Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары ауыл шаруашылығы малының әр түрі бойынша біреуден құрылады.
6. Асыл тұқымды малдардың бір тұқымын немесе қойлардың, жылқылардың және құстардың өнімділік бағыттары бойынша өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жеке республикалық палатаны құру жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату шартымен жүзеге асырылады.
7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:
1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;
2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);
3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері
1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.
2. Алқалы орган - республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады.
Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды.
3. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін бір жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.
4. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.
5. Республикалық палата кеңесіне ғылыми-бейінді ұйымдардың өкілдері мен республикалық палатаның мүшелері кіреді.
6. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.
7. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.
8. Республикалық палата кеңесі:
1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Атқарушы орган:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
2) уәкілетті орган бекіткен, малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес асыл тұқымды малдардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындайды;
3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктер беруді (жоюды) жүзеге асырады;
4) импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;
5) бюджет қаражаттары шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) субсидиялар бөлу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді;
6) таза асыл тұқымды малдар бойынша асыл тұқымдық кітаптарды бөлек жүргізеді және басып шығарады;
7) бонитирлеу (бағалау) туралы деректерге мониторингті жүзеге асырады және мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабарлайды;
8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе мен асыл тұқымдық куәлік беруді - республикалық палатаға мүшелігіне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші негізінде республикалық палата жүзеге асырады.
Асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар берген асыл тұқымдық куәліктер республикалық палата осындай асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе бергенге дейін өз күшін сақтайды.».
5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «рұқсат етiлген», «жiберiлген» және «жiберiлетiн» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) асыл тұқымды мал - республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал;
4) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;»;
22) тармақша алып тасталсын.
6. «Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бал араларының тұқымдарын сақтау және жақсарту мақсатында жеке және заңды тұлғалар бал аралар мекендейтін ареалдарда таза тұқымды асыл тұқымды бал араларын өсірумен және өткізумен айналысатын шаруашылықтарын құра алады.
3. Шаруашылықтардың төңірегінде жеті километр радиуста қорғау учаскелері белгіленеді, олардың аумағына басқа тұқымды бал аралар мен аналық бал араларды, сондай-ақ шығу тегі белгісіз бал аралар мен аналық бал араларды әкелуге тыйым салынады.».
7. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) заң жобасының бүкіл мәтіні бойынша «рұқсат етiлген» және «жіберілген» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағында:
11-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;»;
3) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
«10-2) тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;»;
4) 13-бапта:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе;
3) гендік инженерия (генетикалық жағынан түрлендірілу) негізінде алынса, оларды өткізуге және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.»;
2 және 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сұрыптық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды өткізуге, сондай-ақ егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.»;
«2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарсы төмендетілген сапа көрсеткіштері бар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемдерiн өз бетiнше айқындауға құқылы.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
6) 19-баптың 2, 3, және 6-тармақтары алып тасталсын.
8. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ауыл шаруашылығы өнiмi - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикiзаты және өнiмi, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер;»;
2) 3-баптың 1-тармағы 4) тармақшасындағы «жасау болып табылады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) органикалық өнім өндіруді дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.»;
3) 5-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) органикалық өнім өндіру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;»;
4) 6-баптың 1-тармағында:
41-3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-7) тармақшамен толықтырылсын:
«41-7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекіту;»;
5) 11-бапта:
2-тармақтың 8-4) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тірі ірі қара малды;»;
«Осы тармақты қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау (осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген өнім түрінен басқа) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 16-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
9. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) органикалық тамақ өнімі - өзінің құрамында органикалық өнім өндіру қағидаларына сәйкес алынған тамақ ингредиенттерінің кемінде тоқсан бес пайызын қамтитын, түпкілікті өнімде қалған ингредиенттердің барынша көп құрамы барлық ингредиенттер массасының (ас тұзы мен суды қоспағанда) бес пайызынан аспайтын қайта өңделген тамақ өнімі;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) тамақ өнімдері - шикiзат, тамақ өнімдері, органикалық тамақ өнімі, арнайы мақсаттағы тамақ өнiмi, ауыз су, адам тұтынатын тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активті қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарлар пайдаланатын азық және азық қоспалары;»;
2) 6-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы «қауіпсіздігін» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасына сәйкестігін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті» деген сөздер «санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы және» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
үшінші абзац «тиіс» деген сөзден кейін «, органикалық өнім өндіру саласындағы және» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «органикалық өнім өндіру саласындағы және» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «тиісті» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді және» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «органикалық өнім өндіру саласындағы және» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы «регламенттердің» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) органикалық тамақ өнімін Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісімен таңбалауға;»;
4) 16-баптың 2-тармағы «13-бабының 3-тармағында» деген сөздерден кейін «және 26-1-бабында» деген сөздермен толықтырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Органикалық тамақ өніміне қойылатын арнайы талаптар
1. Органикалық тамақ өнімін өндіру Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Органикалық тамақ өнімі осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде ғана органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады.».
10. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат):
25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) егер өнім Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес органикалық өнім болып табылса, оған жатқызу туралы мәліметтерді;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 27-і.
№ 424-V