5. Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.
Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi басталған, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
5-бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Борышкер мына шарттардың бірі және одан көбі басталған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады:
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу, алименттердi өндiрiп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу жөніндегі кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөнiндегi міндеттемелері оларды орындау мерзiмi басталған күннен бастап үш ай iшiнде орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген бір жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем емес соманы құрайды;
2) салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды;
3) өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған және жиынтығында дара кәсіпкерлер үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы, заңды тұлғалар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды.
Осы тармақтың талаптары жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш беру жағдайларына қолданылмайды.
2. Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болмаған кездегі төлем қабiлетсiздiгi өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
3. Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болған кездегі төлем қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындайтындай күйде болмайтын төлем қабiлетсiздiгі қаупiнiң төнуi оның оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
6-бап. Әдейi және жалған банкроттық үшін жауаптылық
1. Борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары әдейi банкроттық үшiн дәрменсiз борышкердің кредиторлары алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Банкроттың лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi әкеп соқтырғаны үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне залалды өтейдi.
2. Егер борышкер сотқа банкрот деп тану туралы өтінішті жалған банкроттық мақсатында берсе, онда кредиторлар борышкерден келтiрiлген залалды өтеудi талап етуге және осындай шешім қабылдаған адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жүгінуге құқылы.
3. Банкроттықты басқарушы банкроттық рәсімі барысында әдейі банкроттық фактілері анықталған жағдайда, бір ай мерзімде банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомаларын өндіріп алу туралы осындай тұлғаға қатысты қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті, ал кредиторлар осылай етуге құқылы.
4. Әкімші әдейi немесе жалған банкроттық белгiлерi анықталған кезден бастап бір ай мерзімде, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негізде прокурордың өтініші бойынша банкрот деп танылған жағдайларда, тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнуге мiндеттi.
7-бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және мүлiктi қайтару
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мәмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда көзделген негiздер болған кезде банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасасқан болса, жарамсыз деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден өзге мәмілелердің жарамсыздығына мыналар негіз болып табылады:
1) жасалған мәміленің бағасы және (немесе) өзге де шарттар, егер мәміленің салдарлары қаржылық шығындарға әкеп соқтырса, салыстырмалы жағдайлардағы бағадан және (немесе) өзге де шарттардан борышкер үшін айтарлықтай нашар болып табылатын ұқсас мәмілелердің жасалуы;
2) мәміле борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, құрылтайшылық құжаттарында шектелген қызметіне сәйкес келмейді не жарғыда айқындалған құзыретті бұза отырып жасалған;
3) мүліктің (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз не салыстырмалы экономикалық жағдайлар кезінде біртекті немесе ұқсас тауар бағасынан борышкер үшін айтарлықтай нашар болып табылатын бағамен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып негізі болмастан берілген;
4) егер банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін алты ай ішінде жасалған мәміле бір кредитордың талаптарын басқаларына қарағанда артықшылықпен қанағаттандыруға әкеп соқтырса;
5) кәдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінде жасалған шарттарды қоспағанда, егер осындай мәміленің оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бір жыл бұрын жасалған мәмілелерден айтарлықтай айырмашылығы болса, борышкердің мүлкін сыйға тарту шарттары.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелер анықталған жағдайда, әкімші мұндай мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге, оның ішінде мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша жүгінуге міндетті.
4. Мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішті кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде әкімші ұсынады.
5. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер мәміле бойынша алғандардың бәрін қайтаруға міндетті, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде - қайтарылуға жататын мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті.
Бұл ретте жауапкер осы Заңда көзделген тәртіппен қанағаттандыруға жататын, борышкерге талап қою құқығына ие болады.
6. Осы бапта көзделген жағдайларда мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік оның жоғалуына, бүлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты өтеусіз берілген кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары борышкер алдында жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалды өтеу бойынша жауаптылықта болады.
7. Бастапқы сатып алушылардың мүлік құнын өтеуі мүмкін болмаған кезде борышкердің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда осындай мәмілені келіскен уақытша әкімші және уақытша басқарушы сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың талаптары жобалық қаржыландыру, секьюритилендiру мәмiлелерiне және қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерге қолданылмайды.
9. Әкімші банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішінде біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен жасалған және активтерді шығаруға әкеп соққан борышкердің қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
8-бап. Шарттардың құқықтық режимі
1. Банкроттық туралы iс қозғау банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер контрагентінің бастамасы бойынша борышкер жасасқан шартты орындаудан біржақты бас тарту үшін негіз болып табылмайды және осы шарттың қолданысын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Тараптардың банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жасасқан, шартты орындаудан бас тарту және банкроттық туралы іс қозғау себебі бойынша осы шарттың қолданысын тоқтату туралы келісімі жарамсыз болады.
2. Оңалтуды басқарушы мынадай мән-жайлардың бiреуi болған кезде:
1) шарт үлестес тұлғамен жасалса;
2) бұрын жасалған ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыртпалық салатын жағдайлар болса;
3) шарт ұзақ (бір жылдан астам) мерзiмді болса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi перспективаға есептелсе;
4) борышкердiң шартты орындауы қалған кредиторлар үшiн жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады деп пайымдауға өзге де негiздер болса, оңалту туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасасқан, екi тарап толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде, банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жасалған шартты өзгертуге, бұзуға, орындаудан бас тартуға немесе оның жарамдылығына дауласуға, борышкер берген мүлікті қайтаруды талап етуге міндетті.
4. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап және оңалту немесе банкроттық туралы істі тоқтату туралы сот ұйғарымы не борышкерге оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін борышкер мен оның кредиторлары арасындағы өзара талаптарды есепке алуға жол берілмейді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы, егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзара негізде болып табылса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мәлімдеуге міндетті. Ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана есепке алуға жол беріледі.
5. Электр және жылу энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жүйелері, байланыс жөніндегі, сондай-ақ борышкердің мүлкін қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беруші борышкерді банкрот деп тану себебі бойынша борышкермен жасалған шарттан бас тартуға құқылы емес. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін осы шарттарды орындауға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатады.
9-бап. Үлестес тұлғалар
Осы Заңда мыналар үлестес тұлғалар деп танылады:
1) борышкердің немесе кредитордың акционері, құрылтайшысы (қатысушысы);
2) борышкер-дара кәсіпкердің, сондай-ақ осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
3) шартқа сәйкес борышкер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы, оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушымен жасалған шартпен байланысты тұлға;
4) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының немесе осы баптың 1), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды адамдары;
5) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушы оған қатысты акционер, қатысушы болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
6) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушымен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға.
10-бап. Құпиялылық
1. Уәкілетті орган және әкімші борышкерді банкрот деп тануға дейінгі кезеңді қоса алғанда, банкрот мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) келісімін алмастан, борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
2. Әкімшінің не уәкілетті органның осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оған қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған лауазымды адамының қаржылық-шаруашылық қызмет туралы мәліметтерді жария етуі, сол сияқты осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды жоғалту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Осы баптың күші әкімші тартқан тұлғаларға қолданылады.
3. Уәкілетті органның немесе әкімшінің өздеріне ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға беруі құпия ақпаратты жария ету болып табылмайды.
4. Осы Заңда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде мынадай ақпарат құпия болып табылмайды:
1) әкімші болып тағайындалған адам туралы;
2) кредиторлар комитетінің құрамы және ол қабылдаған шешімдер туралы;
3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы туралы және оларды кезек бойынша қанағаттандыру мөлшері туралы;
4) рәсімдерді жүргізу мерзімдері туралы;
5) кредиторлар алдындағы берешекті өтеу кестесін орындау туралы;
6) әкімшінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы және оларды қарау нәтижелері туралы;
7) әкімшіні анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
8) оңалту рәсімін тоқтатудың негізі туралы;
9) әкімші кредиторлар комитетіне шешім қабылдау үшін ұсынатын;
10) осы Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде осыған уәкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылаулары туралы ақпарат.
11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
1. Борышкер:
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңда көзделген жағдайларда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
2) оңалту жоспары бекітілген кезден бастап мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтау туралы сотта өтініш білдіруге;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкроттық рәсім барысында бітімгершілік келісім жасасуға;
3) сотта кредиторлық берешек сомаларына дауласуға, сондай-ақ осы мақсаттар үшін аудитор ұйымдарды тартуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Борышкер:
1) оның мүлкінің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
2) егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкелсе, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайды қоспағанда, борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
4) әкімшіні тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдауда (жалға алуда) және (немесе) лизингте тұрған мүлік туралы, банктік шоттарда жатқан ақша туралы, шоттардың нөмірлері және банктердің орналасқан жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға;
5) оңалтуды басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде - материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
6) уақытша басқарушы тағайындалған күннен бастап қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына оның қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
7) бухгалтерлік құжаттаманың, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйелерінің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге;
8) оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында қарау күнінен кейінгі күннен кешіктірмей, оны танысу үшін уақытша әкімшіге ұсынуға;
9) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;
10) сұрау салу негізінде сотқа, оңалтуды, уақытша немесе банкроттықты басқарушыға және кредиторлар комитетіне өзінің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, түсіндірмені ұсынуға;
11) әр айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, оңалту рәсімін жүргізу кезеңіндегі қаржылық жағдай, алдыңғы айдағы кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетінің назарына жеткізуге;
12) егер осындай іс-әрекеттер оңалту жоспарында көзделмесе, оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде заңды тұлғаның мүлкін пайдаланбауға немесе оны кредиторлар жиналысының шешімінсіз пайдалануға жол бермеуге;
13) оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді уақытша әкімшімен келісуге;
14) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайларда борышкердің органдарына осы Заңда оңалтуды басқарушы үшін көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және жауаптылық қолданылады.
4. Борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы), борышкер мүлкінің меншік иесі немесе лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда аталған адамдар өздерінің іс-әрекеттері нәтижесінде келтірілген залалды өтей отырып, тиісті жауаптылыққа тартылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, осы баптың 2-тармағы 1) - 6) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
12-бап. Әкімші
1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсiмiн, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды немесе банкроттық рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшін оларды өткізу кезеңiнде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер әкімшіге берiледi.
Әкімші борышкердiң жалғыз басқарушы органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 69-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған және осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген адам әкімші болып тағайындалады.
Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында және 118-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, әкімшіге осы Заңмен жүктелген өкiлеттiктер өзге адамдарға берілмейді.
3. Мыналар:
1) үлестес тұлғалар;
2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
3) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар;
4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар әкімші болып тағайындалмайды.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын талаптар мыналар:
1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы;
2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
4) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
5) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы;
6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін қоса бере отырып, өтініш берушінің уәкілетті органға қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі біліктілік емтиханын тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне өтініш берушінің хабарламасын енгізуді уәкілетті орган өтініш беруші хабарлама жіберген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей жүргізеді.
Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Қызметін тоқтатқан кезде әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.
Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен қызметін тоқтату туралы хабарламаға өзін оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
Қызметті бастау, қызметті тоқтату, өтініш берушінің деректеріне өзгерістер енгізу туралы хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
7. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Уәкілетті орган әкімші хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен мынадай:
1) хабарлама беру кезінде анық емес мәлiметтерді ұсыну фактiсi анықталған;
2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келген, осы Заңда белгіленген талаптар бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзылған;
3) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай әкімшіні тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың болуы себебінен оның бас тартуын қоспағанда, әкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бас тартылған;
4) қайтыс болған;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
6) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған;
7) осы адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепке қойылған;
9) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
10) әкімші осы баптың 3-тармағының негізінде оның оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып тағайындалуына кедергі болған мән-жайлардың болуы туралы хабарламаған, оларды кейіннен оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі барысында уәкілетті орган анықтаған;
11) қызметінің басталғаны туралы хабарламаны беру кезінде өтініш беруші әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін ұсынбаған жағдайларда алып тастайды.