ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті білікті заң көмегі туралы заңнамасы
3-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары
4-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
5-бап. Заң үстемдігі
6-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
8-бап. Клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау
11-бап. Білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі
12-бап. Білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет
14-бап. Білікті заң көмегінің қолжетімділігі
15-бап. Білікті заң көмегінің түрлері
16-бап. Білікті заң көмегінің нысандары
17-бап. Өтеулі негізде білікті заң көмегін көрсету
18-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі
19-бап. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі
20-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар
21-бап. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
24-бап. Білікті заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН БІЛІКТІ ЗАҢ КӨМЕГІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН БІЛІКТІ ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ЖҮЙЕСІ
25-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі
26-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар
27-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері
28-бап. Адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін ұйымдастыру, оны көрсету тәртібі және есепке алу
28-1-бап. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету тәртібі
29-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту
30-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін қаржыландыру
3-БӨЛІМ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ
31-бап. Адвокатураның мақсаты
32-бап. Адвокат
33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
34-бап. Адвокаттың кәсіптік мінез-құлық нормалары
35-бап. Адвокаттық қызметтің кепілдіктері
36-бап. Адвокат қызметін сақтандыру
37-бап. Адвокаттық құпия
37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі
38-бап. Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері
39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау
40-бап. Алып тасталды
41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
42-бап. Лицензия беруден бас тарту
43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру
45-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің түрлері
46-бап. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру
47-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегіне ақы төлеу
48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу
4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары
50-бап. Адвокаттар алқасы
51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі
52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
53-бап. Адвокаттар алқасының органдары
54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы)
55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелік
58-1-бап. Адвокаттар тізілімі
59-бап. Адвокаттың анты
60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату
61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесінің құқықтары мен міндеттері
62-бап. Заң консультациясы
63-бап. Адвокаттық кеңсе
64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы
68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі
72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы
73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ БІЛІКТІ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУІ
5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
75-бап. Заң консультанты
76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері
76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері
77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру
77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
78-бап. Заң консультанттары палатасы
78-1-бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы
80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары
81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері
82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары
85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы
86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы
86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу
87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы
88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары
89-бап. Заң консультанттары палатасының ақпаратқа қол жеткізуді және оны құқыққа сыйым сыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуі
90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі
91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару
92-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі
93-бап. Заң консультанттары палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы
94-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жауапкершілігі
95-бап. Заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
96-бап. Заң консультанттары палаталарының жауапкершілігі
97-бап. Заң консультанттарының палаталарын мемлекеттік бақылау
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
98-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-баптың 3) тармақшасын, 28-баптың 4-тармағының екінші бөлігін және 98-баптың 2) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша «заң көмегі», «заң көмегін» «заң көмегіне», «заң көмегінің», «Заң көмегі», «Заң көмегін», «Заң көмегінің», «заң көмегімен» деген сөздер тиісінше «білікті заң көмегі», «білікті заң көмегін» «білікті заң көмегіне», «білікті заң көмегінің», «Білікті заң көмегі», «Білікті заң көмегін», «Білікті заң көмегінің», «білікті заң көмегімен» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адвокаттық қызмет - адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін білікті заң көмегі;
2) заң консультанттарының қызметі - заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында білікті заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) заң көмегі - Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
4) білікті заң көмегіне қатысушылар - білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, білікті заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
5) білікті заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - білікті заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;
6) клиент - білікті заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
7) құқықтық ақпарат беру - белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін білікті заң көмегінің түрі;
8) құқықтық консультация беру - жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты білікті заң көмегінің түрі;
9) мүдделер қақтығысы - білікті заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы білікті заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және білікті заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Білікті заң көмегі осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес көрсетіледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Жекелеген тұлғалардың білікті заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары
Білікті заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заң үстемдігі;
2) білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;
3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;
4) клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну;
5) кәсіптік құпияны сақтау;
6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;
7) білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;
8) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;
9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;
10) білікті заң көмегінің қолжетімділігі.
4-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
1. Білікті заң көмегін көрсетудің мазмұнын айқындайтын және білікті заң көмегіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын қамтамасыз ететін оның іргелі бастаулары білікті заң көмегін көрсету қағидаттары болып табылады.
2. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары өзара байланысты болады және өздерінің жүйесін құрайды. Қағидаттардың әрқайсысын іске асыру білікті заң көмегін көрсетудің өзге қағидаттарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырылады.
3. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
5-бап. Заң үстемдігі
Білікті заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
6-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
Білікті заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі.
Білікті заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
8-бап. Клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну
Білікті заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.
Білікті заң көмегін көрсету кезінде білікті заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, білікті заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті.
Білікті заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс.
Білікті заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау
Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.
Білікті заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау
Білікті заң көмегі жоғары кәсіптік және әдептік нормалар сақтала отырып көрсетіледі. Осы нормаларды қалыптастыруды білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық, адамгершілік нормалары және білікті заң көмегін көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырады.
11-бап. Білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, білікті заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары білікті заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.
12-бап. Білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау
Білікті заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде білікті заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Білікті заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет
Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің кәсіп бойынша әріптестеріне құрмет, әділдік және ынтымақтастық рухында қарым-қатынас жасауға тиіс.
Білікті заң көмегін көрсету сотқа және сот ісін жүргізу қағидаларына деген құрметке негізделуге тиіс.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Білікті заң көмегінің қолжетімділігі
Әр адамның білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда азаматтарға олар ақы төлемейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.
15-бап. Білікті заң көмегінің түрлері
Білікті заң көмегі:
1) құқықтық ақпарат беру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.
Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
16-бап. Білікті заң көмегінің нысандары
Мыналар білікті заң көмегінің нысандары болып табылады:
1) өтеулі негізде көрсетілетін білікті заң көмегі;
2) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі;
3) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Өтеулі негізде білікті заң көмегін көрсету
Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, білікті заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетілетін білікті заң көмегі өтеулі негіздегі білікті заң көмегі деп танылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі
Білікті заң көмегін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғалар ақы төлемейтін негізде оларға көрсетілетін білікті заң көмегі мемлекет кепілдік беретін білікті заң көмегі деп танылады.
19-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19-бап. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз білікті заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі болып табылады.
Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.
Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
2. Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға:
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
7) 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік білікті заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекет кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды ынталандырады.
20-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар
Білікті заң көмегін өз құзыреті шегінде мыналар:
1) мемлекеттік органдар;
2) адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары;
3) білікті заң көмегін көрсетіп жүрген және білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.
21-бап. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
1. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат жеке және заңды тұлғалардың білікті заң көмегін алу құқықтарының кепілдіктерін іске асыру мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, ақпараттық, аккредиттеу, лицензиялау-бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
2. Білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
3. Заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік адвокатура қызметінің негіздері, тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)