2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) денсаулық сақтау субъектісі эпидемияның, карантиндiк объектiлер мен аса қауiптi зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттiк аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындағаны немесе туындау және таралу қатерi туралы беретін ақпарат (шұғыл хабархат) негіздер болып табылады.
4. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда, объектiлерге жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүргiзiледi.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшесінің ақпаратты (шұғыл хабархатты) алуы негіз болып табылады.
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Жалған пестицидтердi өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар етпестен жүргiзiледi.
8. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы акт тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметті әділет органдарында немесе тіркеуші органда тiркелместен жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 145-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
145-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тексеруді мемлекеттік орган тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.
2. Тексеру тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрі;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі көрсетіледі.
дағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жағдайында, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;
6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімі;
8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
10) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 146-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
146-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу
1. Мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.
Мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтық қарсы тексерулерді жүргізу кезінде тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы органдарды хабардар етеді.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда бақылау және қадағалау субъектiсінiң (объектісінің) тұрған жерiндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оларды ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну жолымен тiркейдi.
Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2-1), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қажеттiгi қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiгiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2-1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 3-1), 4), 9), 10) және 13) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы олар басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне хабарлауға міндетті.
Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы хабарламаны қолма-қол табыс етеді, табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.
Осы тармақтың күші вакциналар әкелуді, сапасы мен қауіпсіздігіне сараптаманы, сатып алуды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жүргізілетін тексерулерге қолданылмайды.
2. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтарды тікелей жасау кезінде олардың жолын кесу қажеттілігіне қарай жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
3. Бақылау және қадағалау органының объектіге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау үшін келген лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгі қойылған тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдi объектілерге баруға арналған рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен берiлген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісін тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағымен таныстыру күні тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу үшін қажетті материалдарға қол жеткiзуiне кедергі келтiрiлген жағдайларда хаттама жасалады. Хаттамаға бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебіне жазбаша түсiнiктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізбеуге негіз болып табылмайды.
5. Тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізе алады. Бұл ретте тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетіле отырып хабардар етiледi.
6. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Нақ сол мәселелер шеңбері бойынша бірнеше бақылау және қадағалау субъектісіне бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының болуы;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мыналар:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдарының бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
8) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексеруді қоспағанда, осы орган әрбір бақылау және қадағалау субъектісіне тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркеуге мiндеттi.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 148-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)