Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша
саралануға тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (салымдардың кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған Банк активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1,2,3,10,11,12,15,16,17 және 18-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) қарыздар банктерде осы тармаққа сәйкес түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1,2,3,10,11,12,15,16,17 және 18-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға тең болады:
салымдардың 100 (жүз) пайыздық сомасы, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызы;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызы.
Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай сараланады.
2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша сараланған (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырылушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылады:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға;
осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылған:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;
2) оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші не көрсетілген оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысы бойынша еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі борыштық рейтингі аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;
тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсатында:
жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызын білдіреді;
жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген кредит тұтынушылық кредит дегенді білдіреді.
6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
8. Жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық қарыз салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсаттары үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар ретінде түсініледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктер үшін
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтік мәні
мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Банк капиталының құрамындағы құралдарды
жіктеуге арналған критерийлер
Негізгі капитал | Қосымша капитал | Екінші деңгейдегі капитал |
1) банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді; | 1) шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда); | 1) шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда); |
2) таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін, қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына пропорционалды талап ету құқығына ие; | 2) заң немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банктің депозиторларына, негізгі кредиторларына және реттелген борышына қатысты реттелген; | 2) заң немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банктің депозиторларына және негізгі кредиторларына қатысты реттелген; |
3) банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды; | 3) қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; | 3) қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; |
4) банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды); | 4) мерзімсіз болып табылады, сыйақы бойынша мөлшерлемелерді көтеру немесе дивидендтер деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; | 4) реттелген борышты (депозитті, қарызды) беру мерзімі, облигацияларды өтеу мерзімі кем дегенде 5 жылды құрайды; |
5) дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивидент мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді. | 5) мыадай талаптарды сақтау кезінде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша толық көлемде мерзімінен бұрын өтелген: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; | 5) реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы бес жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады; |
6) дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ; | 6) кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын-ала рұқсатымен жүзеге асырылады; | 6) төлем (купон) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; |
7) дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады; | 7) банкте осы құралдармен байланысты дивидендтер төлеуді кезкелген уақытта жоя алатын толық дискрециондық құқықтың болуы; | 7) мыадай талаптарды сақтау кезінде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша толық көлемде мерзімінен бұрын өтелген: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; |
8) шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді; | 8) осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды; | 8) банкроттық немесе банкті тарату жағдайын қоспағанда, инвестор болашақ сыйақы мен номиналды мерзімінен бұрын төлеуді тала етуге құқығы жоқ; |
9) төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды); | 9) банктердің міндеттемелердің орындалу мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар; | 9) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк сияқты осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты, құралды сатып алуға құқығы жоқ. |
10) төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгілі капитал ретінде жіктеледі; | 10) төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды; | |
11) толық шығарылған және акционерлер ақ төлеген. Бұл ретте банктерге өз акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады; | 11) бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған триггерде және (немесе) алдын-ала анықталған триггер құралындағы шығынды анықтайтын есептен шығару механизмінің жай акцияларға конвертациялану номиналы арқылы шығындарды жұтып қою мүмкіндігі бар. Есептен шығарудың мынадай тиімділіктері бар: тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді; құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді; құрал бойынша дивидендтердің (купонның) төлемдерін ішінара не толық кемітеді. | |
12) жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған, сондай-ақ заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар жоқ; | 12) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде әсер ететін кез келген байланысты тұлға тура банктің осы құралдарының меншік иегері болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды; | |
13) жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады; | 13) құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ. | |
14) банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген. | | |
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 222 Қаулысымен 1-2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
Нұсқаулықтың 1-2-қосымшасы
Капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні
Кезең | 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 5% | 5% | 5,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 6% | 6% | 6,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 7,5% | 7,5% | 8% |
Консервациялық буферді және жүйелі буферді ескергендегі,
капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні
Кезең | 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 6% | 6% | 7,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 7% | 7% | 8,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 8,5% | 8,5% | 10% |
Жүйе құраушы банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 7,5% | 7,5% | 9,5% |
Жүйе құраушы банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 8,5% | 8,5% | 10,5% |
Жүйе құраушы банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 10% | 10% | 12% |
Ескертпе: уәкілетті орган меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін 3 (үш) жылда бір реттен сирек емес қайта қарайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-3-қосымшамен толықтырылды
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
Нұсқаулықтың 1-3-қосымшасы
Бөлінбеген таза кірісті шектеудің барынша төмен мөлшері
k1, k1-2 және/немесе k2 барынша төмен мәндерінен буфердің асып кетуінің қажетті мөлшерлі пайыздық сомасы | Шектелуге жатуы тиіс бөлінбеген таза кірістің барынша төмен деңгейі (пайызбен) |
[< 25%] | [100%] |
[25% - 50%] | [80%] |
[50% - 75%] | [60%] |
[75% - 100%] | [40%] |
[> 100%] | [0%] |
Шектелуге жатуы тиіс бөлінбеген таза кірістің барынша төмен деңгейі (пайызбен) мейлінше көп мәнмен пайдаланылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген
шартты және ықтимал міндеттемелерінің
кестесі
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициентi пайызбен |
I топ |
1 | Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық банктері мен орталық үкіметтерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің басқаруына берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері | 0 |
2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды, «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірінiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, нұсқаулықтың 17-тармағында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер. | 0 |
3 | Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және «АА-» деңгейiнде тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарымен; банк иелігіне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 0 |
4 | Банк талабы бойынша кез келген сәтте болдырмауға жататын болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 0 |
5 | Банктiң сыртқы қарыздарын тартқан және борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде банктiң еншiлес компанияларының пайдасына берiлген банктiң мiндеттемелерi мен кепiлдемелерi. | 0 |
6 | Банк берілген қарыздарды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер | 0 |
II топ |
7 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 20 |
8 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнің «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi тәуелсіз рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi | 20 |
9 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «AA-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); «АА-» деңгейiнде және Standard&Poor's агенттiгiнен жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi. | 20 |
10 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «ААА»-дан «АА-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-дан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
III топ |
11 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан көп болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер. | 50 |
12 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнiң «BBB-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «AA-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi. | 50 |
13 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен «A-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «BBB-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi | 50 |
14 | «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
15 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzA+»-тен «kzA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
16 | Қор биржасында жасалатын спот және своп мәмілелері бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер. | 50 |
IV топ |
17 | Банкке қаржы құралдарын сату және банк керi сатып алатын мiндеттемесi туралы келісім | 100 |
18 | Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) | 100 |
19 | Банктiң өзге аккредитивтерi | 100 |
20 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB+»-тен «kzBBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
21 | Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi | 100 |
22 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |