Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.
Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.»;
68) 310-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан болатын кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.»;
10-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе), бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен кіріс, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ұлттық оператор газды осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген орган бекіткен баға бойынша мемлекеттің басым құқығы шеңберінде сатып алса, онда мұндай газды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 86-бабына сәйкес айқындалады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша кірісті өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.»;
69) 314-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы және 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;»;
«2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.»;
70) 317-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.»;
71) 318-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің мақсаты үшін коммерциялық табу туралы хабарлау тиісті келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның пайдалы қазба қорларын бекітуін білдіреді.»;
72) 319-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу кезінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы хабарлаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
73) 320-баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.»;
74) 323-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде - осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазба қорларының қосымша көлемдерiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;»;
75) 327-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді және бюджетке:
1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде;
2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде төлем түрінде төлеуге жатады.»;
76) 328-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген сома 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.»;
77) 334-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.»:
бесінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.»;
төртінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Е - тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;»;
78) 338-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.»;
төртінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;»;
алтыншы бөліктің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:»;
«Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;»;
сегізінші бөліктің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiндегі күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:»;
«Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;»;
2-тармақтың 79) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
79) 342-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Р/с № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, %-бен |
1 | 2 | 3 |
1. | Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас | 2,5 |
2. | Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы | 4,7 |
3. | Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас | 5,6 |
4. | Емдік балшықтар | 10,6 |
2. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:
Р/с № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, АЕК-пен |
1 | 2 | 3 |
1. | Осы кестенің 2-12-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы | 1,000 |
2. | Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы | 0,001 |
3. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы | 0,001 |
4. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол: | |
4.1. | пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
4.2. | жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
5. | Өндірістік-техникалық жерасты сулары | 0,003 |
6. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 97-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
7. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
8. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
9. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
10. | Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
11. | Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
12. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда) | 0,250 |
3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең үлкен мөлшері қолданылады.»;
2-тармақтың 80) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
80) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi
1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде онда:
1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;
2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.
5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.