10. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші орындалуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
11. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
12. Осы тараудың күші:
1) прокуратура органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау;
2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау мен қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-іздестіру қызметі;
5) қарсы барлау қызметі;
6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
13-тармақ Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
13. Осы бапты, осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) ішкі істер органдары:
Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;
осы Кодекстің 133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;
2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауында реттеледі.
14. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1 және 3-тармақтарын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
15. Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 5 (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда) және 10 (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда)-тармақтарында, 13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 13-тармағының 1) (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласындағы) және 2) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады.
16-тармақ Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
16. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды;
2) мемлекеттік органдар субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
17-тармақ Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
17. Осы баптың 4, 5, 6, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.
Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде регламенттеледі.
18. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.
19-тармақтың бірінші бөлігі Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
20. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
21. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында реттелген қатынастарға қолданылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 130-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады.
2. Осы Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:
1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;
3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 131-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған кепілдіктер
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін көтермелеу, құқық бұзушыларға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мемлекеттік бақылау бөлігіндегі ережесі салықтық тексерулерге ғана қолданылады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 131-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
131-1-бап. Бірыңғай есеп беру күні
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
2. Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасы бойынша кездесу Бірыңғай есеп беру күні болып табылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 132-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі болып табылады.
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.
133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.
134-бап. Мемлекеттік бақылау
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - бақылау) болып табылады.
2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 135-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
135-бап. Мемлекеттік қадағалау
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы беріледі.
2. Қадағалау бақылау және қадағалау органының әкімшілік іс жүргізуді қозғамай жедел ден қою шараларын қолдануын білдіреді.
3. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес прокуратура органдары мемлекет атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау;
2) бақылау және қадағалау органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіп пен шарттарда жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.
136-бап. Жедел ден қою шаралары
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі болмаса, бұл шараларды қолдануға тыйым салынады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, тауары (жұмысы, көрсететін қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі:
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздерді;
2) жедел ден қою шараларының түрлерін және талаптарды нақты бұзушылықтарға оларды қолдану шарттарын;
3) жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдеу тәртібін қамтиды.
Осы Кодекстің 143-бабына сәйкес тексеру парағына енгізілген, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Бақылау және қадағалау органдары осы Кодекстің 139-бабында айқындалған қызмет салаларында жедел ден қою шараларын қолданады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 137-бап жаңа редакцияда
137-бап. Бақылау нысандары
1. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) бақылау мақсатында сатып алу.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі - талаптарға сәйкестігін тексеру);
2) жоспардан тыс тексерулер.
4. Бақылау нысандарының бірі ретінде тергеп-тексеру осы Кодекстің 144-4-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органдары әрекеттерінің кешенін білдіреді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді бақылау және қадағалау органдары мынадай әрекеттердің бірін жасау:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту арқылы жүргізеді.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасы болып табылады.
7. Профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бақылау және қадағалау органы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын тексеру парағының талаптарын бұзу фактісін байқаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы тиісті нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдейді.
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) ықтимал радиациялық қауіпті қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;
10) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
13) көлiк саласында;
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;