Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алынған қаражатты тұтынушылар үшін электр энергиясына тарифті төмендетуге жұмсайды.»;
8) 25-бап мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:
«16. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жүйелік оператор мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
17. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
18. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасы 2036 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ инвестициялық тариф берілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.».
9. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) балық қабылдау пункті - балық шаруашылығы субъектісі арнайы жабдықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауланған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қабылдауға, өлшеуге, есепке алуға, уақытша сақтауға және өткізуге арналған орын;»;
9-тармағы 1) тармақшасының бесінші - оныншы абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-2) балық өсіру материалы - су айдындарына жіберілетін балық құртшабақтары (дернәсілдер, шабақтар және жасына қарай балықтардың басқа да топтары);
16-3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;»;
18) тармақшада:
«уәкілетті» деген сөз «балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«белгілеген,» деген сөзден кейін «балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша алып тасталсын;
9-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
25) тармақшадағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» деген сөздер «балық шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы «акваөсірумен, балық өсірумен,» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармағы 1) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
28-1) тармақша алып тасталсын;
9-тармағы 1) тармақшасының он жетінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
39) тармақша «рұқсаттың» деген сөзден кейін «немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттың» деген сөздермен толықтырылсын;
40) тармақшадағы «көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармағы 1) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма екінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
42) және 43) тармақшалардағы «, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, олардың ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің өз құзыреттері шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) тармақша «(бұдан әрі - уәкілетті орган) -» деген сөздерден кейін «балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;»;
62-2), 63-1), 71-2), 73-1) және 73-2) тармақшалар алып тасталсын;
9-тармағы 1) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
75) тармақшадағы «уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар)» деген сөздер «мамандандырылған ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағы 2) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган;»;
9-тармағы 3) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 6-2-баптағы «ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган» деген сөздер «ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балық шаруашылығы субъектілері балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеудің ақпараттық жүйесінде тіркеледі және оған балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректер мен мәліметтерді енгізеді.»;
9-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші бөлік «мониторингін» деген сөзден кейін «балық шаруашылығы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармағы 5) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
7) тармақшадағы «, сондай-ақ шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы «, балықшы» деген сөз алып тасталсын;
12) тармақшадағы «, балық шаруашылықтарын» деген сөздер «шаруашылығын» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «және балық шаруашылықтары» деген сөздер «шаруашылығы» деген сөзбен ауыстырылсын;
16), 20), 20-1), 21), 22), 23), 24), 29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
40) тармақшадағы «, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін» деген сөздер алып тасталсын;
43), 44), 47), 47-1), 47-2), 47-3), 47-4), 53) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
57) тармақшадағы «, балық аулау» деген сөздер алып тасталсын;
58) тармақшадағы «және балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын» деген сөздер алып тасталсын;
65), 65-2), 66) және 67) тармақшалар алып тасталсын;
74) тармақшадағы «балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы және (немесе) учаскелер мен аңшылық алқаптардағы» деген сөздер «аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
77), 77-1), 77-2), 77-4), 77-6), 77-9), 77-10), 77-12), 77-13), 77-14), 77-16), 77-17) және 77-18) тармақшалар алып тасталсын;
9-тармағы 6) тармақшасының бірінші - қырық үшінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының құзыреті
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
6) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
7) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;
9) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
10) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
12) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
13) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
15) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
16) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін пайдалануға рұқсаттар береді;
17) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) пайдаланушылардың қызметін тексереді;
18) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
19) балықтардың қырылуына сөзсіз алып келетін қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
20) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтар мен басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
21) су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
23) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
29) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
30) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
32) жергілікті атқарушы органдарға балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
33) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
34) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
35) эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;
39) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;
9-тармағы 6) тармақшасының қырық төртінші абзацы 2018 ж. 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
40) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;
9-тармағы 6) тармақшасының қырық бесінші - қырық тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
41) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) бекітіп беру мерзімдерін ұзарту жөнінде шешімдер қабылдайды;
42) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;
43) су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлеп, бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
44) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.»;
9-тармағы 7) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
7) 10-баптың 2-тармағында:
5-7) тармақшадағы «ұсынымдар» деген сөз «зерттеулер» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-10) тармақша «пайдалануға рұқсат» деген сөздерден кейін «немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
5-12) тармақша «жағдайларда» деген сөзден кейін «балық шаруашылығы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5-13), 5-14) және 5-16) тармақшалар алып тасталсын;
9-тармағы 8) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8) 11-1-баптың 5-тармағы «келісу бойынша» деген сөздерден кейін «балық шаруашылығы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармағы 9) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
9) 14-баптың 3-тармағында:
8) тармақша «арналған рұқсаттарда» деген сөздерден кейін «, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарда» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармағы 10) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
10) 17-баптың 3-тармағында:
1) тармақша «уәкілетті органмен келісім бойынша» деген сөздер «өз құзыреттері шегінде уәкілетті органмен немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«болмай қоймайтын зиянды» деген сөздерден кейін «балық шаруашылығы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«ғылыми зерттеулерді» деген сөздерден кейін «, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі іс-шараларды» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкілетті орган» деген сөздер «балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер құрылыс салуды, реконструкциялауды (жаңғыртуды) және оны материалдық-техникалық жабдықтауды қаржыландыру үшін өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының шоттарына қаражат аудару арқылы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген зиянның өтемақысын өтейді.»;
11) 19-бапта:
2-2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармағы 12) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
12) 21-бапта:
3-тармақ «болмаған жағдайларда» деген сөздерден кейін «балық шаруашылығы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
9-тармағы 13) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
13) 22-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөлік «Жануарлар дүниесін» деген сөздерден кейін «(балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган бекіткен аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті шегінде аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану жылдың кез келген уақытында және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган берген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде рұқсат етілген аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Балық аулау объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті шегінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері белгілейді.»;
9-тармағы 14) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
14) 22-1-баптың 1-тармағы «байқауларды» деген сөзден кейін «балық шаруашылығы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармағы 15) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
15) 25-баптың 2-тармағында: