ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және
ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 145-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 61-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.»;
3) 189-баптың екінші бөлігі «екінші - он екінші» деген сөздерден кейін «, жиырма бесінші және жиырма алтыншы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 191-бапта:
бірінші бөлік «екінші - он екінші» деген сөздерден кейін «, жиырма бесінші және жиырма алтыншы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «204 (екінші бөлігінде),» деген сөздер және «292,» деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді.
26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.».
2-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 28-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
3-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 12-бабы 13-1) және 13-2) тармақшаларының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
4. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы «; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзацтағы «Қорғаныс министрлігінің өкілі тағайындалады.» деген сөздер «Қорғаныс министрлігінің;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі тағайындалады.».
5. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
6) тармақшадағы «фельдъегерлік қызмет және», «фельдъегерлердің алып жүруімен» деген сөздер алып тасталсын;
40-2) және 69) тармақшалар алып тасталсын;
2) 7-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
3) 22 және 22-1-баптар алып тасталсын;
4) 30-бапта:
1-тармақта:
«Фельдъегерлік және арнаулы пошта байланысы қызметтеріне» деген сөздер «Арнаулы пошта байланысы қызметіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«фельдъегерлік және» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «Фельдъегерлік қызметтің және арнаулы» деген сөздер «Арнаулы» деген сөзбен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 2-тармағының 26-3) тармақшасындағы «басқару органдарына» деген сөздер «басқару органдары мен әскери бөлімдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының өкілеттіктері
Қарулы Күштердің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары жүзеге асырады.».
8. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3-2) тармақшасы «Ішкі істер министрлігіне,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-1-бапта:
тақырып «Ішкі істер министрлігінің,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац «Ішкі істер министрлігі,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 45-баптың 2-тармағы «Ішкі істер министрлігі,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі,» деген сөздермен толықтырылсын.
9-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Заңның 8-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының;
2) осы Заңның 10-бабы 6-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылданғанға дейінгі мерзімге осындай адамды тіркеу жүргізіледі.»;
3) осы Заңның 11-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.»;
4) осы Заңның 12-бабы 10) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын.».
10. Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап «ішкі істер» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздермен толықтырылсын:
2) 22-бапта:
3-тармақта:
2) тармақшадағы «, «азаматтық қорғау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) азаматтық қорғау органдарына - «азаматтық қорғау».»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «5-тармағының» деген сөздер «2-тармағының бірінші бөлігі 3) тармақшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жоғары басшы құрам:
3-санатты біліктілік сыныбы - болу мерзімі белгіленбейді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жоғары басшы құрам:
3-санатты біліктілік сыныбы - генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші.».
5-тармақ алып тасталсын;
4) 23-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Бірінші және кезекті арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді және біліктілік сыныптарын беру тәртібі»;
8-тармақтағы «немесе сыныптық шендері» деген сөздер «, сыныптық шендері және біліктілік сыныптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 84-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 33-1, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 46-1, 46-2, 47, 47-1, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 53-1, 54, 54-1, 55, 56, 57, 58, 63, 64, 65, 66, 67, 68-баптарының, 69-бабы 1, 2, 4 және 5-тармақтарының, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80 (1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда)-баптарының, 81 және 82-баптарының күші табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылады.».
11. Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
11-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
1) 43-2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру кезінде уақытша тұруға рұқсат ресімделеді, еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру жүргізіледі.
Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 63-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағы 7) тармақшасының, 48-бабының бірінші бөлігі 10-1) тармақшасының, 49-бабының бірінші бөлігі 10-1) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
12-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
80-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:
1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде биометриялық дербес деректерді өңдеу рәсімі арқылы тексеруді, адамдарға сауал жүргізуді;»;
2) осы Заңның 66-бабы 9-1) тармақшасының:
3) осы Заңның 66-бабы 10) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде айыппұл салу туралы сот шешімдерін және уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруін шектеуге;»;
4) осы Заңның 67-бабының 1-тармағы 11-1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын.».
13-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 22-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы «2021» деген цифрлар «2023» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 31-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 7-бабы 2-1-тармағының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
14. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «Ведомствоның білім беру», «ведомствоның білім беру», «Ведомствоның аумақтық», «ведомствоның аумақтық» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті органның білім беру», «уәкілетті органның білім беру», «Уәкілетті органның аумақтық», «уәкілетті органның аумақтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның жалауы мен рәмізі болады. Оның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары болады.
Уәкілетті органның жалауы мен рәмізінің, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалауларының, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
3) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттің алдын алуды және оны сөндіруді, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органнан, оның ведомствосынан, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен және білім беру ұйымдарынан тұрады.».
15. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-баптың 20-1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы және 2-тармағының 16) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-бапта:
1-тармақтағы «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздер алып тасталсын;
5-1-тармақ алып тасталсын;
5) 8-баптың 2-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің,» деген сөздер алып тасталсын;
6) 9-1-бапта:
1-тармақ «учаскелік полиция инспекторлары» деген сөздерден кейін «және олардың көмекшілері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Учаскелік полиция инспекторы бекітіліп берілген әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді немесе жағдайларды анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға осындай себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді.».
16. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «төтенше жағдайлардың салдарларын» деген сөздер «төтенше жағдайларды және олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағында:
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша «кесуге және» деген сөздерден кейін «әлеуметтік сипаттағы» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшадағы «Ұлттық ұланның күзетілетін объектілеріндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын» деген сөздер «табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде Ұлттық ұланның күзетілетін объектілеріндегі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
4) 10-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
5) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «және азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындаған» деген сөздер алып тасталсын
17-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
39-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 2-тарауының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2-бап.
1. Осы Заң, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2, 3, 9-тармақтарын, 11-тармағының 2) тармақшасын, 12, 13 және 17-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 29 маусым
№ 58-VІІ ҚРЗ