7. Астананың тұрғын үй қорын есепке алу жəне күтіп-ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.»;
16) 68-бап 11) тармақшасындағы «отбасылар жатады.» деген сөздер «отбасылар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) асырауында кəмелетке толмаған балалары жəне жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кəсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір əйелдер (тұл ер адамдар) жатады.»;
9-тармақтың 17) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаж деп тану
1. Кəмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, егер:
1) бірыңғай республикалық электрондық базаға жəне «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде жəне мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде жəне мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
2. Кəмелеттік жасқа толуы туралы талап кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды. Мұндай адамдарды əскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді əскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.
3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдаушы (қосымша жалдаушы) сияқты негіздер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп таныла алмайды.
4. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес коммуналдық меншікке береді.»;
9-тармақтың 18) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
18) 10-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
9-тармақтың 19) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
19) 71 жəне 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы
1. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің осы Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларына сəйкес осы елді мекенде тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жəне олардың отбасы мүшелерінің «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сəйкес дербес деректерін жинауға жəне өңдеуге келісімін алуға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уəжді бас тартуды жібере отырып, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды жəне өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының азаматына, қандасқа электрондық пошта арқылы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы оның абоненттік нөміріне мəтіндік хабар түрінде жіберіледі.
2. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы кезінде соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеу талап етіледі. Көрсетілген талап кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
3. Жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап не патронат тəрбиешімен, баланы қабылдайтын ата-аналармен шарт жасасқан күннен бастап үш ай ішінде баланы жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың бастапқы есепке қойылған жері бойынша не заңды өкілінің нақты тұратын жері бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға міндетті.
Баланы қабылдайтын отбасы бала асырап алудың, қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың, патронаттық тəрбиенің күші жойылғаннан кейін жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарына, медициналық немесе басқа да ұйымға қайтарған жағдайда, балалар асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға, патронаттық тəрбиешіге, баланы қабылдайтын ата-анаға берілгенге дейін олар тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде қалпына келтіріледі.
Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар облыс шегінде тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдың бастапқы күні сақтала отырып, тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады.
Тұрғылықты жері ауысқан кезде жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою осы баптың 1 жəне 2-тармақтарына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кəсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар етіп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік кəсіпорынның мүліктік кешені мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жағдайда, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері ретінде тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кəсіпорынның жұмыскерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері деп танылады.
5. Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға жол берілмейді.
6. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдерін түгендеу ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жаңартылған тізімдерін жариялай отырып, тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:
1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары бар болған немесе болған;
2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
3) мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
5) ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде анық емес деректер болған;
6) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған жəне жекешелендірген;
7) олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.»;
9-тармақтың 20) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
20) 73-бапта:
тақырып жəне 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару негіздері
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару:
1) осы Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер болмаған;
2) басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кеткен;
3) мемлекеттік мекемедегі немесе мемлекеттік кəсіпорындағы еңбек қатынастарын тоқтатқан;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған;
5) тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер ретінде анық емес деректерді қамтитын құжаттар жəне (немесе) мəліметтер ұсынған;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;
7) соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сəйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған;
8) соттың заңды күшіне енген шешімімен хабарсыз кетті деп танылған;
9) қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда:
1) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кəмелетке толғанынан кейін;
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
4) толық емес отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар;
6) жесір əйелдер (тұл ер адамдар) балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылуға жатпайды.»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 21) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
21) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес, кіріс деңгейіне жəне тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады.
Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың құқықтары тең деп танылады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасылардың, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, жесір əйелдердің (тұл ер адамдардың) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде тұрғынжай бөлінетін жыл аясында бірінші кезекте құқығы болады, оларға жалпы тұрғынжайлар көлеміндегі тұрғынжайдың кемінде жетпіс пайызы беріледі.
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын əлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды.
3. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, осы Заңның 68-бабының 10) тармақшасында айқындалған санатқа жататын Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар бір жылдан кешіктірмей тұрғынжайлармен қамтамасыз етеді.
4. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды.»;
22) 75-бапта:
4-тармақ «азаматтарға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Осы баптың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берудің осы бапта белгіленген нормалары Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тұрғынжайға мұқтаждығын анықтау мақсатында олардың меншік құқығындағы тұрғынжайларының жеткіліктілігін бағалауға қолданылмайды.»;
23) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасыларға, қарттарға, денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың тілегі ескеріле отырып төменгі қабаттардан, лифтілері бар көппəтерлі тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екінші қабаттан жоғары емес қабаттан беріледі.»;
9-тармақтың 24) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
24) 77 жəне 78-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кəсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
1. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің жəне үш данада жасалатын тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік мекемеде сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі жəне тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
2. Мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің жəне үш данада жасалған тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік кəсіпорында сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі жəне тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
3. Осы Заңның 67-бабының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тұрғынжай беретін мемлекеттік мекемеге мемлекеттік органдардың тұрғынжайға мұқтаж адамдарының тұрғын үй комиссиясы бекіткен тізімдерін жібереді. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының шешімі тұрғынжайға мұқтаж адамдардың мемлекеттік орган ұсынған тізімдері негізінде қабылданады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында ай сайын жарияланады.
Соңғы жиырма төрт айдағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың талап етуі бойынша танысу үшін беріледі жəне ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар тізімдерінің нысандары:
бірыңғай республикалық электрондық базаға, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою күнін;
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасының түрі мен берілген күнін қоса алғанда, оны алу негіздерін қамтиды.
3. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес осы Заңда көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жəне уəкілетті органға бірыңғай республикалық электрондық базаға, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына қолжетімділікті ұсынуға міндетті.»;
25) 90-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«90-бап. Уақытша болмаған жалдаушыға тиесілі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалану»;
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайда немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайда осы Заңның 86-бабына сəйкес тұрғынжай өзінде сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса, жалға алушы жалға берушінің жазбаша келісімі бойынша тұрғынжайдың сақталу мерзіміне тұрғынжайға қосымша жалдау (уақытша тұрғызу) шарты бойынша уақытша тұрғындар кіргізуге құқылы.»;
екінші бөлікте:
«мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзіне сақталатын тұрғын үйге» деген сөздер «өзіне сақталатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үйді», «қорындағы тұрғын үй жалға алушыға» деген сөздер тиісінше «тұрғынжайды», «қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай жалға алушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «басқа тұрғын үй» деген сөздер «басқа тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған басқа тұрғынжай» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 95-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тану салдарынан жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту
Жалға алу (қосымша жалға алу) шартында көрсетілген жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кəмелетке толған мүшесi жалға алушының (қосымша жалға алушының) жəне отбасының кəмелетке толған қалған мүшелерiнiң келiсiмiмен жалға берушіден бұрын жасалған жалға алу (қосымша жалға алу) шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына өзін жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған (қаза тапқан), заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған, заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған не соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сəйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған жағдайларда, жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасының жалға алу (қосымша жалға алу) шартында көрсетілген кəмелетке толған кез келген мүшесіне нақ осындай құқық тиесілі болады.