29) 155-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларының орындауын бақылауды жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен бірлесе отырып, уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.»;
30) 156-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері мен шарттары Республикалық палатамен келiсу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы қағидаларда айқындалады.»;
31) 16-тараудың 3-параграфы мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын:
«156-1-бап. Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері
1. Жеке сот орындаушысы лицензиясы бар көмекші жеке сот орындаушысы қабылдаған процестік шешім және оның тапсырмасы бойынша:
1) атқарушылық іс жүргізудің процестік және өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеуге;
2) атқарушылық іс жүргізу тараптарына шақыру қағаздарын, хабарламаларды және өзге де құжаттарды жеткізуге және тапсыруға құқылы.
2. Жеке сот орындаушысының көмекшісі өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге міндетті.»;
32) 16-тараудың 5-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.
Республикалық палата
161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
1. Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.
2. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.
162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері
1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:
1) осы Заңның 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар береді;
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуді жүргізеді;
3) Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
163-бап. Республикалық палата
1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.
2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.
3. Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.
163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері
1. Республикалық палата:
1) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;
3) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
4) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;
5) жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;
6) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша растау құжаты беріледі;
7) жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;
8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өзі келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді жеке сот орындаушысының орындауын қамтамасыз етеді;
9) жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
10) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;
12) талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;
13) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Республикалық палата осы Заңда және өз жарғысында айқындалған, өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.
3. Республикалық палата уәкілетті органға тоқсан сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат береді.
164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары
1. Республикалық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
1) съезд - жоғары басқару органы;
2) төралқа - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган.
2. Төралқа құрамына уәкілетті органның үш өкілі кіреді. Оларды сайлауға және босатуға съездің құзыреті қолданылмайды.
3. Республикалық палатада өз жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру
Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру міндетті жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Жарналарды төлеу тәртібі, олардың мөлшерлері және төлеу мерзімдері Республикалық палата жарғысында айқындалады.»;
33) 167-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;»;
34) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті
1. Уәкілетті органның аумақтық органы:
1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыну енгізеді;
3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыну енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның аумақтық органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорытады;
3) осы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
4) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді.
3. Уәкілетті органның аумақтық органының өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға құқылы.»;
35) 169-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
«3. Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
36) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын сақтамағаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) Республикалық палатадан шығару.
2. Уәкілетті орган тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау уәкілетті орган өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
3. Жеке сот орындаушыларына тәртіптік жауаптылықты басқарма төрағасы немесе жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы қолданады.
4. Тәртіптік жазаларды қолдану және оларды алып тастау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.»;
37) 171 және 172-баптар алып тасталсын;
38) 16-тараудың 6-параграфы мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын:
«172-1-бап. Республикалық палатадан шығару
Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:
1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған;
2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;
4) ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;
5) өз еркі бойынша;
6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.»;
39) 174-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«174-бап. Өтпелі ережелер
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.
2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.».
93. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналарды:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдарын;
4) жануарлар мен өсімдіктерді;
5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішіндесатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.».
94. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
94-тармақтың 1) тармақшасы 2015 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 76-баптың 1-тармағының 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыруды алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің көлемі асыра орындалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы асыра орындалған міндеттемелердің көлемдерін келесі есепті кезеңдерге түзетуді (есепке жатқызуды) жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қазақстандық өндірушілер болмаған жағдайда, шетелдік өндірушілер көрсететін осы жұмыстарды қаржыландыру құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметке, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты емес, қосылған құны жоғары (қайта жасалуы жоғары) өнім алуға бағытталған қызметке байланысты жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, өндірістік қызмет шеңберінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді (технологиялық циклді) қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерге іс жүзінде жұмсаған шығыстары және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары аталған жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;»;
2) 92-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұңғымалар салуға арналған жобалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітетін техникалық-экономикалық негіздемелерді жасау, сондай-ақ тиісті жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және оған сараптама жасау жөніндегі арнайы нормативтік талаптар ескеріле отырып әзірленеді.»;
3) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз
1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру енгізілуге және ол «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін қамтуға тиіс.»;
4) 115-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.».
95. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
14-баптың 1-тармағының 39), 40) және 41) тармақшалары алып тасталсын.
96. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
6-баптың 13) тармақшасы және 7-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын.
97. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 г., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақылау және қадағалау органдары - тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын, орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар;»;
«3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - бақылау) - тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) - тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) реттеуші мемлекеттік органдар - мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері - тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тәуекелдерді бағалау жүйесі - тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
6-2) тексерілетін объектілер - бақылауға және қадағалауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік;»;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау осы Заңға қосымшада көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
7. Осы Заңға қосымшаға жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
8. Осы баптың 7-тармағының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.»;
3) 5, 10 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптар
Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгіленеді.»;
«10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары
1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексеру нысанында;
2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипатындағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.
Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін емес бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары: