10-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
3) тармақша «балық шаруашылығы» деген сөздерден кейін «және аквашаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша алып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелер - мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде қабылданатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің міндеттемелері;»;
10-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6-5) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар - өзіне:
мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;»;
13) тармақша «қайта өңдеу» деген сөздерден кейін «және балық аулау объектілерін қайта өңдеу (өңдеу)» деген сөздермен толықтырылсын;
26) тармақша «балық шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылық» деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармағы 2) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-15) және 41-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-15) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру кезінде комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеу;
41-16) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит және лизинг беру кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асыру;»;
10-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-баптың 2-тармағында:
12-4) тармақшадағы «агроөнеркәсіптік» деген сөз «құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшаның төртінші абзацындағы «тоған, тауарлы көл, балық өсіретін су шаруашылықтарын» деген сөздер «балық шаруашылығын, аквашаруашылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
1-тармақтағы «сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға» деген сөздер «сондай-ақ өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және аквашаруашылықты, ауыл шаруашылығы шикізаты мен тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік ынталандыру осы Заңға және «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»;
5) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «балық шаруашылығына» деген сөздер «балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақшадағы «жасанды түрде балық өсіру» деген сөздер «аквашаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 11-бапта:
1-тармақ 2) тармақшасындағы «арттыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.» деген сөздер «арттыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелерді қабылдау жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-12) тармақшамен толықтырылсын:
«8-12) балық өнімін қайта өңдеуді субсидиялау;»;
10-тармағының 7) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 13-1-бапта:
1-тармақтағы «Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме» деген сөздер «Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «Мемлекеттік мекемені» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды» деген сөздермен ауыстырылсын.
11-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «өндіруші ұйым» деген сөздерден кейін «, егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға, және (немесе) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жүйелік операторға сатуға (өткізуге) құқылы.».
12-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымша мынадай мазмұндағы 154-1, 261-1, 267-1 және 316-2-жолдармен толықтырылсын:
«
| 154-1. | Уәкілетті органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар мен басқа да су жануарларын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды беруі | Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар мен басқа да су жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсат | |
»;
«
| 261-1. | Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатты беру | Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат | |
»;
«
| 267-1. | Саны реттелуге жататын балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін алып қою | Саны реттелуге жататын балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін алып қоюға арналған рұқсат | |
»;
«
| 316-2. | Балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған рұқсатты беру | Балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған рұқсат | |
».
13-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «акваөсіру» деген сөз «аквашаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2) тармақшасындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін,» деген сөздер алып тасталсын.
15-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жағдайда, уәкілетті орган тарифтерді белгілеу кезінде электр энергиясын сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі ішінде электр энергиясын сатып алуға табиғи монополия субъектісінің шығындарын есепке алады.»;
2) 22-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу;»;
9-2) тармақшадағы «өңірдегі» деген сөз «осы тармақтың 9-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, өңірдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.
Бұл ретте осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгертуге негіз болып табылады;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі «9-2)» деген цифрлардан кейін «, 9-3)» деген цифрлармен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында:
«1),» деген цифрдан кейін «1-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
«және 9-2)» деген сөздер «, 9-2) және 9-3)» деген сөздермен ауыстырылсын.
16-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
1) 5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-тармақта:
15) тармақшаның сегізінші абзацындағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздер «балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшада:
жетінші абзацтағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздер «балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзацта:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар дүниесін пайдалануға» деген сөздер «балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзацтағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшаның екінші абзацында:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар дүниесін пайдалануға» деген сөздер «балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы «балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылықты» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы:
«пайдалану» деген сөзден кейін «және аквашаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын;
«балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылықты» деген сөзбен толықтырылсын.
18. «Өсімдіктер дүниесі туралы» 2023 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
39-баптың бірінші бөлігі «балық шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылық» деген сөзбен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 7) тармақшасын, 4-тармағының 1), 3), 5) - 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 13) - 17) тармақшаларын, 20) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 5, 6 және 8-тармақтарын, 9-тармағы 1) тармақшасының бірінші, бесінші - оныншы, он екінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші, он тоғызыншы - жиырма екінші және жиырма төртінші абзацтарын, 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының бірінші және төртінші абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының бірінші - қырық үшінші, қырық бесінші - қырық тоғызыншы абзацтарын, 7) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтарын, 8), 9) және 10) тармақшаларын, 12) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 13), 14) және 15) тармақшаларын, 16) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтарын, 17) тармақшасының бірінші, алтыншы - он бесінші абзацтарын, 18) тармақшасының бірінші - бесінші және жетінші - он үшінші абзацтарын, 19), 21) және 23) тармақшаларын, 24) тармақшасының бірінші, тоғызыншы, он екінші - он бесінші, он сегізінші - жиырма екінші абзацтарын, 26) тармақшасының бірінші - бесінші, жетінші - оныншы абзацтарын, 28), 29), 31) - 40) тармақшаларын, 10-тармағы 1) тармақшасының бірінші, үшінші, алтыншы - он бірінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 11, 12, 13, 15 және 16-тармақтарын;
2) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 7) тармақшасын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 18) тармақшасының алтыншы абзацын;
4) 2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 6) тармақшасының қырық төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Бекітіп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің паспорттарында балық аулауға арналған балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімдері болмаған жағдайда, мұндай мерзімдер балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ғылыми ұсынымдары негізінде айқындалады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 12 маусым
№ 194-VIII ҚРЗ