Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 4-тараудың тақырыбы өзгертілді
4-тарау. Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 22-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі
Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, онда осы ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 23-бап өзгертілді
23-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 24-бап өзгертілді
24-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 25-баптың тақырыбы өзгертілді
25-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Қорғаншылық белгіленген баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын он төрт жасқа толмаған бала қорғаншысының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер оның ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықса және бұл орайда ата-ана болу құқықтарынан айрылса;
2) басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ата-анасының екеуі де қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, ата-анасы азаматы болған мемлекеттегі ағайын-туыстары асырап алудан бас тартса не бала олардың асырап алуын қаламаса Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады;
3) ата-анасының біреуі қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, баланың азаматтығы екінші ата-анасының қалауымен анықталады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес; 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Асырап алынған жағдайда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайды.
Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғал туына не одан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және ерікті қалауы бойынша ғана жол беріледі.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде оның келісуінің қажеттілігі
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда, сондай-ақ асырап алған немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіппен баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 5-тараудың тақырыбы өзгертілді
5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің және мемлекеттік
органдарының азаматтық мәселелер жөніндегі өкiлеттiгi
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 29-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 29-бап өзгертілді
29-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы;
осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы шешімдер қабылдайды;
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 30-бап жаңа редакцияда; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi
Iшкi iстер органдары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жiбередi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тiркейдi;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;
4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.
2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді; 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері:
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркейді;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүргізеді;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтайды.
Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері болмаған жағдайда бұл органдардың функцияларын тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері орындайды.
6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру тәртібі
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар осы Заңның 30 және 31-баптарында көрсетілген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Арызды немесе ұсынысты қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алуды тіркеу мәселелері жөніндегі өтініштер ішкі істер органдарына беріледі.
17.05.02 ж. № 322-II; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оның Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру және одан шығару туралы арыз берген кезде оның келісімі болуы міндетті, келісім жазбаша түрде білдіріліп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландыруға тиіс.
Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы өтініш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етілуге, онда баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетілуге тиіс. Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырады.
Егер арыз беруші арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене кемістігі салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариусы, шетелдегi мекемесi арызға тиісті жазба жасайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішке өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар бойынша қорытындылар
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, шетелдегi мекемелерi өздерінің арыздар бойынша қорытындылары немесе азаматтық мәселелер жөніндегі ұсыныстарын азаматтыққа қабылдау туралы өтініш жасаушы адамның осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы жазбаша міндеттемесімен бірге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жібереді.
Сыртқы iстер министрлiгi және Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша қорытындыларда азаматтардың немесе ұйымдардың елеулі мүдделерімен байланысты өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның қылмыстық қудалануы, сотталғандығы не оның заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия
Осы Заңның 29-бабында көрсетілген азаматтық мәселелерді алдын ала қарау үшін Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелер жөнінде комиссия құрады.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қараған кезде Комиссия арыз берушінің дәлелдеріне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттік органдар қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиісті түрде ресімделген айғақтарына жан-жақты баға береді.
Комиссия өзі жүргізіп отырған іс жөнінде тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден құжаттар мен материалдар талап етуге қақылы, олар қажетті ақпаратты комиссия белгілеген мерзімде табыс етеді.
Комиссия әрбір арыз немесе ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізеді.
Егер Комиссия мәжілісіне оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады. Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 36-бап өзгертілді
36-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі актілер
Азаматтыққа қабылдау, оны өзгерту мәселелерi жөнiнде және өтiнiш қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығарылады.
Азаматтық мәселе жөнінде қайталап берілген арыз бұл мәселе жөніндегі осының алдындағы шешімнен кейін бір жыл өткен соң қаралады. Іс үшін арыз берушіге мәлім болмаған және мәлім болуы мүмкін болмаған елеулі мән-жайлар туған ретте қайталап жасалған өтініш ертерек те қаралуы мүмкін.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 37-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді
37-бап. Азаматтық алу және оны тоқтату мерзімінің есептелуі
Қазақстан Республикасы азаматтығына:
- азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
- кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тіркелген күні;
- жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні ие болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы соттың үкімі заңды күшіне енген күні;
- осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттік органдардың оны жоғалтқанын тiркеген күнi;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Республика территориясында тұру мерзімінің есептелуі
Осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көрсетілген республика территориясында тұру мерзіміне:
егер адам армияға дейін Республика территориясында тұрып, армиядан босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, армияда қызмет еткен уақыты;
егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;
егер командировканың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге командировкаға барған уақыты есептеледі.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне Қазақстан Республикасының соты және (немесе) басқа да мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика аумағында іссапарда, емделуде болған мерзімі және уақытша тұрудың басқа да жағдайлары есепке алынбайды.
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
7-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен 39-бап өзгертілді; 17.05.02 ж. № 322-II ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді; 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі шешiмдердi орындаушы органдар
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелер жөніндегі шешiмдердiң орындалуы құжаттандыру және паспорттар мен жеке бас куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi органға, басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жүктеледi.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi орган, не шетелдегi мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн және (немесе) паспортын тапсырады. Он алты жасқа толмаған баланың құжаттарында оның азаматтыққа қатыстылығы туралы жазба жасалады.
Қазақстан Республикасында тұратын, азаматтығы тоқтатылған адамдарға iшкi iстер органдары азаматтығы жоқтығы туралы куәлiк бередi.
40-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылау
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Азамат болу туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныштылық реті бойынша жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым берілуі мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 9-тарау жаңа редакцияда
9-тарау 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының