1) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) Республикалық нотариаттық палата басқармасының орналасатын жерін айқындау;
3) Республикалық нотариаттық палатаның басқарма мүшелерін лауазымға сайлау және одан босату;
4) Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
5) Республикалық нотариаттық палата ревизиялық комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
7) нотариаттық палаталардан делегаттардың Республикалық нотариаттық палатаның съезіне өкілдік ету нормаларын бекіту;
8) Нотариустың әдеп кодексін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
9) ревизиялық комиссияның Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;
10) Республикалық нотариаттық палата съезінің регламентін бекіту;
11) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
28-3-бап. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы
1. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы Республикалық нотариаттық палатаның алқалы атқарушы органы болып табылады.
2. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы:
1) Республикалық нотариаттық палатаның қызметін қамтамасыз етеді;
2) Республикалық нотариаттық палата съезі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) осы Заңның 28-2-бабына сәйкес Республикалық нотариаттық палата съезінің бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені бекітеді;
6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының қызметі туралы ережені бекітеді;
7) нотариустардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғайды;
8) нотариаттық палаталардың өз қызметі, нотариустардың нотариаттық қызметі туралы есептерін жартыжылдықтар бойынша жинақтап қорытады;
9) нотариаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) нотариаттық қызметті жүзеге асыру сапасы туралы зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
11) нотариаттық палаталарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында:
нотариаттық қызметпен айналысатын нотариустардың тізімін, сондай-ақ нотариаттық палаталар нотариустарының жаңартылған күйдегі тізімдерін;
Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілерін;
Нотариустың әдеп кодексін;
нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;
Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;
Республикалық нотариаттық палата басқармасының құрамы туралы мәліметтерді;
Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;
нотариаттың іс-шаралары мен оқиғаларын;
және Республикалық нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;
13) Республикалық нотариаттық палатаның съезін шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;
14) өз құзыреті шегінде сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық нотариаттық палатаның мүлкіне билік етеді;
15) Республикалық нотариаттық палата басқармасының регламентін бекітеді;
16) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Республикалық нотариаттық палата басқармасының шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.»;
22) 29-баптың 2-тармағының 6-1) тармақшасы алып тасталсын;
23) 30-1-бапта:
1-тармақта:
22-1) тармақшаның екінші бөлігіндегі «7) және 8) тармақшаларында» деген сөздер «6) және 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3) және 23-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) құпия өсиеті бар конвертті ашқан және құпия өсиетті жария еткен кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
23-2) құпия өсиетті қабылдау туралы куәлікті берген кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
1-тармақтың 23) тармақшасының жетінші - он екінші абзацтары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23-3) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,2 айлық есептік көрсеткіш;
23-4) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,2 айлық есептік көрсеткіш;»;
1-1-тармақтағы «немесе тиісті қаулы шығарған» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Консультация беруді жүзеге асыру үшін нотариустың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;
24) 32-баптың 5-1) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
1-тармақтың 25) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«20) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады;
21) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады.»;
26) 42-баптың 2-тармағындағы «жасауды өтінген азаматтың жеке куәлігі немесе паспорты» деген сөздер «жасауға өтініш білдірушінің жеке басты куәландыратын құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 44-баптың 3-тармағындағы «әлде бір өзге себептер» деген сөздер «сауатсыздығы» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 28) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
28) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
«44-1-бап. Нотариаттық әрекеттерді электрондық нысанда жасау
Нотариаттық әрекет жасауға жүгінген адамның өтінуі бойынша нотариус нотариаттық құжатты электрондық нысанда дайындау арқылы нотариаттық әрекет жасай алады.
Егер электрондық нысандағы нотариаттық құжатқа нотариаттық әрекет жасауға жүгінген адам қол қоюға тиіс болған жағдайда, адам құжатты нотариустың қатысуымен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға немесе оған цифрлық қолтаңбаға арналған графикалық планшеттің көмегімен қол қоюға міндетті.
Электрондық нысанда дайындалған нотариаттық құжаттағы куәландыру жазбасы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.»;
1-тармақтың 29) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
29) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Нотариустар нотариаттық әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық құжаттарды қабылдайды.»;
30) 46-баптың 1-тармағы «олардың атынан» деген сөздерден кейін «, нотариус көмекшілерінің, тағылымдамадан өтушілерінің атына және олардың атынан» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 31) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
31) 47-баптың 1-тармағы «куәландыру кезінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру және нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 32) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
32) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Нотариаттық әрекеттерді тіркеу
1. Нотариус жасайтын барлық нотариаттық әрекеттер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеледі.
Осы Заңның 35 және 36-баптарында аталған лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық әрекеттер нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркеледі.
Осы Заңның 35 және 36-баптарында аталған лауазымды адамдар нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімінде тіркей алады.
2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе әрбір нотариаттық әрекет бойынша бірегей нөмір береді, ол құжаттың қағаз нұсқасында көрсетілуге тиіс.»;
1-тармақтың 33) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
33) 54-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
34) 92-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «немесе тиісті қаулы» деген сөздер алып тасталсын;
35) 92-6-бапта:
тақырыптағы «немесе тиісті қаулының» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
«немесе тиісті қаулы шығарғаннан кейін» деген сөздер алып тасталсын;
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе тиісті қаулының» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының» деген сөздер «Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «немесе тиісті қаулының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған немесе тиісті қаулыны шығарған» деген сөздер «көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 92-7-бапта:
тақырыптағы «өндіріп алушыға» деген сөздер алып тасталсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.»;
2-тармақ «берілген» деген сөзден кейін «немесе жіберілген» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 92-8-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «немесе тиісті қаулының» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «немесе тиісті қаулының» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте:
«немесе тиісті қаулының» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші бөліктегі «немесе тиісті қаулы борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға» деген сөздер «борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 38) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
38) 17-тарау мынадай мазмұндағы 99-1 және 99-2-баптармен толықтырылсын:
«99-1-бап. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру
Электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариус дайындаған электрондық құжат мазмұнының нотариусқа ұсынылған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей заңды күші болады.
Электрондық құжаттың қарапайым жазбаша нысанда жасалған мәмілелерге, жеке басты куәландыратын құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар электрондық нысанда берген құжаттарға қатысты қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыруға жол берілмейді.
Электрондық құжатты оның қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру үшін дайындауды нотариус қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық түрін дайындау және оны нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру жолымен жүзеге асырады.
99-2-бап. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру
Қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариусқа ұсынылған электрондық құжат мазмұнының нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған электрондық құжатпен бірдей заңды күші болады.
Нотариусқа ұсынылған электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылуға тиіс. Құжатты берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге және оның тиесілілігі расталуға тиіс.».
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1-баптың 21-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 14) тармақшасының екінші абзацын, 15) тармақшасын, 23) тармақшасының жетінші - он екінші абзацтарын, 25), 28), 29), 31), 32), 33), 38) тармақшаларын;
2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы жиырма сегізінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және жеке сот орындаушыларының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, іздестіру істері және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 ақпан
№ 5-VIІ ҚРЗ