5. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шағым келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
6. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша сатып алу қорытындыларының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Әлеуетті өнім беруші сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, оған сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
186-5-бап. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет
Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы туралы есеп береді.
186-6-бап. Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының өкілеттіктері
Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы:
1) электрондық сатып алу веб-порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) электрондық сатып алу веб-порталын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
3) электрондық сатып алу жүйесінің субъектілеріне электрондық сатып алу веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
4) электрондық сатып алу жүйесі субъектілерінің электрондық сатып алу веб-порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарының сақталуының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
5) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық сатып алу веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың интеграциясы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасасады;
7) электрондық сатып алу веб-порталын техникалық қолдауға және оның жұмыс істеуіне бағытталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бөлім. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық
объектілерге құқықтарды шектеу
13-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық
объектілерге ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару
187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару тәртібі
1. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару осы бапта, осы Заңның 188-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде мүмкін болады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы негізінде стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім, егер осындай ауыртпалық салу немесе иеліктен шығару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерді сақтамауға әкеп соғатын жағдайларда қабылданады.
Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту осы тармаққа сәйкес бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.
5. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) орналастырылатын акциялардың санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жария етілген акцияларды орналастырады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында одан әрі мәмілелер жасасу, бір тұлға немесе аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма пайызынан астамын құрайтын акциялар сатып алатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын талап етпейді.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында стратегиялық объектілерге жататын акциялармен мәмілелер жасасу кезінде мәмілелер эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын мөлшерде жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты талап етілмейді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
Кепілге салынған мүлікті сот актісінің негізінде иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген иеліктен шығарудың ерекше шарттары және кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығарудың ерекше шарттарын және оларды сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөніндегі ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдар тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару рәсімі
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға негіз болатын не оған үшінші тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
5) стратегиялық объектіге меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
6) стратегиялық объектінің нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектіні бағалау туралы есепті;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) түпкілікті сатып алушыға дейінгі стратегиялық объектіні болжамды сатып алушы туралы мәліметтерді;
8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін де табыс етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады. Аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілген болса, ұсынылмайды;
10) директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің шешімін (болған жағдайда);
11) банктің кредиттік комитетінің шешімін;
12) ауыртпалық салынатын мүлікке кепілдің (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендігі туралы растауды;
13) стратегиялық объектінің меншік иелерінің пайыздық арақатынастағы құрылымын;
14) стратегиялық объект сенімгерлік басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етеді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы тиісті саланың уәкілетті органына осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы кепілге салынған мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Сот актісінің негізінде әрекет ететін сот орындаушысы тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын және (немесе) сот актісін, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға негіз болатын шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ стратегиялық объектінің сақталуын және оны одан әрі пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөніндегі мәмілені жасауға негіз болған не оған ауыртпалық салуға әкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда, стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) тиісті саланың уәкілетті органына осы бапта және осы Заңның 187-бабында айқындалатын тәртіппен қайтадан жүгінеді.
Кепіл ұстаушының стратегиялық объектіге ауыртпалық салуына негіз болған шартқа сәйкес кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруды жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайда, кепіл ұстаушы тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүгінеді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға берілген өтініштерді қарау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар бойынша шешім қабылдауы құжаттар тиісті саланың уәкілетті органына келіп түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Тиісті саланың уәкілетті органы осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі.
Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және ол қаулы түрінде ресімделеді.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні шешім шығарылған күннен бастап бес күндік мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
7. Тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару жөнінде жасалатын мәмілелер мониторингін жүзеге асырады.
189-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу
Стратегиялық объектілер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртіппен мемлекет меншігіне алынуы мүмкін.
190-бап. Стратегиялық объектілердің мониторингі
Стратегиялық объектілердің мониторингі Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерді
сатып алуға қазақстан республикасының басым құқығы
191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолдану шарттары
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.
2. Қазақстан Республикасының атынан стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг іске асырады.
192-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық бюджеттік комиссия тиісті шешім қабылдайды. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттік комиссия шешім қабылдаған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешімі осы құқықты пайдалану себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындылары туралы тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектіні иеліктен шығаруды жүргізетін тұлғаны шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
4. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады. Меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан жағдайда оған ие болуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тоқтатылады.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алуға басым құқықты пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап он екi айдан аспауға тиiс.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмiн немесе банкроттық рәсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаны алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиісті саланың уәкiлеттi органын стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту iстер бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабардар ету жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға алып келеді.
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады.
Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
193-бап. Нарықтық құнды айқындау
1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде стратегиялық объектінің нарықтық құны өтелуге жатады.
2. Стратегиялық объектінің нарықтық құны стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде мемлекет ие болатын мүлікті осы Заңның 206-бабының қағидаларына сәйкес бағалау негізінде айқындалады.
194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектілерді басқару
Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алынған стратегиялық объектілерді осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша акцияларды төлеуге немесе мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен арнайы құрылған заңды тұлғаның не ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде береді.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 195-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы ережелерді бұзудың салдарлары
Стратегиялық объектілерге құқықтарды иеленушінің стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмілесін сот ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп тануы мүмкін.
7-бөлім. Мемлекеттік мүлікті есепке алу, мүліктің мониторингі, оны бағалау және пайдаланылуын бақылау
Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін екі жыл өткен соң 15-тарау қолданысқа енгізілді
15-тарау. Мемлекеттік мүлікті есепке алу, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі, оны бағалау
және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау
196-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу туралы деректер мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізілуге тиіс.
2. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы тараудың қағидаларында Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мемлекеттік мүлкін есепке алу тәртібі, мемлекеттік мүліктің тізілімін түзудің және оның жұмыс істеуінің негізгі принциптері, сондай-ақ есепке алу объектілерінің құрамын, тізбесін, олар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және өзекті ету тәртібін айқындайды.
Есепке алу объектілері туралы мәліметтерді өзекті ету мемлекеттік мүліктің құрамы туралы нақты, объективті және оған барабар ақпаратты есепке алу деректерінде көрсетуге мүмкіндік беретін жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.
197-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың түрлері
1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімі нысанында бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Осы Заңның 210-212-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті ведомстволық есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері туралы мәліметтерді беретін тиісті саланың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)