2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 39-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-тарау. ПСИХИКАҒА БЕЛСЕНДІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫ ТҰТЫНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХИКАЛЫҚ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ БҰЗЫЛУШЫЛЫҒЫ (АУРУЫ) БАР АДАМДЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМНЫҢ СТАЦИОНАРЫНА МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымының өкілі осы адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық қорытындылары болған кезде ғана науқастың жұбайының (зайыбының), туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша береді.
Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселені шешу жағдайында арызды осындай арыз берілген кезде аталған адамның орналасқан жеріндегі ішкі істер органдары береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының оны психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану және оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді қорытындысы қоса беріледі.
342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберілетін, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілдерінің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның туыстарының, жұбайының (зайыбының), қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу туралы іс қозғалған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкелдіреді.
343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды заңда белгіленген мерзімге психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
1. Заңда көзделген жағдайларда, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімі осы ұйымның орналасқан жері бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым әкімшілігінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкін.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.
345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.
40-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
346-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру
1. Туберкулезбен ауыратын азаматты оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу туралы арызды денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) өкілі осы науқасты медициналық (диспансерлік) қадағалауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша немесе науқастың тұрғылықты жері бойынша сотқа береді.
2. Туберкулезбен ауыратын азаматты оның келісімінсіз емдеу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға денсаулық сақтау ұйымының науқасты туберкулезбен ауырады деп тану туралы қорытындысы, сондай-ақ науқастың дәрігер тағайындаған емнен бас тартуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
3. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын азаматқа қатысты арызды түзеу мекемесінің әкімшілігі жазалау мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей түзеу мекемесінің орналасқан жері бойынша сотқа береді.
347-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау
1. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды судья арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін азаматтың қатысуымен сот отырысы залында не осы науқасқа медициналық (диспансерлік) бақылауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша қаралады.
Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және прокурордың деректері бойынша адам аурудың таралу қатеріне байланысты айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жағдайда, іс адамның қатысуынсыз не бар болған кезде бейнеконференцбайланыс құралдары пайдаланыла отырып қаралуы мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.
348-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім туберкулезбен ауыратын азаматты туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде толық емделу курсынан өтпеген азаматты мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен босатылған жері бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда жүзеге асырылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
5. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын азаматты жіберу туралы сот шешімін орындауды осы мекемеге хабарлау негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.
41-тарау. ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНА БАС ҰЙЫМ РЕТІНДЕ КIРЕТIН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ҰЙЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
349-бап. Қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау
Қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қарайды.
Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
350-бап. Қайта құрылымдау туралы арыз беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңда көзделген негіз көрсетілуге тиісті қайта құрылымдау туралы арызға:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша жазбаша келісімі;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі мен мерзімі;
қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;
қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса беріледі.
351-бап. Арызды қарау
Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды оны соттың іс жүргізуіне қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
352-бап. Арыз бойынша сот шешімі
1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:
1) қаржы ұйымының атауы;
2) қайта құрылымдау мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты қаржы ұйымының лауазымды адамдары белгілене отырып, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) мыналар:
қайта құрылымдау болжанып отырған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің бұрын қабылдаған шешiмдерiнің;
міндеттемелері қайта құрылымдалады деп болжанып отырған, қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға қолдануға жол берілмейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.
353-бап. Соттың қайта құрылымдау жоспарын бекітуі
Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қайта құрылымдау жоспарымен бірге қаржы ұйымы сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаржы ұйымы кредиторлары жиналысының қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауы туралы хаттамасын ұсынады.
354-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның арызы бойынша мынадай:
1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;
2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:
қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға әкеп соқпайтынына жеткілікті негіздердің болуы;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;
қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қайта құрылымдау кезеңінде қолданылған нұсқамалары орындалмаған жағдайда, мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.
Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру қайта құрылымдалған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша міндеттемелердiң, оларды орындаудың тоқтатылуына әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген арызын оны соттың іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 42-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42-тарау. ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, ОЛАРДЫ ОҢАЛТУ, ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ ТАРАТУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi қарау
Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
43-тарау. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗАТТЫ ИЕСІЗ ДЕП ТАНУ ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
356-бап. Арыз беру
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлғаның тұрғылықты жеріндегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа беріледі.
2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа береді.
3. Егер коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы мүлікті есепке алған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін арызбен сотқа жүгінсе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, сот жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды қайтарады.
357-бап. Арыздың мазмұны
1. Жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арызда қандай заттың иесіз деп тануға жататындығы көрсетілуге, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сондай-ақ меншік иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кетуі туралы куәландыратын дәлелдемелер және арыз иесінің затты иеленуге кіріскені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.
2. Коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында қандай мүліктің иесіз деп тануға жататыны, оны кім және қалай анықтағаны және оның иесіз ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуге, сондай-ақ меншік иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз осы мүлікті тастап кеткені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.
358-бап. Істі сот талқылауына дайындау
Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот қандай адамдар (меншік иелері), іс жүзіндегі иелері және басқалары мүліктің тиесілігі туралы мәліметтерді бере алатынын анықтайды, қолда бар мәліметтер туралы тиісті ұйымдардан жауап алады, сондай-ақ осы Кодекстің 165-бабында көзделген барлық процестік әрекеттерді жүргізеді.
Сот талқылауына істі дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
359-бап. Арызды қарау
Жылжымалы затты иесіз деп тану туралы немесе жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды сот арыз берушінің және іс бойынша барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.
360-бап. Арыз бойынша сот шешімі
1. Сот жылжымалы заттың меншік иесінің жоқтығын не меншік иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кеткенін тани отырып, жылжымалы затты иесіз деп тану туралы және оны иеленген тұлғаның меншігіне беру туралы шешім шығарады.
2. Сот жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жоқтығын не оның меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғанын тани отырып, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.
44-тарау. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ДҰРЫС ЕМЕСТІГІН АНЫҚТАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
361-бап. Арыз беру
Егер құқық туралы дау болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары жасалған жазбаға түзетулер енгізуден бас тартса, сот азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың қателерін анықтау туралы істі қарайды. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаның қатесін анықтау туралы арыз арызды берушінің тұрғылықты жері не азаматтық хал актілерін жазу органының орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
Істі сот талқылауына дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
362-бап. Арыздың мазмұны
Арызда азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың қателігі неде екендігі, жасалған жазбаны түзетуден немесе өзгертуден қашан және қандай азаматтық хал актілерін жазу органы бас тартқаны көрсетілуге тиіс.
363-бап. Арыз бойынша сот шешімі
Азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың қателігін анықтаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуіне негіз болып табылады.
45-тарау. НОТАРИАТТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ЖАСАУДАН БАС ТАРТУҒА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫМДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
364-бап. Шағым беру
1. Жасалған нотариаттық әрекетті немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп санайтын мүдделі тұлға бұл туралы нотариус немесе нотариаттық әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам тұрған жер бойынша сотқа шағым беруге құқылы.
2. Заңда санамаланған лауазымды адамдардың өсиеттер мен сенімхаттарды дұрыс куәландырмауына немесе оларды куәландырудан бас тартуына шағымдар тиісті аурухана, басқа да стационарлық емдеу-профилактикалық мекеме, халықты әлеуметтік қорғау мекемесі, тиісті халықты әлеуметтік қорғау органы, экспедиция, госпиталь, әскери-оқу мекемесі, әскери бөлім, құрама, мекеме, ұйым, бас бостандығынан айыру орны орналасқан жер бойынша сотқа беріледі.
3. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңіз кемесі немесе ішкі сулардағы кеме капитанының өсиетті дұрыс куәландырмауына немесе оны куәландырудан бас тартуына шағымдар кеме тіркелген порт орналасқан жер бойынша сотқа беріледі.
4. Шағым жасалған нотариаттық әрекет туралы немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тарту туралы арыз берушіге белгілі болған күннен бастап есептелетін он күн мерзімде сотқа беріледі.
365-бап. Істі сот талқылауына дайындау
Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот жасалған қандай нотариаттық әрекетпен немесе оны жасаудан бас тартумен арыз берушінің келіспейтінін, оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу неден көрінетінін анықтайды, осы Кодекстің 165-бабында көзделген барлық процестік әрекеттерді жасайды.
Істі сот талқылауына дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
366-бап. Шағымды қарау
1. Шағымды сот арыз берушінің, шағым жасалып отырған нотариаттық әрекетті жасаған немесе нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартқан нотариустың немесе нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамның қатысуымен қарайды. Алайда олардың келмеуі істі шешу үшін кедергі болмайды.
2. Егер шағым беру кезінде немесе істі қарау кезінде мүдделі тұлғалар арасында жасалған нотариаттық әрекетке негізделген құқық туралы дау белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге және басқа да мүдделі тұлғаларға олардың дауды талап қою ісін жүргізу тәртібімен шешу құқығын түсіндіреді.
367-бап. Шағым бойынша сот шешімі
Арыз берушінің шағымын қанағаттандырған сот шешімі жасалған нотариаттық әрекеттің күшін жояды немесе осындай әрекетті жасауға міндеттейді.
46-тарау. КӨРСЕТУШІГЕ БЕРІЛЕТІН ЖОҒАЛҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОРДЕРЛІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ (ШАҚЫРТУ ІСІН ЖҮРГІЗУ)
368-бап. Арыз беру
1. Көрсетушіге берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік бағалы қағазды (бұдан әрі - құжат) жоғалтқан адам заңда көрсетілген жағдайларда сотқа жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы арыз беруге құқылы. Тиісті түрде сақтамау салдарынан немесе басқа да себептермен құжаттың төлемдік белгілері жоғалған кезде де құжат бойынша құқықтардың қалпына келтірілуі мүмкін.