Осы редакция ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 636 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3. Министрлiкте (жергiлiктi қаржы органдарында) Мемлекеттiк бюджетке аударымдардың нормативтерiн келiсу мерзiмi 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Мемлекеттiк басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен бiр уақытта Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына) таза табыстың мөлшерi және есептi жылда тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған сомалар туралы деректердi, сондай-ақ қоса берiлiп отырған нысан бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың болжамды сомаларын табыс етедi.