
3) 41-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.»;
4) 43-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы тиіс.».
16-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;»;
12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) дәрменсiздiк - кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi;»;
«18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша, авторлық сыйақыны, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және борышкердің өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;»;
2) 5-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу, алименттердi өндiрiп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу жөніндегі кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөнiндегi міндеттемелері оларды орындау мерзiмi басталған күннен бастап үш ай iшiнде орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген бір жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем емес соманы құрайды;»;
3) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қолданылады.»;
4) 77-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдармен өтемақыларды төлеу және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар жүргiзiледi;»;
5) 100-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бiрiншi кезекте өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақыларды төлеу бойынша, авторлық шарттар жөнiндегi сыйақыларды төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.
Бiрiншi кезектегi талаптарды өтеу осы тармақта жазылған тәртiппен жүзеге асырылады.
Кредиторлардың өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша талаптарын өтеу үшiн мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда, мүлiк кредиторлардың тiзiлiмге енгiзiлген талаптарының сомаларына пропорционалды түрде олардың арасында бөлiнедi. Осы бөлiктің ережелерi кредиторлардың алименттердi өндiрiп алу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақыларды төлеу бойынша, авторлық шарттар жөнiндегi сыйақыларды төлеу бойынша талаптарын өтеу кезiнде қолданылады.»;
6) 101-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кредитордан басқа, кредитор оны банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын мерзiмде мүлiктi талапты өтеу есебiне заттай қабылдау туралы өзiнiң жазбаша келiсiмiн (келiспейтiнiн) бiлдiруге тиiс. Кредитордың жазбаша келiсiмiн белгiленген мерзiмде ұсынбауы мүлiктi заттай қабылдаудан бас тартуы болып танылады.».
17. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат):
17-тармақтың 1) тармақшасын 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты:
1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турлы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) мынадай:
әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын, аурухана жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; шұғыл көрсетілімдер бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан стационарлық көмек;
4) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер нормалары мен нормативтерін қамтиды.»;
17-тармақтың 2) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 30-бабы 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылатын болып белгіленсін:
«2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде мыналарды:».
18-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 16, 79-құжат):
1-баптың 13-тармағында:
2) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тармақ 12) тармақшадағы «операторлары жатады.» деген сөздер «операторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:»;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жатады.»;
3) тармақшада:
үшінші, алтыншы және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11), 18), 19) 20), 21) және 22) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер мұндай операция өзiнiң сипаты бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген операция түрлерiнiң бiреуiне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:»;
«осы баптың 2-тармағының 9), 20) және 22) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;»;
«мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:»;
жиырма бірінші абзацтағы «жасау жатады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«22) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды енгізу, аудару жатады.».
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда
3-бап. Осы Заң:
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, жетінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8), 10), 22) тармақшаларын, 10, 12, 14, 18-тармақтарын;
2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 3-тармағының 5), 6) тармақшаларын, 4-тармағын, 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын, 5), 7), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының он төртінші абзацын, 24) тармақшасын, 6, 8, 13, 16-тармақтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын, 5-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацын, 6), 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 7, 15-тармақтарын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 16-і.
№ 406-V