2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi
12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi
1. Жеке тұлғалар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
4) қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметіне қатысуға;
5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желілердің жай-күйі мен олардың жұмыс істеу мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi
1. Заңды тұлғалар:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер саласындағы жобаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін қызметі өтеусіз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметі мен оларды басқаруға қатысуға;
5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілердің жұмыс істеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын биоалуандылықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне енгізіледі.
3. Заңды тұлғалар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
4-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру
14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.
2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттік табиғи резерваттар;
4) мемлекеттік зоологиялық парктер;
5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
7) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттік қорық аймақтары.
3. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
2) мемлекеттік зоологиялық парктер;
3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Республикалық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштерін және ботаникалық бақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.
15-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.
2. Табиғат қорғау мекемелеріне жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат қорғау мекемелеріне жедел басқару құқығымен беріледі.
4. Табиғат қорғау мекемесін қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар және мемлекеттік дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады.
2. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен беріледі.
4. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауаптылықта болады.
Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
5. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
17-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының заңды тұлға ретінде мәртебесі болмайды және олар мемлекет қорғауында болады.
Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншігінде болатын жылжымайтын мүлік объектілерін жедел басқару құқығы өзінің қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесіне немесе мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесіне беріледі.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негізінде мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер құру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын тарату кезінде республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбелерінен алынып тасталуға тиіс.
18-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғау аймақтары
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің айналасында және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, бұл аймақтар шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелері мен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгіленеді.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерімен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындалады.
Бұл орайда меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгіленетін және жер бетінде арнайы белгілер қойылатын қорғау аймағының ені екі километрден кем болмауға тиіс.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерi (эмблемасы мен туы)
1. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздері (эмблемасы мен туы) болады.
2. Табиғат қорғау ұйымдары өздерінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуі мүмкін.
20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің негізінде қабылданады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ оларды түзетуді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.
Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесі әзірленеді, онда:
1) зерттеліп отырған аумақтың табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігі, маңыздылығы және репрезентативтілігі;
2) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйін бағалау;
3) зерттеліп отырған аумақтың мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйі, оларды сақтау жөніндегі тәуекелдер, қауіптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі шаралар;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі;
5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимінің түрлері және пайдалану айқындалады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, ол:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлерді бөлудің жерге орналастыру жобасын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын) жер учаскелерінің санаттары мен аудандарын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;
2) меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін сатып алуға және (немесе) оларды алу жөніндегі залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметті шектеуге байланысты, сондай-ақ жерді алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;
3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтіп ұстауға, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақты белгіленген функционалдық аймақтарға бөлуді, қорғалу режимінің түрлері мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;
5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристік соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды қамтиды.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Техникалық-экономикалық негіздеме жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітіледі.
21-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктердің және мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жерлері жатады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.
3. Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді.
Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.
4. Жер учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына жатқызу туралы шешімдерді:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Мемлекеттік орман қоры жерінде мемлекеттік өңірлік табиғи парк құрылған жағдайда осы жердің учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына жатқызу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік орман қорының жерін ауыстыру туралы шешімінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктерді және мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте жылжымайтын мүлік меншігіне құқық тоқтатылған жағдайда мүлікті меншік иесінен алып қою Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Табиғи кешендер толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда, төлем шартымен пайдаланылады.
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимi
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекеттік меншікте болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшінжәне шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және: