Шартты бағалық жеңілдіктің ең төменгі қадамы 1 %-ды (бір пайыз) құрайды.
133-48. Қандай да бір лот бойынша әлеуетті өнім беруші бастапқы баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
133-49. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетілу нәтижесінде бір ғана әлеуетті өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.
133-50. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық шартты бағалық жеңілдіктер, оның ішінде лот бойынша барынша көп шартты бағалық жеңілдікті жариялайды және оларға бастапқы шартты бағалық жеңілдікті төмендетуге ұсыныс жасайды.
133-51. Түпкілікті шартты бағалық жеңілдіктерді қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай баға жеңілдіктерін қабылдаудың басталғанын хабарлаған сәтінен бастап бес минутқа дейінгі уақытты құрайды.
133-52. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға жеңілдігін ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.
133-53. Ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ең жоғары бағалық жеңілдік біреу болған жағдайда түпкілікті болып табылады.
133-54. Екі немесе одан көп бірдей түпкілікті бағалық жеңілдік болған жағдайда, үшінші рет бағалық жеңілдікті ұсынуға рұқсат етіледі және ол түпкілікті болып есептеледі.
133-55. Үшінші түпкілікті бағалық жеңілдік те бірдей болып шыққан жағдайда, ондай лот өткізілмеді деп танылады.
133-56. Басқа бағалық жеңілдіктерге қарағанда ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
133-57. Ұсынылған шартты бағалық жеңілдік ұзақ мерзімді жеткізу шартының қолданылу мерзімінде әрекет етеді. Шартты бағалық жеңілдік өсу жағына өзгереді және кему жағына қарай өзгеруге жатпайды.
133-58. Ұсынылған шартты бағалық жеңілдік мынадай формула бойынша дәрілік заттарды бір жылға сатып алу бағаларына қолданылады:
(P-N)-S= D
Р - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға;
N - бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы;
S - шартты жеңілдік;
D - дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бағасы. Бұл ретте, баға тараптардың келісуі бойынша кему жағына қарай өзгеруі мүмкін.
133-59. Комиссия:
1) осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;
2) осы Ережеде белгіленген инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі асырылған;
3) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде болған;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытындысын алған;
5) бағалау критерийлеріне сәйкес келмеген кезде (комиссия сарапшылардың қорытындысын назарға алған кезде);
6) салық берешегі болған;
7) банк алдында борышкер болған жағдайларда өтінімді толықтай не жекелеген лоттардың бөлігінде кері қайтарады.
133-60. Ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға конкурс толық немесе жекелеген лоттар бөлігінде:
1) лот бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
2) лот бойынша барлық өтінімдер кері қайтарылған;
3) ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде шартты бағалық жеңілдік ұсынылмаған;
4) тиісті лот бойынша бірдей шартты бағалық жеңілдіктер ұсынылған;
5) автоматты түрде ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалатын әлеуетті өнім берушіден бір ғана өтінім ұсынылған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
133-61. Комиссия қорытындылайды және хаттамаға қол қояды.
133-62. Қорытындылар хаттамасында:
1) ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалуы тиіс олардың номенклатурасымен қоса әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
2) өтінімдері негіздемелері көрсетіле отырып, кері қайтарылған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
3) балдық жүйе қолданылған жағдайдағы, балдар;
4) өнім беруші лоттар бойынша бағалық жеңілдіктер арқылы айқындалған жағдайда, бағалық жеңілдіктер;
5) автоматты түрде ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалатын бір ғана өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат көрсетіледі.
133-63. Бірыңғай дистрибьютор қорытынды хаттаманың негізінде оған қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасады. Бұл ретте, өтінім ұзақ мерзімді жеткізу шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
133-64. Ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес сатып алады.
133-65. Ұзақ мерзімді шарт жасалған кезден бастап ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген объектіні пайдалануға беру/жаңғырту күні арасындағы кезең екі жылдан аспауы тиіс. Көрсетілген мерзімнен асқан және жеткізуші объектіні пайдалануға беру туралы актіні/жаңғырту туралы толық есеппен бірге хабарламаны көрсетілген кезең аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайларда, бірыңғай дистрибьютор біржақты тәртіппен ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзады.
133-66. Объектіні пайдалануға беру/жаңғырту сәтінен бастап дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталған, ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген күн арасындағы кезең объектіні пайдалануға беру актісі ұсынылған/жаңғырту туралы толық есеппен бірге хабарлама берілген сәттен бастап есептеледі. Көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда, бірыңғай дистрибьютор біржақты тәртіппен ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзады.
133-67. Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге дайын екендігі туралы хабардар етеді.
133-68. Жеткізуді бастау күні бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін басталады:
1) фармацевтикалық қызметке арналған лицензия;
2) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған тиісті тіркеу куәліктері;
3) тауардың шығарылуы туралы ішкі айналысқа арналған «СТ-KZ» сертификаты;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарының (GМP) енгізілгенін растайтын құжат;
5) өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде жоқ екенін растайтын құжат.
133-69. Ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тиісті қаржылық жылы өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға өтініш берген сәтінен бастап жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес тиісті қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылы бойынша жүзеге асырылады.
133-70. Мыналар:
1) осы Ережеде белгіленген инвестициялық жобаны іске асыру мерзімін асыру;
2) ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген жеткізудің басталу күнінің бұзылуы;
3) ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
4) жеткізудің басталу күнінен бастап екі жыл ішінде жеткізуден бас тарту;
5) инвестициялық жобаны іске асыру кестесінің бұзылуы;
6) ұсынылуы ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы жартыжылдық есептің уақтылы ұсынылмауы жеткізу шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 11-3-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 133-41, 133-42, 133-43, 133-44-тармақтар тиісінше 133-71, 133-72, 133-73, 133-74-тармақтар болып есептелді (бұр.ред.қара)
11-3 тарау. Бірыңғай дистрибьютордың қоймасындағы қоры төмендемейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қалыптастыру және пайдалану тәртібі
133-71. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
133-72. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың алдыңғы жылы нақты сатып алынған жалпы көлемінің 20%-ына дейінгі мөлшері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қоры төмендемейтін тізбені бекіткен күні сатып алынады. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды, қоры төмендемейтін қалдықты толтыруды осы Ереженің 10, 11 және 11-1-тарауларына сәйкес белгіленген тәртіппен және тәсілдердің бірімен (қоры төмендемейтін тізімді қорды қалыптастыру сәтінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдығын есепке алғанда) жүзеге асырады. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тиісті жылдағы тізіміне байланысты жыл сайын белгілейді.
133-73. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда пайдаланады:
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға жеткізу мерзімін бұзған кезде;
2) өнім берушілер жеткізуден бас тартқан кезде;
3) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған кезде;
4) тапсырыс берушілерден сол қаржы жылында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінім келіп түскен кезде.
133-74. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жыл сайын осы Ереженің 10, 11 и 11-2 тарауына сәйкес белгіленген тәртіппен (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтарын есепке алғанда) толықтырылып отырады.
12-тарау. Жеткізу шартын жасасу және орындау
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. Тендер жеңімпазы екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендердің қорытындысын шығарғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен, жеткізу көлемдері, мерзімдері және шарттары көрсетілген кестесін ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, қол қойылған жеткізу шартын жолдайды.
Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасасатын шартқа қол қоюдан бас тартуға құқықты.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
135. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендердің жеңімпазы қол қойылған жеткізу шартын алған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды немесе бірыңғай дистрибьюторды болған келіспеушіліктер немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды
135-1. Осы Ереженің 134-тармағының екінші абзацында көзделген жеткізу шартын жасасуға қойылатын талаптар осы Ереженің 131-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілін қолдану нәтижелері бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) жасалған жеткізу шарттарына қолданылады.
136. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын жеткізу шартының жобасына немесе қол қойылған жеткізу шартына қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа сатып алу көлемін өзгерту бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.
137. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
138. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс берушілердің соңғы өтінімінде ұсынған сатып алынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемі азайған жағдайда жеткізу шартына жеткізу көлемін тиісті азайту бойынша және шарт сомасының қосалқы мөлшеріне өзгерістер енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 139-тармақ жаңа редакцияда
139. Жеңімпаз болып айқындалған әлеуетті өнім беруші не осы Ереженің 11-тарауына сәйкес өнім беруші, жеткізу шартына не дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін арттыру жөніндегі қосымша келісімге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға жеткізу шарты немесе дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін арттыру туралы қосымша келісім құнының 3 %-ы мөлшерінде әлеуетті өнім берушінің жеткізу шартының сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын береді.
Әлеуетті өнім берушінің жеткізу шартын сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуі мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:
1) өнім берушінің бірыңғай дистрибьютордың тиісті шотына салатын ақшалай кепілдігі;
2) осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Жеткізу шартын, қосымша келісімді орындауды қамтамасыз ету, егер жеткізу шартының сомасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сондай-ақ шарт осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған жағдайда енгізілмейді.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
140. Сатып алу туралы шартты орындау үшін салынған қамтамасыз ету (жеткізу шарты) шартта көрсетілген мерзімде осы шарт бойынша өз міндеттемелерін өнім берушілер толық және тиісінше орындағаннан кейін, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе немесе өнім беруші міндеттемелерді толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141. Бірыңғай дистрибьютор немесе сатып алуды ұйымдастырушы егер өнім беруші:
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаса (өнім беру мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы беру, басқа да шарт талаптарын бұзу) және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 142-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) басшысы мұндай сатып алуды тұтастай немесе тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 142-1-тармақпен толықтырылды
142-1. Лизинг беруші өнім беруші техникалық өзіндік ерекшелігінен ақауы бар медициналық техниканы ұсынған және /немесе осы медициналық техниканың бейіні, бағыты және жеткізілуі жоспарланған денсаулық сақтау ұйымының қызмет түріне сәйкес келмеген жағдайда тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда лизинг беруші лизинг шарттарында медициналық техниканы сатып алатын денсаулық сақтау ұйымының жазбаша хабарламасы негізінде сатып алуды ұйымдастырушыға және тендер жеңімпазына сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.
143. Ашылған тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Ерекшелік ретінде банк кепілдігінің түпнұсқасы болуы мүмкін, бұл ретте тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) растаған осы құжаттың көшірмесін сақтауға міндетті.
144. Өткізілген сатып алу материалдары сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) тиісті іс номенклатурасында белгілеген тәртіппен сақталады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 145-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
145. Бірыңғай дистрибьютор тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 1-қосымша
Алдағы тендер туралы хабарландыру
нысаны
__________________________________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
мынадай тауарларды сатып алу бойынша тендер жүргізу туралы хабарлайды: __________________________________________________
(тауарлардың қысқаша сипаты және олардың саны (көлемі, сатып алу үшін бөлінетін сома)); (тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшеліктер тендерлік құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
Тауар жеткізілуі тиіс: (тауарларды беру орнын көрсету).
Тауарларды берудің талап етілетін мерзімі ___________________________________________
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 _ жылғы « « ____ № ____ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 8-9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетті ____ жылғы «___» _________ дейінгі мерзімді қоса алғанда (тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілген) мына мекен-жай бойынша: _______, бөлме № _____ сағат____ -дан_____ -ге дейін және/немесе мекен-жай бойынша ______ электрондық почтамен алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі___ (уақыты мен күні) дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер _______________ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ашылады: (толық мекенжайы, бөлменің № көрсетілсін).
Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін).
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 2-қосымша
(Кімге) ___________________________________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен) __________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға
өтінім
(кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар үшін)
_________________________________________________________________________ тендерді жүргізу бойынша
(тендердің атауы) тендерлік құжаттаманы қарап,
осы арқылы алуды куәландыратын _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға сәйкес тауарларды беруі жүзеге асыруды ұсынады: _____
________________________________________________________________________________________________
(тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау)
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
Осы тендерлік етінім мыналарды қамтиды:
1. ________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________________________________________
9. ________________________________________________________________________________________________
10. ________________________________________________________________________________________________
Мен (біз) егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, шартқа қол қойылған күнінен бастап _______ күн ішінде (толық жазу) тауарларды беруді бастауды және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды ________________ дейін (толық жазу) (күні көрсетілсін) беруді аяқтауды міндетіме аламын (мыз).
Егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, мен (біз) келісімдегі жалпы соманың _____________ пайызын құрайтын сомада сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етемін (міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде (толық жазу) жарамды.
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап осы тендерлік өтінім оны ұтып алды деп тану туралы сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметі орындалатын болады.
__________ ___________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
МО
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар
*егер шартты орындауды қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімін толтыру
нысаны
№ | Құжаттың атауы | Күні және нөмірі | Қысқаша мазмұны | Құжатқа кім қол қойды | Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме |
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін