Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.
26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру
1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырды
1-1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Рұқсат беруден:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде береді.
Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.
Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
4) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылық-тарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргізуге;
5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргізілетін, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында тексеруді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мыналарды жүзеге асыру үшін:
бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке адамдарға;
әуесқойлық (спорттық) аң аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) аншлагтар орнатуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің немесе іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.
3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.
28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.
2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар
1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган бекiтедi.
Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.
2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi
Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;
2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алу;
6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;
7) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.
5-тарау. Aң аулау
32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
2. Аң аулау:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.
3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.
Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.
5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.
33-бап. Аң аулау құқығы
1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:
1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік бажды төлеген;
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;
7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;
8) аңшылық минимумына оқыту жүргізуді;
9) аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердің есебін жүргізуді және оларды уәкілетті органға беруді;
10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
6-тарау. Балық аулау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) эксперименттік аулау.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.