2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар сотталған адамның жеке өмірі туралы өздеріне мәлім болған мәліметтерді оның келісімінсіз жариялауға құқылы емес.
Көрсетілген талапты бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3-тарау. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
9-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
1. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, оларды түзеу құралдарын қолданудың заңдылығын, сондай-ақ құқықтық қорғауды және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етедi.
2. Сотталғандар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қылмыстық кодексінде және өзге де заңдарында белгіленетін шектеулермен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтарына ие болады және міндеттерін атқарады.
3. Сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
4. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтарын шектеу жазалардың және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының нақты түрін орындау тәртібі мен шарттары негізге алына отырып, осы Кодексте айқындалады.
5. Сотталғандарды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.
6. Сотталған адам жазаны орындайтын мекемеге немесе органға келіп түскен кезде, әкімшілік сотталған адамға оның құқықтары, міндеттері және құқықтық шектеулер туралы ақпаратты, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын жазбаша түрде беруге және қолын қойғызып, түсіндіруге міндетті.
10-бап. Сотталғандардың негізгі құқықтары
1. Сотталғандардың:
1) жазаны орындайтын мекемелерден немесе органдардан жазаны өтеу тәртібі, шарттары және олардың өзгеруі туралы ақпарат алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтінішхатпен жүгінуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігіне, олардың жоғары тұрған органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жүгінуге;
4) өздерінің адами қадір-қасиетінің танылуына, азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатыгездік немесе адами қадір-қасиетін қорлайтын қарекеттерден немесе жазалаудан қорғануға;
5) жазасын өтеу кезінде жеке басының қауіпсіздігіне;
6) ана тілінде немесе өздері меңгерген кез келген басқа тілде түсініктемелер беруге және хат жазысуды жүргізуге, сондай-ақ ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге, заңда көзделген жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға;
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білікті заң көмегін, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 475-бабы үшінші бөлігінің бірінші абзацында және 476-бабының 4), 5), 5-1), 11), 13), 15), 17), 19) және 22) тармақтарында көзделген жағдайларда соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде, сондай-ақ өзге де түрде алуға;
8) денсаулығын сақтауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес білікті медициналық көмек алуға;
9) мекеменің психологиялық қызметінің қызметкерлері және осындай көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдар көрсететін психологиялық көмекке;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырылуға;
11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларына, демалуға, демалысқа, сондай-ақ еңбегіне ақы төленуге құқығы бар.
Сотталғандардың осы Кодекске, жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де құқықтары бар.
2. Сотталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында аккредиттелген өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтары - олардың мүдделерін қорғауды өзіне алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен байланысты ұстап тұруға құқылы.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар сотталғандардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.
4. Сотталғандарды клиникалық зерттеулерге ұшыратуға болмайды.
11-бап. Сотталғандардың негізгі міндеттері
1. Сотталғандар:
1) осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ сот үкімінде белгіленген талаптарды орындауға;
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға;
3) жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың қызметкерлерінің, сондай-ақ сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың заңды талаптарын орындауға;
4) жазаларды орындайтын мекемелер немесе органдар әкімшілігінің шақыруы бойынша келуге және жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге;
5) негізгі жазасын толық өтегенге немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылау мерзімі өткенге, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
6) персоналмен, басқа да сотталғандармен, сондай-ақ жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға келетін адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға;
7) еңбек пен оқуға адал қарауға;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) заңда көзделген жағдайларда, инфекциялық ауруларды уақтылы анықтау мақсатында міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу, дене зақымын алу фактілерін анықтау үшін куәландырудан өтуге;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геномдық тіркеуден өтуге мiндеттi.
2. Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
12-бап. Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнген кезде, ол жазаны орындайтын мекеменің немесе органның кез келген қызметкеріне қатерді жою туралы өтінумен жазбаша немесе ауызша жүгінуге құқылы.
Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның қызметкері қатерді жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру және алып кету арқылы дереу шаралар қолдануға міндетті.
Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнгенін анықтаған кезде, олар мұны жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қолданады.
2. Екі және одан көп сотталған адамға қатер төнгені анықталған жағдайда, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі қатер көзін оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша дереу шаралар қолданады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Бастық болмаған жағдайда, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының кезекші көмекшісі ол келгенге дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа қабылдайды.
4. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қатер сақталған кезде, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін жазаны орындайтын өзге мекемеге немесе органға жіберу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
6. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді.
7. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетуге міндетті.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Мекемелерде қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлар камералары, уақытша оқшаулау үй-жайлары, қамаққа алуды өтеу орындарында - жалғыз адамдық камералар пайдаланылуы мүмкін.
13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету
1. Сотталғандарға ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығына кепілдік беріледі.
2. Діни жораларды орындау ерікті болып табылады.
3. Діни жораларды орындау кезінде жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ішкі тәртіптеме қағидалары сақталады. Сотталғандардың осы Кодексте көзделген өздерінің міндеттерін орындаудан бас тартуына түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол берілмейді.
4. Сотталғандардың немесе олардың туыстарының өтінуі бойынша салт-ғұрыптарды атқару қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметшілері шақырылады.
5. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі діни жораларды орындау үшін жағдай жасайды, сондай-ақ дін қызметшілері жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында ғибадат үйлерін (құрылыстарын) салуға тыйым салынады.
14-бап. Сотталғандардың шағыным жасауы
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа,прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жіберетін шағынымдары жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Сотталғандар сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жіберетін шағынымдарды электрондық құжат түрінде бере алады. Әкімшіліктер мұндай шағынымдардың сотталғандарға қолжетімді жерлерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген тәртіппен берілуін қамтамасыз ететін камералық ұстау жағдайларындағы мекемелерді қоспағанда, мекемелердің әкімшіліктері мұндай шағынымдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тікелей тұратын орындарында берілуін қамтамасыз етеді. Өзге жаза түрлерiне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздерi жiбередi.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағынымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Пошта жәшіктеріне салынған шағынымдарды прокурор жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отырады, бұл жөнінде акт жасалады. Арнайы пошта жәшіктері жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында және үй-жайларында сотталғандарға қолжетімді жерлерде орнатылады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберетін шағынымдары бақылануға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледi.
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бас бостандығынан айыруға немесе қамаққа алуға сотталған адамның адвокатпен хат жазысуы бақылауға жатпайды.
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары арқылы азаптаудың және басқа да қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылғаны туралы өтініш жібере алады.
6. Сотталған адамның атынан шағынымды оның келісімінсіз кез келген адам ұсына алмайды.
7. Сотталғандардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің шешімдеріне немесе әрекеттеріне байланысты шағынымдары, заңда көзделген жағдайлардан басқа кезде, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
8. Шағым берген сотталған адам шағым бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
9. Шағым берген сотталған адамға зиян келтіру үшін шағымды пайдалануға жол берілмейді.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларын бекітеді.
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодексімен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:
1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пробация қолданылатын адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін;
2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын;
3) пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
4) сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын;
5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын;
6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын;
7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын;
8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша - бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын;
9) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын;
10) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты;
11) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша - қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын;
13) қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған әйелдер, кәмелетке толмағандар жазасын өтеуге арналған органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалар;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылды
15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені;
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді
18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша - мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсынуқағидаларын;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамдардың өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді.
2. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы:
1) сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемелерге бөлуді жүзеге асырады;
2) сотталғандарды жазаларын өтеу үшін мекемелерге жібереді;
3) мекемелерді емдеу-профилактикалық мекемелерге бекітіп береді;
4) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы:
1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге бөлуді жүзеге асырады;
2) сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге жібереді;
3) ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға ұсынылатын сотталғандардың материалдарын қарайды және сотқа ұсынады;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ведомстволық бағынысты мекемелердегі санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларға мониторингті жүзеге асырады;
5) комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді;
6) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мекеме жазаларды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді, сондай-ақ негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады.
Мекемелердiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне олар сотталғандардың:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тамақ өнiмдерiн, бірінші кезекте қажеттi заттарды, жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды қосымша сатып алуға;
2) мерзімі ұзақ кездесулерге;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)