5. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Ислам лизингін жүзеге асырудың ерекшеліктері
24-1-бап. Ислам лизингін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Ислам лизингі бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар исламдық қаржыландыру қағидаттарын, сондай-ақ осы бапта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары:
1) лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу;
2) лизинг берушінің ислам лизингіне жататын ақшаны инвестициялаудан түскен пайыздар түрінде сыйақы алуына тыйым салу болып табылады.
Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшы (бұдан әрі - сыртқы тәуелсіз сарапшылар) лизинг беруші мен лизинг алушының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
3. Лизинг алушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін лизинг нысанасын пайдалануына немесе оны қосалқы лизингке беруіне жол берілмейді.
4. Лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ислам лизингі шарты бойынша лизинг берушінің алдындағы міндеттемелерді ол орындағаннан кейін жеке келісім негізінде өтеді.
5. Лизинг нысанасы лизинг алушыға берілгеннен кейін лизинг алушы лизинг төлемдерін төлеуді жүргізеді.
6. Лизинг алушының міндеттемелерді ішінара немесе толық көлемде орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша қайырымдылық көмекке жіберуі мүмкін.
7. Ислам банкі болып табылмайтын лизинг беруші өзге де қызмет бойынша кірістер мен шығыстардан ислам лизингі бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді.
24-2-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам лизингі мәмілелерінің сәйкестігін айқындау үшін лизинг беруші міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда, лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай, ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды лизинг берушінің директорлар кеңесі айқындайды.
3. Лизинг берушінің ислам лизингін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындысы болған кезде лизинг берушінің директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.
4. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және оның мүшелеріне қойылатын талаптар лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен ережеде айқындалады.
5. Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және оларға қойылатын талаптар лизинг берушінің директорлар кеңесі бекіткен ережеде айқындалады.
24-3-бап. Ислам лизингі шарты
1. Ислам лизингі шартында мынадай елеулі талаптар қамтылуға тиіс:
1) шарт нысанасы;
2) лизинг нысанасын пайдалану мақсатын және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес лизинг нысанасын лизинг алушының нысаналы пайдалануын сақтау міндеттемесін көрсету;
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға беру шарттары мен мерзімі;
4) лизинг төлемдерінің тіркелген мөлшері мен мерзімділігі;
5) лизинг нысанасының тіркелген құны;
6) лизинг нысанасының берілуіне байланысты лизинг алушы өтеуге жататын лизинг беруші шығыстарының толық тізбесі мен мөлшері;
7) шарттың қолданылу мерзімі.
2. Ислам лизингі шартында лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделмейді. Лизинг нысанасына меншік құқығы жеке келісім негізінде лизинг алушыға өтуі мүмкін.
3. Лизинг берушінің меншігінде емес лизинг нысанасына ислам лизингі шарты жасалған жағдайда, ислам лизингі шартында сол уақыт ішінде лизинг берушіге лизинг нысанасын құру немесе оны меншігіне сатып алу құқығы берілетін мерзім көзделеді.
4. Лизинг беруші ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келмейтін мүлікті берген жағдайда, лизинг алушының ислам лизингі шартын орындаудан бас тартуға немесе ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келетін мүлікті лизингке беруді талап етуге құқығы бар.
5. Ислам лизингі шарты бойынша лизинг төлемдеріне тараптардың өзара келісуі бойынша лизинг берушінің сақтандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары және өзге де шығыстар қосылуы мүмкін.
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ ислам лизингі нысанасын монтаждау және жинау кезінде жол берілген жаңсақтықтарға байланысты мерзімінен бұрын қирау жағдайын қоспағанда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген мүліктер мен тәуекелдердің сақталуына жауапты болады.
7. Лизинг нысанасы жойылған, жоғалған, бүлінген, ұрланған немесе лизинг алушы жауап бермейтін мән-жайларға орай лизинг нысанасы өзінің функцияларын жоғалтқан жағдайда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы міндеттемелерден босатылады және оның ислам лизингі шартын бұзуға құқығы бар.
24-4-бап. Ислам лизингі операцияларын исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп тану салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле бойынша кіріс қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
3-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Лизинг қызметiн жүзеге асыру режимi
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын лизинг қызметiне Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында көзделген инвестициялық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық режимі қолданылады.
2. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңның қолданысқа енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының