ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген
функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2022.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 44-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
1-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
1-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;»;
2) 55-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
1-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
1-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
2-тармағының 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 15-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «пробация қызметінің есебінде тұрған» деген сөздер «өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 2) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 16-баптың бірінші бөлігінде:
11) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшадағы «тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 3) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 17-бапта:
екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «емдеу-профилактикалық, туберкулезге қарсы,» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
1) тармақшадағы «, сондай-ақ дәрi-дәрмектер мен қосымша емдеу-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалатын қосымша көрсетілетін қызметтерге құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету бойынша ұсынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жатады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктің 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
2-тармағының 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады;»;
4) тармақшадағы «мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған» деген сөздер «өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
5-3) сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;»;
2-тармағының 4) тармақшасының тоғызыншы абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
екінші бөліктегі «мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсетеді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 20-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында белгіленген,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәмелетке толмаған адамды пробация қызметінің немесе полицияның есебіне қою ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің, ал қажет болған кезде - педагогтің немесе психологтің қатысуымен жүзеге асырылады.»;
2-тармағының 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде, ал мекемелерден босатылған адамдар босатылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға есепке қою үшін келуге;
2) жазаны өтеудің осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын сақтауға;
3) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мінез-құлқы туралы есеп беру және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келіп тұруға;
4) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға тұрақты тұрғылықты жерінің, жұмысының немесе оқуының өзгеруі туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
2. Сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жазалаудың және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.»;
2-тармағының 7) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
7) 22-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «беру және оны алудан бас тарту» деген сөздер «алу» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармағының 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары
Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда, пробация қызметі осы Кодекстің 68-бабының екінші бөлігіне, 176-бабының екінші бөлігіне сәйкес материалдарды сотқа жібереді.»;
2-тармағының 9) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 26-бапта:
екінші бөлік «, оларды орындау мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдарға жүктеледі» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «мекеме» деген сөз «мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 63-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде әлеуметтік-құқықтық көмек алу үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.»;
2-тармағының 11) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
11) 69-баптың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмекті беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «беру» деген сөз «алу» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармағының 12) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 97-баптың бірінші бөлігіндегі «сотталғандар мен персоналдың қауіпсіздігін» деген сөздер «сотталғандардың, персоналдың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 13) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) 104-баптың екінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «емдеу-профилактикалық мекемелердегі, мекеменің медициналық-санитариялық бөлімінің стационарларындағы» деген сөздер «мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «емдеу-профилактикалық мекемелердегі, сондай-ақ мекеменің медициналық-санитариялық бөлімінің стационарларындағы» деген сөздер «мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 14) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14) 107-баптың екінші бөлігіндегі «мекеменің медициналық бөліміне» деген сөздер «мекемеде орналасқан медициналық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 15) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) 117-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым) ұйымдастырылады. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекемеде орналасқан медициналық ұйым жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Мекеме әкімшілігі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды ұсынады және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
төртінші бөліктегі «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 16) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16) 121-баптың екінші бөлігіндегі «Мекеменің медициналық-санитариялық бөлімінің стационарындағыларды» деген сөздер «Стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдағыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 17) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 134-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлардан немесе жалғыз адамдық камералардан мекемелерде орналасқан медициналық ұйымға, сондай-ақ өзге де медициналық денсаулық сақтау ұйымына ауыстырған жағдайда, олардың сонда болу мерзімі жазаны өтеу мерзімінің есебіне жатқызылады.»;
2-тармағының 18) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18) 147-баптың бесінші бөлігінде:
«дәрігердің» деген сөз «медицина қызметкерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сотталған адам емдеуге жатқызылған кезде медициналық-санитариялық бөлімнің стационарына ауыстырылады.» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сотталған адам емдеуге жатқызылған кезде стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемеде орналасқан медициналық ұйымға ауыстырылады. Мекемеде орналасқан медициналық ұйымда медициналық бұйымдар және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандар болмағандықтан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, сотталған адам өзге тиісті медициналық ұйымға емдеуге жатқызылады.»;
2-тармағының 19) тармақшасы:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19) 161-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган» деген сөздер «қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 20) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
20) 166-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «және пробация қызметін» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «пробация қызметіне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 21) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
21) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi:
1) жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсетеді;
2) мекемелерден босатылған адамдар үшін жыл сайын жұмыс орындарына квоталар бөледі, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.
2. Мекемеден босатылған адам жұмысқа және тұрмыста орналасуда өзіне көмек ұсынылуы және әлеуметтік көмектің өзге де түрлері ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.»;
2-тармағының 22) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
22) 169-бапта:
төртінші бөлікте:
1) тармақшадағы «қызметке» деген сөз «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «пробация қызметіне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.»;
сегізінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзі есебінде тұрған ішкі істер органына айына кемінде бір рет өзінің мінез-құлқы туралы есеп беру үшін келіп тұруға;»;
2-тармағының 23) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
23) 172-бапта:
бесінші бөлікте:
1) тармақшадағы «пробация қызметіне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «пробация қызметіне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.»;
тоғызыншы бөлікте:
«ішкі істер органдарына» деген сөздер «өзі есебінде тұрған ішкі істер органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ алатын әлеуметтік-құқықтық көмек туралы есеп беру үшін пробация қызметіне» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармағының 24) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
24) 174-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «көмекті ұсыну және оны алудан бас тарту» деген сөздер «көмек алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шартты түрде сотталған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.».
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік реттеу шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын жаңа талаптар тұтынушылар, мемлекет үшін пайда мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға байланысты шығасылардан басым болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.»;
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне:
1) осы Кодексте белгіленген реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру;
2) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімін арттыру;
3) реттеушілік саясатты қалыптастыруда жобалық басқаруды ендіруге, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің бұрын қабылданған шешімдерінің сабақтастығы мен ескерілуіне негізделген мемлекеттік реттеудің жүйелілігі мен дәйектілігі;
4) кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтіргені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының дербес жауапкершілігін енгізу;
5) жаңа талаптарды енгізу нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергілер жасауға жол бермеу арқылы қол жеткізіледі.»;
3) 22-баптағы «кәсіпкерлік және кәсіби қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін мемлекеттік реттеу саласын ондағы ең төмен қажеттілікті негізге ала отырып қысқарту арқылы» деген сөздер «ең төмен қажеттілікті негізге ала отырып мемлекеттік реттеу саласын қысқарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де ынталандыру шаралары арқылы кәсіпкерлік және кәсіптік қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 38-баптың 6-тармағындағы «болмашы» деген сөз «төмен» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін мынадай шарттардың алдын ала сақталуы:
1) нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс;
2) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын қоспағанда, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігі бар өзге де коммерциялық емес ұйымдардың жұмыс істеуі қажет.»;
6) 64-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген» деген сөздер алып тасталсын;
7) 80 және 81-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«80-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және шектері
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ел экономикасының өсуін ынталандыратын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды;
2) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызметке қолайлы экожүйе қалыптастыруды;
3) адал бәсекелестікті дамытуға жағдайлар жасауды;
4) кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнестің адал, әдепті жүргізілуін ынталандыруды;
5) өзін-өзі реттеуді дамытуға жәрдемдесуді;
6) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтиды.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу реттегіш құралдар арқылы жүзеге асырылады және:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері;