Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 1 шілдедегі № 636 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту ережесiнде:
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен сонымен бiр мезгiлде Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына):
1) жоспарлы жылдың таза табысының нақты бөлiгiн өндiрiстi дамытуға пайдалану қажеттiлiгiнiң экономикалық негiздемесiн;
2) қоса берiлiп отырған нысан бойынша есептi жылғы тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған таза табыстың мөлшерi мен сомасы туралы деректердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың мөлшерi туралы деректерді табыс етедi.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |