Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және
кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «салықтық тексеру нәтижелері», «Салықтық тексеру нәтижелері», «салықтық тексеру нәтижелеріне», «жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері», «салықтық тексеру нәтижелерімен», «салықтық тексеру нәтижесі», «салықтық тексерулердің нәтижесінде», «салықтық тексеру нәтижелерін», «Салықтық тексерудің нәтижелері», «Салықтық тексеру нәтижелеріне» деген сөздер тиісінше «тексеру нәтижелері», «Тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелеріне», «жүзеге асырылған тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелерімен», «тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелері туралы», «тексеру нәтижелерін», «тексеру нәтижелері», «Тексеру нәтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші - он үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу»;
5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараудың, 152-3 және 152-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
152-3-бап. Жалпы ережелер
152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
мынадай мазмұндағы 233-2, 264-1 және 273-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«233-2-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
«264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері»;
«273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері»;
369, 386, 438 және 451-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші, он алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері»;
1-тармақтың 2) тармақшасының он жетінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) тәртібі»;
1-тармақтың 2) тармақшасының он сегізінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі»;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтары алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
598-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi»;
1-тармақтың 2) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі»;
89-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау»;
1-тармақтың 2) тармақшасының жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 661-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну»;
1-тармақтың 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
672 және 682-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
«682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
3) 12-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;»;
1-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші сегізінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаты - осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат;»;
4) 13-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) есебі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарында жүргізілетін берешектің (бұдан әрі - есебі салық органдарында жүргізілетін берешек) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алуға;»;
1-тармақтың 4) тармақшасының төртінші және бесінші сегізінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсатында өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.»;
1-тармақтың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 14-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
1-тармақтың 5) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«9) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде - өткізу басталған күннен кешіктірмей;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде - тауарларды еркін айналымға шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен кешіктірмей ресімдеуге міндетті.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, пайдалану қағидаларын, оларды ресімдеу нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді;
1-тармақтың 5) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді, сондай-ақ көрсетілген деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде беруге міндетті.
Осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін электрондық жеткізгіштерде ұсыну бойынша міндеттеме мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге қатысты болады.
Бұл ретте салық төлеушінің (салық агентігінің) бухгалтерлік және салықтық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімінің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
6) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Осы тармақтың ережесі:
1) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін салықтық өтініш;
2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі;
1-тармақтың 6) тармақшасының бесінші абзацы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсынылған жағдайда қолданылмайды.»;
1-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) бухгалтерлiк және салықтық есептерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді және (немесе) электрондық жеткізгіштерде және (немесе) қағаз жеткізгіштерде беруді талап етуге;»;
1-тармақтың 8) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 20-баптың 1-тармағының 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруге;»;
1-тармақтың 9) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 35-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару туындаған күні және сенімгерлік басқару кезеңінде осы Кодекстің 134, 135, 135-1, 181, 182-баптарының, 17 және 63-тарауларының ережелері қолданылатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.»;
1-тармақтың 10) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
10) 37-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «есептілігін;» деген сөзден кейін «ұсынады.» деген сөзбен толықтырылып, 3) пен 4) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;
1-тармақтың 11) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) 37-1-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.»;
12) 37-2-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың бірінші бөлігінің 5) пен 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;
1-тармақтың 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.»;
1-тармақтың 13) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
13) 39-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) мен 3) тармақшалары және үшінші бөлігі алып тасталсын;
1-тармақтың 14) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
14) 40-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы «есептілігін;» деген сөзден кейін «ұсынады.» деген сөзбен толықтырылып, 3) пен 4) тармақшалары және үшінші бөлігі алып тасталсын;
1-тармақтың 15) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
15) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «есептілігін;» деген сөзден кейін «ұсынады.» деген сөзбен толықтырылып, 4) пен 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;
1-тармақтың 16) - 18) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 46-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Осы Кодекстің 273-1-бабын қолдану мақсатында қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңі үшін - Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылыстар алғаш рет пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады;
2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі үшін - кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күнге тура келетін салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
Бұл ретте, егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші осы баптың 2 және 3-2-тармақтарында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып кеткен сомасын салық органдарының қайтару мақсаттары үшін қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы, оның ішінде тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.»;
17) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.»;
18) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігіндегі «көтерме сатуды» деген сөздер «қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электронды сигареттерде пайдалануға арналған сұйықтықты көтерме саудада өткізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 19) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
20) 74-бапта:
1-тармақтың 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:»;
1-тармақтың 20) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтініш берілген күні шығарылады.»;
1-тармақтың 21) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 77-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
корпоративтік табыс салығы бойынша;
үстеме пайда салығы бойынша;
қосылған құн салығы бойынша;
пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша;
ірі салық төлеушінің ағымдағы және алдағы күнтізбелік жылдарға жоспарлайтын қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылатын салық тіркелімдерінің нысандарын белгілейді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер осы Кодекстің 624-бабында өзгеше белгіленбесе, салық тіркелімдері құжаттық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.»;
1-тармақтың 22) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.»;
1-тармақтың 23) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 100-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 111-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.»;
1-тармақтың 24) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 110-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай тауар-материалдық қорлардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;»;
25) 111-бапта:
1-тармақтың 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді