2-бап.
Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы, он екінші, он үшінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма жетінші және қырық бірінші абзацтарын, 12) тармақшасының үшінші - тоғызыншы, он үшінші абзацтарын, 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 22) тармақшасының он жетінші абзацын және 23) тармақшасының үшінші абзацын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, 5) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 20) тармақшасының үшінші - он бесінші абзацтарын, 7-тармағының 19) тармақшасын, 12-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын және 2) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) техникалық сараптама - өңірлік электр желісі компаниясының қолданысқа енгізілген активтерінің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуі қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, өндіріс технологиясының сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін бағалауды, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды қолданысқа енгізудің деңгейін және бөлудің дұрыстығын талдау;»;
2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 5) тармақшасының жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен техникалық сараптама қорытындысын ұсынуға;»;
3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 12) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай:
тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;
неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;
амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;
неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешім осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда ғана қабылдануы мүмкін.
Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші және (немесе) бесінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады;»;
4) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 12) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін өздері айқындайтын тәртіппен техникалық сараптама жүргізуге;».
Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
Қазақстан Республикасының пошта туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгiленген;
табиғи монополия саласына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін кiрiстер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде нарық субъектiсiнiң барлық қызметiнен түсетін кiрiстердiң бiр пайызынан аспаған жағдайдағы;
өзге де қызметтен түсетін кiрiстерi күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнің бес пайызынан аспаған жағдайдағы;
табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтi қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметтi жүзеге асыруға;»;
2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;»;
3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде нарық субъектісінің барлық қызметінен түсетін кірістердің бір пайызынан аспайтын табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасардан кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға ақпаратты алдын ала жіберуге мiндеттi.
Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасардан кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы хабарлама жіберуге міндетті.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы мамырдың 5-і.
№ 312-V