2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортын қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде, онда бірнеше шет мемлекетті, импорттаушыларды және (немесе) түпкілікті пайдаланушыларды көрсете отырып жүзеге асыра алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде уәкілетті органға қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияларды орындау жөніндегі құжаттарды уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, алушы елдің құзыретті органы берген кепілдік міндеттеме болған кезде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган алушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығын уәкілетті орган айқындаған жағдайларда айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы тауарларының экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасынан әкетуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың инспекторлары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін іріктеп алатын сынамалар үлгілерінің экспорты осы тауарлар үшінші тұлғаларға және үшінші елдерге құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
7. Экспортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияда, қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияда көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
12-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдік бойынша қайтару үшін бұрын экспортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырады.
2. Импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті пайдаланушыдан немесе импорттаушыдан үшінші тұлғаларға беру импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беру рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарлардың импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарларының импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлар импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың импорты осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың импортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге міндетті.
6. Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарлар уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілген түпкілікті пайдаланушыға дейін жеткізілуге тиіс.
Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және (немесе) Қазақстан Республика сының кепілдік міндеттемесінде көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды мәлімделген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалануына, сондай-ақ оларды экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз кері экспорттауына тыйым салынады.
13-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитін бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мен шетелдік тұлғалар өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат негізінде жүзеге асырады.
2. Транзитпен өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында қайта тиеу шарттары өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсатта көрсетіледі. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мен шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қайта тиеу туралы ақпаратты өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат алуға өтініш берген кезде уәкілетті органға ұсынады.
14-бап. Эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуді бақылау
1. Әскери мақсаттағы тауарлар бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
2. Қосарланған мақсаттағы тауарлар бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мынадай жағдайлардың бірінде:
1) уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болғанда эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
15-бап. Техникалық көмек көрсетуді бақылау
1. Әскери мақсаттағы тауарлар бойынша техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары техникалық көмек көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
2. Қосарланған мақсаттағы тауарларға байланысты техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мынадай жағдайлардың бірінде:
1) уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын техникалық көмек көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының техникалық көмек көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болғанда техникалық көмек көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
16-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын және эксаумақтық кері экспортты бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының аумағына кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органы рұқсатының және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлардың кері экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шет мемлекеттің мемлекеттік органдары немесе ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағынан өздеріне тиесілі әскери мақсаттағы тауарларды олар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде әкетуге міндетті.
2. Эксаумақтық кері экспортты шетелдік тұлғалар эксаумақтық кері экспортқа рұқсат негізінде жүзеге асырады.
17-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды фирмаішілік бақылау жүйесі
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құру Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қолдау саласында мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық немесе өндірістік қызметті жүзеге асыратын және өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен сыртқы экономикалық мәмілелерден жүйелі түрде табыс алатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін міндетті болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруға жәрдемдеседі және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.
18-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті.
2. Өзіндік ерекшелері бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелерге жататын құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтаудың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті жүзеге асырылған не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетілген кезден бастап бес жыл бойы сақталуға тиіс.
19-бап. Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға қатысты кепілдік міндеттемелер
Уәкілетті орган экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының талабы бойынша Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификаты немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты түрінде кепілдік міндеттемелер береді.
20-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асырудың рұқсат беру тәртібі
Уәкілетті орган өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсатты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жүргізілетін тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде береді.
21-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді шектеу
1. Қазақстан Республикасының алдында қабылдаған міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасының шет мемлекеттер мен шетелдік тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, кері экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге шектеулер, тіпті эмбарго енгізуге құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделерін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысынан, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау қажеттілігін негізге ала отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті, эксаумақтық кері экспорт, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету бойынша шектеулер енгізілетін шет мемлекеттердің, жеке және заңды тұлғалардың тізбесін айқындауға құқылы.
22-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында рұқсаттар беруден бас тарту
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат беруден бас тарту мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірілгенде немесе нұқсан келтіру қатері туындағанда;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері бұзылғанда;
3) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру қорытындылары бойынша теріс нәтиже болғанда;
4) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса;
5) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде өтініш беруші қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылса;
6) егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары қолданылса;
7) егер өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын бұзса, жүзеге асырылады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына, транзитіне рұқсат беруден бас тарту осы баптың 1-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың бірі болған кезде жүзеге асырылады.
23-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) егер олар рұқсат алуға өтініш берген кезде белгілі болса немесе болса рұқсат беруден бас тартуға әкеп соғатын жаңа фактілер туындағанда;
2) рұқсаттың шарттарын өзгерту қажет болғанда;
3) екінші санаттағы рұқсат иесі және (немесе) лицензиат рұқсат жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттар осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде де өз қолданысын тоқтатады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсатты тоқтата тұру және тәуекелдерді бағалауды қайта жүргізу осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мына көздерден алынған жағдайлар негізінде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жеке немесе заңды тұлғаларының уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) уәкілетті орган шет мемлекеттің мемлекеттік органдарынан және халықаралық ұйымдардан алған ақпарат;
3) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органынан ақпараттың растауын алу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл жағдайда рұқсатты тоқтата тұру мерзімі уәкілетті орган көрсетілген растауды алған күннен бастап келесі жұмыс күнімен аяқталады.
4. Мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) екінші санаттағы рұқсат иесі және (немесе) лицензиат рұқсатта көрсетілген шарттарды бұзғанда;
2) өтініш берушінің рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарында анық емес мәліметтер анықталғанда;
3) рұқсат беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысы тоқтатылғанда немесе тоқтатыла тұрғанда;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы берген рұқсаттың қолданысы тоқтатылғанда, егер мұндай рұқсат осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсатты алумен байланысты болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсат өз қолданысын тоқтатады.
Рұқсат берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары берілген рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, егер мұндай рұқсат осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсатты алумен байланысты болса, уәкілетті органды уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатты жіберу арқылы дереу, бірақ шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
24-бап. Бәрін қамтитын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, егер оларға өз әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлар жаппай жою қаруын және (немесе) оны жеткізу құралдарын, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау үшін не терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау кезінде пайдаланылатыны белгілі болған жағдайда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыруына, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуіне немесе оларға кез келген өзге де түрде қатысуына тыйым салынады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен, мынадай жағдайлардың бірінде:
1) уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органы оларды өз әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;
2) олардың өз әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болғанда рұқсат беру құжатын алуға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын басшылыққа алуы қажет.
25-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтау мақсатында: