Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1054 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпы алаңы 30044 гектар жер учаскелері Риддер және Зырян мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан алынып, олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлерінен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына көшірілсін, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жердегі мекеме жерінің шекарасын белгілесін.
4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде осы аумақтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын.
5. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолдың 3-бағанындағы «56078» деген сандар «86122» сандармен ауыстырылсын.
6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 қарашадағы
№ 1054 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік
мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Шығыс
Қазақстан облысының Риддер қаласы мен Зырян ауданының
аумағында берілетін жерлердің экспликациясы
Р/с № | Жер- дің ата- уы | Жалпы көлемі, га | Оның ішінде |
Мемлекеттік орман қорының жерлері | оның |
орманды жерлер | орманды емес жерлер |
барлығы | оның ішінде |
шабындықтар | жайылымдар | сулар | басқа жерлер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. | Риддер мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің Қара Үлбі орманшылығы | 20662 | 20662 | 18084 | 2578 | 20 | 1417 | - | 1141 |
2. | Зырян мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің Төменгі Тұрғысын орманшылығы | 9382 | 9382 | 4437 | 4945 | - | 2855 | 40 | 2050 |
| Барлығы | 30044 | 30044 | 22521 | 7523 | 20 | 4272 | 40 | 3191 |