59-бап алып тасталсын.
5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; 19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2015 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-қосымша мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».
2-бап. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын және 2) тармақшасын, 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 14-і.
№ 445