5. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері спорттық жарысты өткізу күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.»;
26) 47-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшыларына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай өтеусіз негізде пайдалануға беріледі.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшылары он жыл өткен соң Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады.
2. Бір Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда бір медальдан көп медаль жеңіп алған адамдарға жергілікті атқарушы органнан бір рет тұрғынжай беріледі.»;
26) тармақшаның алтыншы - сегізінші абзацтарының күші 2014 ж. 1 қаңтарға дейін өткізілген Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарға қатысқан адамдарға қолданылмайды
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде жүлделі орын берілген кезде олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың қатысушысына осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
2-2. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде неғұрлым жоғары жүлделі орын берілген кезде олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың жүлдегерлеріне осы баптың 4-тармағына сәйкес және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.»;
3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғынжайды жергілікті атқарушы органдар спортшының тұрғылықты жеріне және алған орнына қарай республика қалаларынан береді.
4. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін мынадай шарттар белгіленеді:
1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға - үш бөлмелі пәтер;
2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге - екі бөлмелі пәтер;
3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге - бір бөлмелі пәтер.
5. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың тұрғынжай берілген чемпионы немесе жүлдегері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшысы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы допинг сынаманың нәтижесіне және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімге қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның мұрагерлеріне өтеді.
6. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан - олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.
Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
7. Жергілікті атқарушы орган Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжайды ресми шешімді немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде береді.
8. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондарына немесе жүлдегерлеріне тұрғынжай беруді қаржыландыру ресми шешімді немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
27) 50-бапта:
тақырыптағы «демеушілік пен» деген сөздер «қайырымдылық және» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «демеушілері», «Демеушілер» деген сөздер «қайырымдылық жасаушылары», «Қайырымдылық жасаушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
«50-1-бап. Бірыңғай оператор
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым бірыңғай оператор деп танылады.
2. Бірыңғай оператор қайырымдылық көмекті:
1) дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғаларды, спортшыларды, ұжымдарды (спорт командаларын) әлеуметтік қолдау түрінде;
2) демеушілік көмек түрінде;
3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласында зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға, спорттық медицина ұйымдарына олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында бөледі.
3. Бірыңғай оператордың қайырымдылық көмек көрсетудегі негізгі басымдықтары:
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиалық, арнайы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дене шынықтыруды, барлық спорт түрін дамытуға жәрдемдесу;
4) әлеуметтік салада көмек көрсету;
5) бірыңғай оператордың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар;
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы имидждік жобаларды іске асыру болып табылады.
4. Мыналар:
1) өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу;
2) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болмауы;
3) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты бөлуді қоса алғанда, кемінде сегіз жыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған қаражатты бөлу тәжірибесінің болуы;
4) бірыңғай операторды айқындау кезінде заңды тұлға банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауға тиіс, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының резиденттігі бірыңғай операторды айқындау өлшемшарттары болып табылады.
5. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсімдер;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
4) Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да түсімдер бірыңғай оператордың мүлкін қалыптастыру көздері болып табылады.
6. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын:
1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық жасаушының ерік-қалауын сақтау;
2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;
3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету;
4) қайырымдылық көмектің оң әсер етуі қағидаттары негізінде бөледі.
7. Қайырымдылық көмекті алушылар бірыңғай операторға бюджеттен тыс ақша қаражатын нысаналы пайдалану туралы есептілікті тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде ұсынады, оны бірыңғай оператордың жоғары басқару органы немесе алқалы органы бекітеді.
8. Бірыңғай оператор қайырымдылық жасаушы бекітетін алушылар ұсынған есептілік негізінде қайырымдылық көмекті пайдалану жөніндегі ақпаратты қайырымдылық жасаушы белгілеген мерзімдерде оған ұсынады.».
5. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 61-құжат):
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Лотереядан аударымдар
Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін тоқсан сайын жіберуге міндетті.».
6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 24, 94-құжат):
1-бапта:
1) 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 70-баптың 1-тармағында:
«Білім беру,» деген сөздерден кейін «дене шынықтыру және спорт,» деген сөздермен толықтырылсын;
«спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері» деген сөздер «спорт саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 161-баптың 2-тармағында:
«Білім беру,» деген сөздерден кейін «дене шынықтыру және спорт,» деген сөздермен толықтырылсын;
«спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері» деген сөздер «спорт саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар» деген сөздер «мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 26) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарының күші 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін өткізілген Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарға қатысқан адамдарға қолданылмайды.
3-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 4-тармағы 10) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 13 желтоқсан
№ 280-VI