13. Өтініш берушінің және алушының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
14. Уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды адамдары атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуының дұрыстығы және оны төлеуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
15. Уәкілетті орган және халықты жұмыспен қамту орталығы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы хабарлап отыруға міндетті.»;
5) 5-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.».
7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №12, 44-құжат; 2007 ж., №24, 178-құжат; 2009 ж., №23, 111-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №6, 28-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - көп балалы анаға берілетін жәрдемақы);»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге және көп балалы анаға берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;»;
3), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «отбасы атынан» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.»;
3) 4-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы;»;
2-тармақ алып тасталсын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 5-бапта:
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш осы Заңның 4-бабында көзделген жәрдемақыға құқығы бар отбасының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар» деген сөздер «сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде өтініш берушінің тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының тағайындалған күні болып есептеледі.»;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 6-бапта:
1-2-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган өтініш берушіге жәрдемақылар тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім туралы жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу арқылы бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
2. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін және барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
3. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе анық емес деректер қамтылған құжаттарды табыс еткен адамдарға тағайындалмайды.
4. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.»;
7) 10-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы - 6,40 айлық есептік көрсеткіш;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, жәрдемақылар мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қайта қаралады, бірақ олардың тағайындалу сәтінен ерте қайта қаралмайды.»;
8) 11-баптың 3-тармағындағы «2), 3), 4)» деген цифрлар «2) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., №7, 27-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №5, 43-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат):
98-баптың 14) тармақшасындағы «зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «зейнетақы жинақтарынан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;
16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.».
9-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., №15, 78-құжат):
1) 1-баптың 19-тармағында:
2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;»;
44) тармақшада:
алтыншы және сегізінші абзацтардағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
тоғызыншы абзацтағы «2017 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздер «2018 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
екінші абзацтағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) 3-баптың 1) тармақшасындағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 28-і.
№ 369-V