2. Жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мəліметтерді бірыңғай республикалық электрондық базаға енгізу үшін ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде беруге міндетті.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы қолданысқа енгізілген кезге дейін жүзеге асырады.
3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар кəмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жəне кəмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды жекешелендіруге құқылы.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайларға да қолданылады.
4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өздеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайларда жалдау шарты бойынша тұратын жұмыскерлері, оның ішінде еңбек қатынастарын тоқтатқан жұмыскерлері, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кəсіпорындарда немесе осы ұйымда кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе не еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына;
2) жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін жəне оны жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сəйкес келмеуіне;
3) зейнеткерлікке шығуға байланысты тоқтатылса, еңбек өтіліне қарамастан, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жекешелендірген Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жекешелендіруге құқылы.
6. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы 4), 5) жəне 6) тармақшаларының талаптарына сəйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алу құқығын сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 22 қараша
№ 138-VIII ҚРЗ