3-тармақтағы «Ұлттық спорт түрі (түрлері)» деген сөздер «Ұлттық спорт түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-бапта:
2-тармақта:
4) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бекітуіне ұсынуға;»;
«13) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық атақтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
13-2) спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылатын құжаттарды келісуге;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;»;
22) тармақшадағы «қолданылған санкциялар» деген сөздер «дисквалификациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
3) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсынуға;»;
«13) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;»;
14) тармақшадағы «қолданылған санкциялар» деген сөздер «дисквалификациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
15-2) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатын құжаттарды келісуге;»;
9) 13-баптың 2-тармағындағы «қоғамдық бірлестік - Қазақстан Республикасының» деген сөздер «қоғамдық бірлестік болып табылатын Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 13-1-бапта:
2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10-тармақтың 10) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.»;
11) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:
«13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті
1. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс мақсаты сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық сурдлимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты құптайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті:
1) мемлекетте сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;
2) Сурдлимпиадалық ойындарда және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
3) Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
5) Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;
7) сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және лауазымдарынан босатылуын келісуді жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне тиесілі сурдлимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, «Сурдлимпиадалық ойындар» атауын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық сурдлимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.»;
12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
1. Арнайы олимпиадалық қозғалыс мақсаты мүгедектердің дене шынықтыруы мен спортын дамытуға жәрдемдесу, көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Халықаралық арнайы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын халықаралық арнайы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.
2. Қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, тиісті халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларына сәйкес және халықаралық спорт ұйымдарының құптауы негізінде, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік арнайы олимпиадалық қозғалысты басқарады.
3. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік Халықаралық арнайы олимпиадалық ойындарда, Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларынан (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардан) өкілдік етеді.
4. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.»;
13) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бар білім алушылар дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.»;
14) 16-баптың 6-тармағындағы «спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға құжаттар ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, спорт төрешілеріне, нұсқаушы-спортшыларға спорттық разрядтар мен дәрежелер, біліктілік талаптарын береді» деген сөздер «спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтар, спортшыларға спорттық разрядтар, жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру, олардан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдарға ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшыларға спорттық разрядтар, жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын және әскери қызметшілерге дәрежелер береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 19-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары дене шынықтыру - спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектерді республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастырады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру - спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, мүгедектер арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнайы олимпиадалық ойындарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады.»;
16) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық спорт түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, кадрларды даярлау, әдістемелік, медициналық және допингке қарсы қамтамасыз ету, спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, олардан айыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
17) 23-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) спорттық әдепті сақтауға;»;
18) 33-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар тиісті жарыстарға қатысуға өтініш берген мүгедек спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді, сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, қамтамасыз етуге міндетті.»;
«3. Сыныптау жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады.»;
5-тармақтағы «Халықаралық сурдлимпиада комитетінің» деген сөздер «Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 35-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай спорттық сыныптама спортшыларға мынадай спорттық атақтар, разрядтар және жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақ көздейді:»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери қызметшілерге мынадай дәрежелер беріледі:
1) «Үздік»;
2) 1-дәрежелі «Спортшы жауынгер»;
3) 2-дәрежелі «Спортшы жауынгер».
3. Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорттық разрядтарды, біліктілік санаттарын және дәрежелерді беру нормалары мен талаптарын - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары белгілейді.»;
4-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне мынадай біліктілік санаттары беріледі:
1) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;»;
20) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру
Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру төменде санамаланған фактілердің бірі:
1) спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру үшін негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпаратты беру;
2) допингке қарсы қағидаларды бұзу анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
21) 38-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықаралық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
6. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.»;
22) 40-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке техникалық және кәсіптік дене шынықтыру немесе жоғары дене шынықтыру білімі бар адамдар жіберіледі.
«Қазақстан Республикасының спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» не «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтары, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі бар, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен адамдар да дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке жіберіледі.»;
23) 44-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бір немесе бірнеше мынадай бұзушылықтар:
1) спортшының (спорттық жарысқа қатысатын жануардың) организмінен алынған сынамада тыйым салынған субстанцияның немесе оның метаболиттерінің немесе маркерлерінің болуы;
2) допингті пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену;
3) допингке қарсы қағидаларға сәйкес хабарламаны алғаннан кейін дәлелді себептерсіз сынаманы алуға келуден бас тарту немесе сынаманы алуға келмеу немесе сынаманы алудан өзгеше түрде жалтару;
4) өзінің тұрған жері туралы талап етілетін ақпаратты бермеуді және ақылға қонымды қағидалар негізінде тағайындалатын тестілеуге келмеуді қоса алғанда, спортшының жарыстан тыс тестілеу үшін қолжетімді болуына қатысты талаптарды бұзу;
5) допинг-бақылаудың кез келген кезеңінде бұрмалау немесе бұрмалауға әрекеттену;
6) допингке ие болу;
7) допингті тарату;
8) кез келген спортшыға (спорттық жарысқа қатысатын жануарға) тыйым салынған субстанцияны енгізу немесе енгізуге әрекеттену немесе оған қатысты тыйым салынған әдісті қолдану немесе қолдануға әрекеттену немесе допингке қарсы қағидаларды бұзуға немесе кез келген бұзуға әрекеттенуге байланысты көмектесу, көтермелеу, жәрдемдесу, арандату, жасыру немесе кез келген өзге нысанда бірге қатысу допингке қарсы қағидаларды бұзушылық болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді терапиялық пайдалану жөніндегі халықаралық стандартына сәйкес берілген допингті терапиялық пайдалануға рұқсат болған не осы баптың 2-тармағының 1), 2), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін осындай рұқсатты беруге мүмкіндік беретін, көрсетілген халықаралық стандартта көзделген мән-жайлар болған кезде допингке қарсы қағидаларды бұзушылық болып табылмайды.»;
5-тармақтағы «Ұлттық допингке қарсы орталықта» деген сөздер «Ұлттық допингке қарсы ұйымда» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 8-тарау мынадай мазмұндағы 44-1 және 44-2-баптармен толықтырылсын:
«44-1-бап. Ұлттық допингке қарсы ұйым
Ұлттық допингке қарсы ұйым деп спортта допингті болғызбау және онымен күресу, допинг-бақылауды ұйымдастыру мақсатында құрылған мемлекеттік кәсіпорын түсініледі.
Ұлттық допингке қарсы ұйым:
1) допингке қарсы қағидаларды әзірлеуге қатысады;
2) допинг-бақылауға жататын спортшылардың және (немесе) жануарлардың тізімін қалыптастырады және оларды допингке қарсы қағидаларға сәйкес тіркейді;
3) допинг-бақылауға жататын спортшылардың және (немесе) жануарлардың тізімін спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерацияларына ұсынады;
4) допингке қарсы қағидаларға сәйкес допинг-бақылауды жүргізеді;
5) допингке қарсы дерекқорға спортшылар және спорттық жарысқа қатысатын жануарлар туралы мәліметтерді енгізеді;
6) ерекше жағдай түрінде допингті терапиялық пайдалануға рұқсат береді;
7) допингке қарсы қағидаларды бұзды деп айып тағылатын спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, спорттық медицина жөніндегі мамандарға, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандарға қатысты тергеп-тексеру және тыңдау жүргізеді;
8) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясына, спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына, Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымға, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға допингке қарсы қағидалардың ықтимал бұзылуы, қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер береді;
9) осы Заңның 44-бабы 6-тармағының 1), 4), 6), 7) және 10) тармақшаларында көзделген шараларды жүргізеді;
10) осы Заңға және допингке қарсы қағидаларға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
44-2-бап. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін шаралар
1. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін:
1) спортшыны, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды дисквалификациялау көзделеді.
Спортшыны, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды дисквалификациялау Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
2) спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алу;
3) жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның жауаптылығы;
4) спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы ақшалай қамтылымды төлеуді тоқтату;
5) спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорт түрлері бойынша құрама командаларының құрамынан шығару көзделеді.
2. Допинг пайдаланған немесе пайдалануға әрекеттенген жағдайда спорттық нәтиже жойылғаны үшін:
1) спорттық атақтан, разрядтан, біліктілік санатынан айыру;
2) ақшалай көтермелеуді алған кезде жеке және (немесе) бас жаттықтырушы болмаған бірінші жаттықтырушыларды қоспағанда, спортшылардың және олардың жеке жаттықтырушыларының, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) бас жаттықтырушыларының ақшалай көтермелеуді қайтаруы;
3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеуді тоқтату;
4) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионымен немесе жүлдегерімен тұрғынжайды пайдалану шартын бұзу көзделеді.»;
25) 45-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін қайта қарау жүргізіледі.