4. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Комиссия әлеуеті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттерді екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Комиссия конверттерді ашу кезінде осы Ереженің 113 - 115 және 120-тармақтарына сәйкес рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілердің назарына Регламент жеткізіледі. Регламент бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында да орналастырылады.
110. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
111. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссияның хатшысы барлық қатысушы адамдарға ашық тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және мекенжайын, өтінімдерді құрайтын ұсынылған құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды. Бұл ақпарат тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
112. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынған тендерлік өтінімдерінің біліктілік талаптарына және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Комиссия Регламентке сай күні мен уақытына сәйкес тендерлік өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен) әлеуетті өнім берушілердің назарына ұсынады, онда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атауы;
5) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі ашу хаттамасын хабарлау күнін қоспағанда 3 (үш) жұмыс күнін құрауға тиіс;
6) екіден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі;
7) отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірі.
114. Ескертулер жойылғаннан кейін тендерлік өтінім беру кезінде қойылған талаптарға сәйкес ресімделген толықтыру түріндегі өзгертілген тендерлік өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімінің соңғы жұмыс күнінің 15 сағатына дейін комиссияның хатшысына ұсынылады.
115. Толықтырулары бар конверттерді ашу өзгерістер енгізу мерзімінің аяқталу күнінде 15 сағат 30 минутта комиссия жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
116. Өзгерістер енгізуге ұсынылған тендерлік өтінімдердің толықтыруларын зерделегеннен кейін комиссия Регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Әлеуетті өнім берушілерді ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына комиссия ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлау күні қол қоюы тиіс. Рұқсат беру хаттамасын бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атауы, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді қатыстыру туралы комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 118-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118. Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде, оның ішінде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер бір лот бойынша қатысатын болса және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін болса, комиссия осы лот бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға тек қана отандық тауар өндірушілерді қатыстырады (өтінім берілген көлемдер бойынша).
Егер екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылатын тендерде қандай да бір лот бойынша отандық өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес тек бір өтінімі берілсе не әлеуетті өнім берушінің екі және одан көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды, ал бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 119-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 119-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін тендерлік өтінімді тұтастай не лоттар бойынша, егер:
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 8 және 8-1-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника осы Ереженің 12 және 13- тармақтарының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканың мемлекеттік тіркеу тәртібіне сай келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне енгізілсе;
5) осы Ереженің 118, 123-тармақтарында көзделген жағдайларда;
6) тендерлік өтінім осы Ереженің 38, 39, 40, 40-1, 43, 49-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
7) сараптама комиссиясы әлеуетті өнім беруші ұсынған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуннобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларына (техникалық өзіндік ерекшеліктеріне) қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
8) әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жеткізу шарттары бірыңғай дистрибьютордың не осы Ереженің 88-4-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;
9) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған медициналық техниканың техникалық сипаттамасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сайтында орналасқан тіркеу құжаттамасында немесе/және тіркеу куәлігінде көрсетілген техникалық сипаттамаға және/немесе жиынтыққа сәйкес келмеген жағдайда қарамайды.
5. Ең төменгі бағаны анықтау
120. Рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 10-да (Астана қаласының уақытымен) комиссия ең төменгі бағаны анықтауға қатысатын әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын қабылдауды бастайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 122-тармақ өзгертілді
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 123-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
123. Егер баға ұсынысы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса комиссия оны, қарамайды және осы лот бойынша мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдаланылатын тендерді өткізілмеді деп таниды.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 124-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Түпкілікті баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысы хабарлаған сәттен бастап бес минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын түпкілікті ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Ең төменгі түпкілікті баға ұсыныстарының екі немесе одан да көбі бірдей болған кезде ең төменгі баға ұсынысын анықтау үшін үшінші баға ұсынысын ұсынуға болады.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 126-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің лот бойынша бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, осы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 129-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 129-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн тендер жеңімпазының техникалық ерекшеліктерінің көшірмелерімен қоса беріп, қағаз және doc* форматындағы электрондық түрде тендердiң қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiлердiң тендер жеңiмпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрi - сатып алу шарты) жасасуы үшiн қабылдау-беру актiсi бойынша тапсырыс берушiлерге беруге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-2-тармақпен толықтырылды
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 130-1-тармақпен толықтырылды
130-1. Егер сатып алу осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілдермен жүргізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы медициналық техниканы жеткізушіні айқындамаса, құндық мәндегі жылдық көлемі бір айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын медициналық техниканы сатып алуды Ережеге сәйкес тапсырыс берушілер жүзеге асырады.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана берілгенде не әлеуетті өнім берушілер олардың біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы Ереже талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп өтінім берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы аталған отандық тауар өндірушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейту жағына, сондай-ақ сатып алуға, төмендемейтін қорды толықтыруға қарай сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Аталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады. Сол қаржы жылында сатып алу жеткізу шарты жасалған сол жеткізушіден жүзеге асырылатын болса, тапсырыс беруші жасалған шартқа 132-тармақта көзделген тиісті өзгерістер мен құжаттарды енгізеді. Бірыңғай дистрибьютор бірыңғай дистрибьютордан ұсыныс алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша бас тарту алған кезде, ұсыныстар басқа әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі.
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының немесе сатып алу шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бұзылған жеткізу шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қалдық көлеміне осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
6) ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасында тек бір ғана:
халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты;
аналогы жоқ медициналық мақсаттағы бұйым;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдардан сатып алу кезінде.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы осы Ереженің 131-тармағының 1) -5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіден (осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына, 11-2-тарауына сәйкес шарт жасалған өнім берушілерді қоспағанда) мыналарды сұратады:
1) баға ұсынысы;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде, бұдан бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьютор мен медициналық техниканы ұйымдастырушыға осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 132-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 132-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132-1. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 132-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 132-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 132-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132-2. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде азаматтық-құқықтық шарт 1 жылға дейінгі мерзімге мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша ұқсастықтары жоқ тек бiр ғана дәрiлiк зат тіркелгенде немесе құрамы бойынша халықаралық патенттелмеген атауы болмаса;
2) Қазақстан Республикасында ұқсастықтары жоқ бiр ғана медициналық мақсаттағы бұйым тіркелгенде жасалады.
Азаматтық-құқықтық шарт мынадай:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша дәрiлiк заттың ұқсастықтары тіркелген;
2) Қазақстан Республикасында медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұқсастықтары тіркелген;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен алып тасталған;
4) дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымды Қазақстан Республикасында тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайларда бұзылуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 132-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.06.06. № 582 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-3-тармақ өзгертілді
132-3. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) мыналарды сұратады:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
2) осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар;
3) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостильденген құжат.
Егер шетелдік өндірушінің (өндіруші-зауыт) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болған жағдайда, онда өкілдікті/филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, өкілдік/филиал туралы ереже ғана ұсынылады;
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 132-4-тармақпен толықтырылды
132-4. Осы Ереженің 131-тармағының 8) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған ұйым мыналарды ұсынады:
1) баға ұсынысы;
2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының ұйымды құрғанын растайтын құжаттар;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелмегенін және олардың Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, осы Ереженің 12-тармағының 1-4) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
4) дәрілік заттардың шығу тегі сертификаты, өндіруші зауыттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігін жоғарылатудан өткенін растауы, жарамдылық мерзімі бойынша және сақтау шарттары бойынша кепілхаттар.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)