97-23) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-24) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-25) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібін әзірлеу;
97-26) темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-27) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
97-28) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-29) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
97-30) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлеу;
98) этил спирті, алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары өндірісін және олардың айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
98-1) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
98-2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
98-3) - 98-12) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
99) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалануға;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасын сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
99-1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
99-2) Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғаларды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлыққа кандидаттардың білімін растау бойынша қызметті ұйымдастыру;
99-3) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қызметін ұйымдастыру;
100) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізу;
101) - 105) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
106) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті орындауға жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
106-1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
107) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
107-1) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
107-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
108) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
109) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
110) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне мәліметтер мен қажетті материалдар ұсыну туралы талаптарды жіберу;
111) - 113) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
114) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
115) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды келісілген мерзімде жүзеге асыру;
116) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізу;
117) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 118) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118) мынадай:
анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) оларды есепке алу бойынша көрсету және нұсқамаларды орындау арқылы қалпына келтіру мақсатында;
міндеттемелер тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;
119) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
120) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын олардың жасасу міндеттілігіне және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдануға қатысты бөлігінде «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын аудиторлық ұйымдардың орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
121) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
122) аудиторлық қызметті лицензиялау;
123) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
124) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарына ескерту жасау;
125) аудиторлардың тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
126) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру жөнінде шешім қабылдау;
127) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айырылуы, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз ету;
128) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының құрамында қатысу;
130) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
130-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
130-2) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;
131) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалар тізілімін жүргізу;
132) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
133) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
134) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 135) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
135) интернет-ресурста кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 136) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
136) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ өздері үшін осыған ұқсас тәртіп «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар мүліктік массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 137) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
137) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау мен банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарау;
138) - 142) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 143) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143) борышкерді банкрот деп тану туралы және банкроттық рәсімін жүзеге асыру мүмкін болатын мүліктің (активтердің) жоқ екендігі туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігі туралы уақытша басқарушының қорытындысын ескере отырып, банкроттық рәсімін қозғамай, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және оны таратуды келісу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 144) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
144) сот шешімі бойынша:
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу;
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай, банкротты жоюды жүргізу;
145) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
146) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 147) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
147) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
148) жалған және көрінеу банкроттықтың белгілерін анықтау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 149) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
149) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
150) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 151) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
151) оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің өткізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
151-1) борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу және оны ұйымдастырушыны айқындау қағидаларын әзірлеу;
151-2) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғарғы шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын әзірлеу;
151-3) оңалту рәсімі мен банкроттық рәсіміндегі әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
151-4) бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын әзірлеу;
151-5) әкімшінің ағымдағы және сұрау салынған оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
151-6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу;
151-7) өздеріне қатысты оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін интернет-ресурста жариялау;
151-8) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын әзірлеу;
151-9) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін әзірлеу;
151-10) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу;
151-11) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу;
151-12) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлеу;
152) ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 678 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
153) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 153-1) - 153-13) тармақшалармен толықтырылды (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
153-1) санация қатысушысынан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
153-2) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда уақытша басқарушының банкрот мүлкін сатуын келісу;
153-3) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың әрекетіне шағымдарды қарау;
153-4) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
153-5) банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адамның банктік шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен айналымы туралы ақпаратты уақытша және банкроттықты басқарушыларға ұсыну;
153-6) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айту;
153-7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
153-8) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктемелер мен түсіндірулер беру;
153-9) өздеріне қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттар тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау;
153-10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру;
153-11) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурсқа:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;
банкроттық және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы істі қозғау туралы хабарландыруды;
борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;
153-12) сотқа уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні тіркеуден алып тастау туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалтуды не банкроттықты басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламалар жіберу;
153-13) оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету;
154) мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;
155) мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
156) тиісті саланың уәкілетті органының республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келісу;
157) Мемлекеттік мүліктің тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізу және Мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру;
158) мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды кемінде үш жылда бір рет жүзеге асыру және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою;
159) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылдау;
160) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
161) «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарын бақылауды жүзеге асыру;
162) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгіленген мәселелер тізбесі бойынша мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын келісу;
163) республикалық меншікке жататын және «Концессия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары оларды ұсынған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге қосу үшін ұсынатын объектілер бойынша ұсыныстарды келісу;
164) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
165) концессия шарттарының негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
166) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келісу;
167) республикалық мемлекеттік меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;
168) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру;
169) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
170) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
171) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол сатып алған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
172) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
173) таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу;
174) қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
174-1) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен иелік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;
175) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
175-1) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
176) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
177) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органға олар объектіні жекешелендіргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін алдағы жекешелендіру туралы алдын ала хабарлау;
178) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
179) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;