Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1041 қаулысы
(2016.29.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына:
1-тармақта:
1) тармақшада:
«Қаржы бірінші вице-министрі» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павлов Александр Сергеевич» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржы вице-министрі» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«Қаржы вице-министрі» деген сөздер «Қаржы бірінші вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Экономика және сауда» деген сөздер «Индустрия және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |