ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 16-тармағы 2) тармақшасындағы «бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) нотариаттық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
2) 138-бап 120) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 121) тармақшамен толықтырылсын:
«121) Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 135-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік сатып алу жəне «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылатын сатып алу туралы міндеттемені орындау туралы;»;
2) 252-бапта:
төртінші бөліктің екінші жəне үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Санкция беруді: сот орындаушысының қаулысына қолтаңбасымен куəландырылатын «Санкциялаймын» деген мөртабанды басу арқылы прокурор; ұйғарым шығару арқылы сот жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья - атқарушылық əрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.
Сот орындаушысының электрондық құжат түрінде ұсынылған қаулысына санкция беруді прокурор - өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландыру арқылы, ал сот электрондық түрде ұйғарым шығару арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья - санкция беруден бас тарту туралы электрондық түрдегі уəжді ұйғарым, ал прокурор электрондық құжат түріндегі қаулы шығарады.»;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац алып тасталсын;
екінші абзацтағы «қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың» деген сөздер «қаулыны санкциялау мəселесі бойынша сот» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша:
«Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі», «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Əділет министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Əділет министрлігіне», «Əділет министрлігіне бекітуге» деген сөздер тиісінше «уəкілетті орган», «уəкілетті органның», «уəкілетті органмен», «уəкілетті органға», «уəкілетті органға бекітуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамалық актілерінде», «заң актілерімен», «заң актілерінде», «басқа да заң актілерімен», «заң актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарында», «заңдарында», «басқа да заңдармен», «заңдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-2-баппен толықтырылсын:
«2-2-бап. Нотариат саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган
Нотариат саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - нотариаттық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді, лицензиялауды жəне мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ нотариат туралы заңнамада көзделген өзге де функцияларды атқаратын мемлекеттік орган.»;
3) 4-бапта:
3-тармақта:
екінші бөлік «нотариустардың» деген сөзден кейін «қағаз түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нотариустардың электрондық түрдегі құжаттары Қағидаларға сəйкес міндетті түрде нотариаттық цифрлық архивте қалыптастырылуға тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нотариаттық цифрлық архив - бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық түрдегі нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алуға жəне пайдалануға арналған құрауышы.»;
4) 4-1-бапта:
1-тармақ «өңдеу» деген сөзден кейін «, сақтау» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтың 4) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде атқарушылық жазба жасауға арналған өтінішті нотариустарға уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен бөледі.»;
3-тармақтағы «нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс жəне белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге» деген сөздер «нотариаттық цифрлық архивте орналастырылуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда аумақтық əділет органы жəне нотариаттық палата нотариаттық цифрлық архивке қолжетімділікті Қағидаларда көзделген тəртіппен басқа нотариусқа береді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
5) 4-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «электрондық репозиторийден» деген сөздер «цифрлық архивтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-баптың 1-тармағында:
төртінші бөліктегі «Заңда» деген сөз «1.1. Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
үшінші абзацта:
«сондай-ақ» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кəсіптік жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын лауазымына сай еместігі туралы шешімі негізінде өкілеттігін тоқтатқан судьяны қоспағанда, теріс себептер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
алтыншы абзацтағы «нотариаттық» деген сөз «осы Заңның 11-бабының 2), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылған, сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң нотариаттық қызметпен айналысуға қайта үміттенуге құқығы бар адамдарды қоспағанда, нотариаттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «палатасының тізілімінен шығарылған» деген сөздер «палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған не адвокаттар алқасына мүшелігі тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 4-тармағында:
екінші бөлік «нотариустарда» деген сөзден кейін «өздерінің тіркелген (тұрғылықты) жері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 6-бабының 1-1-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін жəне тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тəртібі туралы ережеде тізбесі белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтінішпен аумақтық нотариаттық палатаға өтініш білдіреді.»;
8) 8-баптың 5-тармағында:
бірінші абзацтағы «құқығына», «айналысуға» деген сөздер тиісінше «құқығына арналған», «айналысу құқығына арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «əкесінің аты» деген сөздерден кейін «(егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 10-бапта:
2-тармақта:
1), 2) жəне 2-1) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақшадағы «18-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының» деген сөздер «18-бабы 13) тармақшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «сақтамаған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «сақтамаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12) жəне 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) нотариаттық əрекеттерді жүзеге асыруы кезінде нотариус Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін тəртіптік жауаптылыққа бірнеше (он екі ай ішінде екі жəне одан көп) рет тартылған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Егер бұрын жасалған тəртіптік теріс қылық үшін тəртіптік жаза белгіленген тəртіппен алып тасталған болса, тəртіптік теріс қылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды;
12) нотариус Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзған;
13) нотариус осы Заңның 4-3-бабында көзделген нотариаттық əрекеттерді жасағаны туралы мəліметтерді бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге енгізу мерзімдерін бірнеше (он екі ай ішінде екі жəне одан көп) рет бұзған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, нотариус лицензиясының қолданысы:
1) нотариус мемлекеттік қызметте болған;
2) нотариус мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылатын негізде өз қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мəслихат депутаты болып сайланған;
3) нотариус мерзімді əскери қызметті өткерген;
4) өз өкілеттігін орындамауы туралы нотариустың өтінішінде көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған жағдайда - үкім заңды күшіне енгенге дейін;
3) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен жəне қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тəртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған жағдайда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Нотариус лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық əділет органы мен нотариаттық палата, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, нотариустың қағаздағы жəне электрондық түрдегі құжаттарын Қағидаларда көзделген тəртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
10) 11-бапта:
2) тармақша «бірнеше» деген сөзден кейін «(екі жəне одан көп)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нотариус нотариаттық əрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше (екі жəне одан көп) рет бұзғанда;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 5-2) тармақшалармен жəне 8) тармақшадағы «жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.» деген сөздер «жүзеге асырғанда;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) нотариус Қазақстан Республикасының заңнамасын мемлекеттің, жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп бұзғанда;»;
«5-2) нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру фактісі анықталғанда;»;
«9) нотариус Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бірнеше (екі жəне одан көп) рет бұзғанда нотариус лицензиясы кері қайтарып алынады.»;
11) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нотариус лицензиясының қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық əділет органы мен нотариаттық палата, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, нотариустың қағаздағы жəне электрондық түрдегі құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнінде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшін алып қою жəне нотариустың мөрін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
12) 15-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық əділет органына жібергенге дейін, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, өз сақтауында болатын қағаздағы жəне электрондық түрдегі барлық құжатын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беруге, нотариустың мөрін аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға міндетті.»;
13) 17-бапта:
8) тармақша «рəсімдерін» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сəйкес медиатор ретінде медиацияны» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «алуға құқылы.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) сенімгерлік басқаруға берілген жəне коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлестерден (акциялар пакеттерінен) жəне өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, пайдаланылуы кіріс əкелетін өзге де мүліктен кіріс алуға құқылы.
Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық түрде куəландырылуға тиіс.
Нотариус өзіне тиесілі облигацияларды, ашық жəне аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуге құқылы.»;
14) 18-баптың 7), 7-1), 8), 9), 10), 10) жəне 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өз лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, қағаздағы жəне электрондық түрдегі құжаттарын Қағидаларда көзделген тəртіппен басқа нотариусқа беруге;
8) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде - аумақтық əділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға;
9) өз лицензиясының қолданысы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, өз сақтауында болатын қағаздағы жəне электрондық түрдегі барлық құжатын басқа нотариусқа беруге;
10) өз тегінің, атының, əкесінің атының (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне өзінің үй-жайы орналасқан жердің өзгеруі жөніндегі мəліметтерді бір ай ішінде аумақтық əділет органына ұсынуға;
11) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық əділет органына жəне нотариаттық палатаға хабарлауға;
12) жеке тұлғалардың мəмілелері мен шарттары жөніндегі мəліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға;
13) кəсіби біліктілігін арттыруға міндетті.»;
15) 19-баптың 1-тармағының 1) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға немесе ақы төленетін өзге де қызметпен айналысуға;»;
«3) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылатын негізде өз қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мəслихат депутаты болып сайланған жағдайда нотариус міндеттерін орындауға;»;
16) 21-бапта:
3-тармақтағы «92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында» деген сөздер «54-бабында жəне 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «іс-əрекеттер» деген сөз «əрекеттер тиісті нотариаттық округтің шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «жəне нотариаттық əрекеттерді тіркеу тізілімінде», «оның ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер тұлға нотариаттық əрекеттің жасалуына «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш білдірсе, онда нотариустың үй-жайы орналасқан жер осы нотариаттық əрекеттің жасалу орны болып есептеледі.»;
17) 24-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1-бап. Нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясы»
3-тармақтың 17) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарының талаптары бұрын нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелері лауазымдарын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне қолданылады
1-тармақта:
үшінші бөліктегі «Нотариус» деген сөз «Алынбаған тəртіптік жазасы жоқ нотариус» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Бір адам бір реттен артық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы бола алмайды.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) лицензиарға жəне (немесе) Республикалық нотариаттық палатаға нотариусты лицензиясынан айыру жөнінде талап қоюды дайындау туралы өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Өзіне қатысты шағым қаралып жатқан адамның нотариаттық палатаға мүшелігі, егер оған қатысты тексеру жүргізіліп жатса немесе тəртіптік іс жүргізу қозғалса - тексеру немесе тəртіптік іс жүргізу аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясы бұзушылық туралы жəне тəртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарауды аяқтағанға дейін тоқтатылмайды.»;
3-тармақтың 18) тармақшасының талаптары бұрын Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелері лауазымдарын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне қолданылады
18) 24-2-баптың 1-тармағында:
төртінші бөліктегі «Нотариус» деген сөз «Алынбаған тəртіптік жазасы жоқ нотариус» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Бір адам бір реттен артық Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының құрамында бола алмайды.»;
19) 26-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариаттық палатаның жарғысында көзделген мүшелік жарналарды қоспағанда, нотариаттық палаталардың кіру жарнасын немесе өзге де жарналар мен төлемдерді алуына жол берілмейді.»;
3-тармақтың 20) тармақшасының талаптары бұрын нотариаттық палаталардың төрағалары лауазымдарын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған нотариаттық палаталардың төрағаларына қолданылады
20) 26-2-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «мүшесі болған» деген сөздерден кейін «жəне алынбаған тəртіптік жазасы жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «қатарынан екі мерзімнен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 27-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы жəне 1-1-тармағының 7) тармақшасындағы «жекеше» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың 20) тармақшасының талаптары бұрын Республикалық нотариаттық палатаның төрағалары лауазымын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған Республикалық нотариаттық палатаның төрағаларына қолданылады
22) 29-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік «мүшесі болған» деген сөздерден кейін «жəне алынбаған тəртіптік жазасы жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «қатарынан екі мерзімнен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 5-тараудың тақырыбы мен 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау. Əділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті
31-бап. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау - аумақтық əділет органының мемлекеттік бақылау субъектілерінің қызметін нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру жөніндегі қызметі.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустар жəне аумақтық нотариаттық палаталар нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілеріне жатады.
3. Мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметі нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау объектісіне жатады.
4. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты - мемлекеттік бақылау субъектілері өздерінің кəсіби міндеттері мен өкілеттіктерін, оның ішінде осы Заңға сəйкес жеке нотариаттық архивтерді құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау жəне пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру бойынша өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде заңдылықты қамтамасыз ету жəне жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
5. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың міндеттері:
1) мемлекеттік бақылау субъектілерінің халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету;
2) анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау;
3) нотариат туралы заңнаманың талаптарын бұзушылық профилактикасы жəне олардың алдын алу.
6. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың нысанасы - нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері қызметінің нотариат туралы заңнаманың талаптарына сəйкестігі.
7. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды аумақтық əділет органының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
8. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау жоспарлы жəне жоспардан тыс жүргізілетін тексерулер түрінде жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік нотариустың жəне аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының нотариаттық əрекеттерінің заңдылығын жəне іс жүргізу қағидаларын сақтауын мемлекеттік бақылауды аумақтық əділет органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырады.
10. Нотариустардың жəне аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының, салықтық міндеттемелерді орындауды жəне салықтық есептілік ұсынуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
11. Аумақтық əділет органдары өз құзыреті шегінде ақшамен жəне (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын нотариаттық əрекеттерді жүзеге асыратын нотариустардың қызметіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру қауіп-қатерлерін анықтау тұрғысынан талдау мен мониторинг жүргізеді.»;
24) 31-1-бап алып тасталсын;
25) мынадай мазмұндағы 31-2, 31-3 жəне 31-4-баптармен толықтырылсын:
«31-2-бап. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін тексерудің түрлері
1. Мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты жоспарлы тексерулерді аумақтық əділет органы автоматтандырылған режимде қалыптастырылатын жəне уəкілетті орган бекіткен жоспарлы тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарына сəйкес жылына екі реттен жиілетпей жүзеге асырады.
Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тексеру жүргізуді бастау алдындағы үш жылдағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексерулер;
2) мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін, тексеру жүргізуге негіз болған мəселелер бойынша жоспардан тыс тексерулер.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариусты жоспарлы тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізудің негіздері:
1) алдыңғы тексерулердің нəтижелері;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мəліметтерді талдаудың нəтижелері;
3) соттың мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты заңды күшіне енген жеке ұйғарымы жəне (немесе) жеке қаулысы;
4) жеке практикамен айналысатын нотариустың кінəсі көрсетіліп, жеке практикамен айналысатын нотариус куəландырған мəмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот актісі;
5) жеке практикамен айналысатын нотариустың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиясы қолданысының тоқтатыла тұруы;
6) мемлекеттік бақылау субъектісінің əкімшілік жауаптылыққа тартылуы;
7) жеке практикамен айналысатын нотариустың тəртіптік жазасының болуы.
Аумақтық нотариаттық палаталарды жоспарлы тексеру үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін талдау жасау кезінде алдыңғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырылатын деректер пайдаланылуы мүмкін.