11-3) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген тұлғалар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді;»;
60) 168-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақшадағы «қолданылуын тоқтату» деген сөздер «қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 169-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілуі» деген сөздер «уәкілетті органның аумақтық органы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «ақпаратты беруге міндетті» деген сөздер «ақпаратты сұрау салуда белгіленген мерзімде беруге міндетті, ол кемінде бес жұмыс күнін құрауға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 170-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы ұсыну бере отырып, Республикалық палата мүшелігінен шығару.»;
63) 172-1-бапта:
1) тармақша «не одан айырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «міндетті» деген сөз «жеке сот орындаушысы жүктілігіне және босануға байланысты не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде мүшелік жарналарды төлеуден босатылған, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті бір айдан астам жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда, міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігі 7) тармақшадағы «ақшасына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшасына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
11-тармақта:
екінші бөлік «зейнетақы қорларының ақшасына» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің ережесі лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары қоятын шектеулерге қолданылмайды.»;
2) 35-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушылық құжатта (ол болған кезде) көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының сомасы:
1) борышкер борышқа ішінара ақы төлеуді өз бетінше жүргізген және атқарушылық құжатта сот орындаушысының бұл туралы белгісі бар;
2) бір атқару парағының негізінде борышты бірнеше бенефициардың пайдасына ортақ өндіріп алу жүзеге асырылатын;
3) сот орындаушысының қаулысымен мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша берешек айқындалған жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс.»;
8-тармақ «осындай шотқа» деген сөздерден кейін «ол түскен күннен кейінгі үш операциялық күннен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «шоттардағы ақшаны,» деген сөздерден кейін «жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының инкассолық өкімін кері қайтарып алу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
16. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 46-құжат; № 21, 102-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
14-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алады және оны басқа сот орындаушысына беру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына береді;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 маусым
№ 349-VI