3) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы деректерді жасау;
4) республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептер жасау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
6-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау;
7) жеке тұлғаларға арналған арнайы мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, капиталдың ішкі нарығындағы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер түріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
8) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау мақсатында тұрақты және жүйелі жинау бөлігінде бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
9) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және бюджет заңнамасында көзделген шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
10) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
13) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
14) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
15) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін аударымдарды есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
17) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;
18) Еуразиялық экономикалық одақтың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде ашылған шоттарына ақша қаражатын аудару;
19) кедендік баж сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;
20) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;
21) мемлекеттік қарыздарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарынан басқа), мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгер болған қарыздарды, қарыздарды хеджирлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізу және есепке алу рәсімдерін жүзеге асыру;
23) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша, оның ішінде оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына байланысты талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
23-1) үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан, сыртқы қарыздардың арнайы шоттарынан қаражатты алу, байланысты гранттарды және бірлесіп қаржыландыру қаражаттарын алу бойынша қаржы рәсімдерін жүзеге асыру;
24) мемлекеттік кірістер органдарының және уәкілетті органдардың бюджеттен түсімдер сомаларын қайтару не салық берешегін өтеу есебіне есепке алу бойынша төлем құжаттарын орындау;
25) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
26) бюджет ақшасын басқару;
27) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттiк ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемiн болжамдау;
28) мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша ауыстыру операцияларын жүзеге асыру және есепке алу;
29) мемлекеттік мекемелер ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
30) квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын төлем тапсырмаларына тексеруді жүзеге асыру;
31) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
32) мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
33) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
34) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
35) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы кезінде мемлекеттік мекемелер төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
36) кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеу аясындағы саясатты қалыптастыруға қатысу;
37) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
38) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге уәкілетті экономикалық операторларды да енгізу туралы шешім қабылдау;
38-1) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік нысандарын әзірлеу;
39) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағындағы зияткерлік меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
40) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
40-1) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
41) кедендік әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
41-1) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын әзірлеу;
42) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
43) егер мұндай ақпарат оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының тәртібінде және талаптарын сақтай отырып, ақпаратты мемлекеттік органдарға беру;
44) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызмет қатысушыларының тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар болуын қамтамасыз ету;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бақылау ақпараттық жүйелерін, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
45-1) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазарту жасау тәртібін әзірлеу;
45-2) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазарту қағидаларын әзірлеу;
45-3) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабына сәйкес кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
46) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
47) тауарларды Кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын орналастыру кезінде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
48) төмен тұрған мемлекеттік кірістер органының және оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды қарау;
49) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдiк келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткізу;
50) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
50-1) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;
51) өз құзыреті шегінде Кеден одағы кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
52) тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру;
53) тауарлардың шыққан елі туралы алдын ала шешім қабылдау;
54) тауарлардың Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс сыныпталуын тексеру;
54-1) тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын әзірлеу;
54-2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында жариялауды қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсіндірулер беру;
55) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
56) өз құзыреті шегінде кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру;
57) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
57-1) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде көліктік және санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу;
57-2) зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;
58) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
59) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оны анықтау жөніндегі жұмыс жүргізу;
60) жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
61) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
62) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы іс-қимылдардан қорғау;
63) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
64) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
65) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
66) тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
67) мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер бойынша және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультациялар беру;
68) келіп түсетін кеден ісі саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
69) ҚР Үкіметінің 2017.25.12. № 868 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70) Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 70-1) - 70-28) тармақшалармен толықтырылды
70-1) - 70-7) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
70-1) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру;
70-2) экономикалық және қаржылық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;
70-3) өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық, өңірлік жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер тұжырымдау, мемлекеттік кірістер аумақтық органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату;
70-4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, анықтау және алдын ала тергеу, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі мен анықтау практикасына талдау жасау, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, мемлекеттік кірістер органдарының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау;
70-5) мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесіне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердің жүрген жері белгісіз болған кезде оларды іздестіруді жүзеге асыру;
70-6) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар қызметінде шетелдік мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу және өз құзыреті шегінде қатысу;
70-7) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
70-8) - 70-28) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;
72) мынадай:
салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
салық нысандарын қабылдау;
камералды бақылау;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен бесінші абзацы жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
салықтық тексеру;
ірі салық төлеушілердің мониторингі;
салықтық тексерістер;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;
73) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
74) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
75) жоспардан тыс тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыру;
76) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
77) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін, бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізу;
78) салықтық әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуды және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
79) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
80) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;
81) мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзартудан бас тарту немесе мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
82) халықаралық шарттардың ережелерін Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен қолдану;
83) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
84) трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
85) соттарға талап қою арызын Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес ұсыну;
86) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салықтық және салыққа жатпайтын түсімдердін есепке жатқызылуын және/немесе қайтарылуын жүзеге асыру;
87) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;
88) салық төлеушілердің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
89) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
90) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруда этил спиртін, алкоголь өнімдерін және темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
91) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
92) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау;
93) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
94) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін белгілі бір түрге жатқызу;
95) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
96) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
97) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
97-1) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
97-2) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
97-3) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;
97-4) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
97-5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асыру;
97-6) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
97-7) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-8) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою жөнінде хабарлама нысанын әзірлеу;
97-9) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
97-10) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
97-11) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлеу;
97-12) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлеу;
97-13) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін-есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін - акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін әзірлеу;
97-14) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін әзірлеу;
97-15) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;
97-16) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
97-17) этил спирті және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлеу;
97-18) этил спирті және алкоголь өнімін ендіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлеу;
97-19) этил спиртін сақтау мен еткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін әзірлеу;
97-20) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең темен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
97-21) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-22) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;