Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган мынадай мерзімдерде:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген жағдайда, жағдай анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
1) сотқа - уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні алып тастау туралы;
2) кредиторлар жиналысына - оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тастау туралы ақпарат жібереді.
10. Әкімші мынадай:
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай әкімшіні тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың болуы себебінен ол өкілеттіктерді орындаудан бас тартқан;
3) кредиторлар жиналысы оны шеттету туралы шешім қабылдаған;
4) тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген талаптарды әкімшінің бұзғаны анықталған жағдайларда өз өкілеттіктерін орындаудан шеттетіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Әкімші өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүктелген өкілеттіктерді орындаудан босатылады.
12. Әкімші жүктелген өкiлеттiктердi орындаудан шеттетiлген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған әкімші өзінен алдыңғысының құқық мирасқоры болып табылады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберген кезден бастап әрбір үш жыл сайын уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен экономика, қаржы немесе заң салаларында өз біліктілігін арттыруға міндетті.
14. Әкімші осы Заңмен реттелетін қатынастарға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
13-бап. Әкімшінің сыйақысы
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысы, осы Заңның 61-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің мүлкінен төленеді, ұзарту мерзімін есепке алмағанда, банкроттық рәсімді өткізу кезеңінде тіркелген болып табылады.
Банкроттық рәсімді өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы банкроттық рәсімінің аяқталуына дейін кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызынан аспауға тиіс.
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының уәкілетті орган белгілеген шегінде төлеуге жататын мөлшерін кредиторлар жиналысы айқындайды.
2. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы борышкердің мүлкінен кредиторлар жиналысының шешімі негізінде осы тармақта белгіленген шектерде мынадай:
1) заңсыз шығарылған мүлік қайтарылған және осындай мүлікті немесе мәмілелерді анықтау бойынша оңалтуды және банкроттықты басқарушы жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша мәмілелер жарамсыз деп танылған жағдайларда:
банкроттықты басқарушыға - қайтарылған мүлікті өткізуден түскен және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызына дейін;
оңалтуды басқарушыға - қайтарылған мүліктің бағалау құнының үш пайызына дейін;
2) дебиторлық берешек өндіріп алынған жағдайда:
банкроттықты басқарушыға - өндіріп алынған және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызына дейін;
оңалтуды басқарушыға - осындай берешектің өндіріп алынған сомасының үш пайызына дейін төленеді.
14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің оңалту және банкроттық саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңда көзделген функцияларды және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
15-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізеді;
2) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды және банкроттықты басқарушы етіп тағайындайды;
3) оңалтуды және банкроттықты басқарушыны шеттетеді;
4) оңалту рәсiмiнің және банкроттық рәсiмiнің жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
5) оңалтуды басқарушының - оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының - борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау мен банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының - банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды;
6) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысандарын бекiтедi;
7) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратады;
8) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
9) осы Заңда көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келіседі;
10) жалған және әдейi банкроттық белгiлерiн анықтайды;
11) әкiмшiнiң iс-әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарайды;
12) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолданады;
13) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
15) мемлекеттiк органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабiлетсіз және дәрменсiз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;
16) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсынады;
17) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшінің шешiмдерi мен әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) сотта даулайды;
18) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
19) заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолданады;
20) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктеме беру мен түсіндіруді жүзеге асырады және береді;
22) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
23) уәкілетті органның интернет-ресурсында оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін жариялайды;
23-1) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды
23-2) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлейді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
16-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
1. Уәкілетті орган мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдар оңалту және банкроттық саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындауда уәкілетті органға жәрдем беруге міндетті.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылау
1. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Әкімшінің қызметіне мемлекеттік бақылау:
1) тексерулер;
2) профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға:
1) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды есепке алу;
2) камералдық бақылау;
3) сұрау салулар жіберу;
4) рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпарат қабылдау жатқызылады.
4. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Камералдық бақылау
1. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Камералдық бақылаудың мақсаты әкімшіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін беру болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Камералдық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша әкімшінің әрекетінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
19-бап. Сұрау салуларды жіберу және рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдау
1. Әкімшілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган сұрау салулар жібереді.
2. Атына сұрау салу келіп түскен мемлекеттік орган, жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органға кез келген құпия ақпаратты (банктік, салықтық, коммерциялық құпия) ашуға және борышкерге және әкімші жүзеге асыратын оңалту немесе банкроттық рәсіміне қатысты құпия ақпаратты қамтитын кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
3. Сұрау салуды орындау мерзімі орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі осы сұрау салуда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
4. Әкімші рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ұсынылатын ақпаратқа енгізілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты әкімшінің ұсынған күні, оны ұсыну тәсіліне қарай:
1) өзі келу тәртібімен - уәкілетті орган рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдаған күн;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгісі қойылған күн болып табылады.
20-бап. Хабарламалар
1. Әкімшіге мынадай:
1) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы;
2) әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы бапта көрсетілген хабарламаларды жіберудің тәртібін, нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаның орындалуы туралы есептің тәртібін, мерзімдері мен нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
3. Хабарлама әкімшіге қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде тізбеленген тәсілдердің бірі арқылы жіберілген хабарлама әкімшіге мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - әкімші алғаны туралы хабарламада белгі қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен - әкімшіні уәкілетті органда тіркеу (қайта тіркеу) кезінде әкімшінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Әкімшілердің ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну және қабылдау тәртібі
Ағымдағы және уәкілетті орган сұрататын оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты әкімші уәкілетті органға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
2-тарау. КРЕДИТОРЛАР
22-бап. Кредиторлардың жеделдетілген оңалту рәсіміне, оңалту рәсіміне, банкроттық рәсіміне қатысуы
1. Жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі, банкроттық рәсімі барысында барлық кредиторлардың мүдделерін осы Заңға сәйкес құрылатын кредиторлар жиналысы білдіреді.
2. Жеделдетілген оңалту рәсімі туралы, оңалту, банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап кредиторлар осы Заңда белгіленген тәртіппен ғана өздерінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында борышкерге және (немесе) әкімшіге жүгінуге құқылы.
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Кредитор оңалту рәсімін немесе банкроттық рәсімін жүргізу барысында соттың шешіміне, әкімшінің әрекетіне, егер осы шешімдер немесе әрекеттер оның заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе, шағым жасауға құқылы.
23-бап. Кредиторлар жиналысы
1. Жеделдетілген оңалту рәсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы оңалту жоспарына енгізілген барлық кредиторларға тиесілі.
2. Оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар жиналысын өткізу күніне кредиторлар талаптарының тізіліміне талаптары енгізілген кредиторларға тиесілі.
Кредиторлар жиналысына борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) және уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.
3. Кредиторлар жиналысының өкілеттіктері осы Заңның 34, 75 және 93-баптарында көзделген.
24-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тәртібі
1. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды және өткізуді осы Заңда көзделген жағдайларда борышкер немесе әкімші жүзеге асырады.
2. Кредиторлар жиналысы:
1) борышкердің;
2) әкімшінің;
3) кредиторлар комитетінің;
4) талаптары тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының жалпы сомасының кемінде он пайызын не кредиторлардың жалпы санының кемінде он пайызын құрайтын кредиторлардың бастамашылығы бойынша шақырылуы мүмкін.
25-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның мақсаттары үшін:
1) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау;
2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға дербес қол қойдыра отырып табыс ету;
3) кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарды пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға жіберу хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады.
Тұрақты немесе көбіне тұратын немесе орналасқан жері бойынша жеке хабардар ету үшін қажет мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабардар ету мүмкін болмайтын өзге де мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жариялау мұндай адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.
Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, аталған интернет-ресурста кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлардың жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау міндетті болып табылады.
Осы тармақтың күші оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі кезінде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге қолданылмайды. Кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы хабарды кредиторларға жіберу тәртібі:
оңалту рәсімі кезінде - осы Заңның 72-бабының 6-тармағында;
банкроттық рәсімі кезінде - осы Заңның 91-бабының 1-тармағында айқындалады.
Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиторларға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкімші уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарда мынадай мәліметтер:
борышкердің атауы, заңды мекенжайы;
кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны;
кредиторлар жиналысының күн тәртібі;
кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тәртібі қамтылуға тиіс.
3. Кредиторлардың алғашқы жиналысын қоспағанда, жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда, кредитор сырттай, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен дауыс беруге құқылы.
Егер кредитор сырттай дауыс беретін болса, ол бұл туралы борышкерге, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға жиналыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жиналыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей күн тәртібіне қатысты материалдарды осындай кредиторға танысу үшін жіберуге немесе ұсынуға міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде шешімдер қабылдау тәртібі
1. Кредиторлар жиналысының құқықтылығы мен шешімдер қабылдауының жалпы тәртібі осы бапқа сәйкес айқындалады.
Кредиторлар жиналысының құқықтылығы мен шешім қабылдау тәртібінің ерекшеліктері:
борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату кезінде - осы Заңның 99-бабының 6-тармағында;
оңалту жоспарын келісу кезінде - осы Заңның 26-1-бабында;
оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде осы Заңның 26-2-бабында айқындалады.
2. Кредиторлар жиналысы, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлар даусының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, құқықты болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлар даусының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, құқықты болып табылады.
3. Осы Заңның 26-1 және 26-2-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлардың дауыс санының көпшілік даусымен қабылданады.
Әкімші кредиторлардың шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың бір теңгесі - бір дауыс» қағидаты бойынша айқындайды.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі залалдар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.
Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі залалдар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар бөлігіндегі талаптары:
1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптары толық көлемде қанағаттандырылған;
2) кредиторлардың талаптар тізілімі тек қана тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу, жіберіп алған пайда түріндегі залалдарды өтеу бөлігіндегі талаптардан, сот шешімі бойынша өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялардан қалыптастырылған жағдайларда есепке алынады.
Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.
4. Кредиторлар жиналысы шешімдер қабылдаған кезде:
1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына немесе 90-бабының 4-тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың;
2) қалған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін борышкерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын кредиторлардың дауыс беру құқығы жоқ.
Жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсаттары үшін кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, ол кредиторлар жиналысына қатысып отыр деп есептелмейді.
Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелді себепсіз екі рет келмеген жағдайда, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының құқықтылығын айқындау кезінде есепке алынбайды.
Растайтын құжат болған кезде:
1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;
2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;
3) кредиторлар жиналысының шешімімен өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.
5. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі - оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі әкімшіде қалады.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;
жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен орны туралы кредиторлардың тиісінше хабардар етілгенін куәландыратын құжаттардың;
борышкердің немесе әкімшінің ұйғаруы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Оңалту жоспарын келісу
1. Оңалту жоспарын келісу кезінде кредиторлар жиналысы оған талаптары екінші және төртінші кезектер құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлардың дауыс санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты болады.
2. Оңалту жоспары, егер бір мезгілде:
1) екінші кезектегі кредиторлар дауыс санының көпшілік даусы;
2) төртінші кезектегі кредиторлар дауыс санының көпшілік даусы оған дауыс берсе, келісілді деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген бір немесе екі шарт орындалмаған жағдайда, оңалту жоспары келісілмеді деп есептеледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды
26-2-бап. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
1. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу кезінде кредиторлар жиналысы оған талаптары мұндай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) келесі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын, талаптары әрбір кезек құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлар дауыс санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторларды қоса алғанда, мүдделерін оңалту жоспарына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар қозғайтын кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты болады.