Уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытша сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осы өкімді шығарған орган жояды.
6. Осы Заңға сәйкес атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы ақшаны лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытша сақтауға арналған ағымдағы шотынан өзінің өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына аударуды жүзеге асыру үшін банкке не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы шешімі;
2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атқарушылық іс жүргізулерді басқа жеке сот орындаушысына беру туралы, жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ оның лицензиясының нөмірін қамтитын шешімі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және берілген төлем құжаты.
Банк не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді (ол болған кезде) кері қайтарып алғаннан кейін лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша аударуды жүзеге асырады және ағымдағы шотты жабады.»;
42) 126-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «үш күннен» деген сөздер «үш жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу» деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшада:
«мемлекеттік» деген сөз «не атқарушы округтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(жеке сот орындаушысын қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «тараптарға» деген сөз «өтініш жасаған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «атқарушылық iс жүргiзу мәселесі жөнiндегi арыздар мен тараптардың өтiнiштерiн» деген сөздер «бес жұмыс күні ішінде тараптардың атқарушылық iс жүргiзуге байланысты арыздары мен өтiнiшхаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) шығаруға, қоныстануға, бұзуға байланысты атқарушылық құжаттарды орындаған кезде, сондай-ақ мүлікті тізімдеуді және алып қоюды жүргізген кезде аудио-, фото-, бейнетіркеу жүргізуге міндетті.»;
43) 139-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысына, оның көмекшілеріне және тағылымдамадан өтушілерге атқарушылық әрекеттер жасауына байланысты, оның ішінде өкілеттіктерін тоқтатқаннан немесе жұмысынан шығарылғаннан кейін де, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне белгілі болған мәліметтерді жариялауға, құжаттарды жария етуге тыйым салынады.»;
44) 140-бапта:
1-тармақтағы «Жиырма бес жасқа толған, жоғары» деген сөздер «Жоғары» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мына адам:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде;
4) теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;
5) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;
6) жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған;
7) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған;
8) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.»;
45) 142-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мыналар аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;
3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;
4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.»;
46) 143-бапта:
1-тармақтағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарының және Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және өңірлік палаталары тәртіптік комиссиясының ұсынуы негізінде уәкілетті органның шешімімен» деген сөздер «уәкілетті органның шешімімен оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ұсынуы негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайда:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдамау құқықтардың одан әрі бұзылуына алып келуі не атқарушылық іс жүргізу тараптарына немесе өзге де тұлғаларға нұқсан келтіруі мүмкін болса, жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;»;
4) тармақшадағы «және 77-бабының 8-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «бұзғанда;» деген сөздер «бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың үшінші сөйлеміндегі «қалпына келтіру» деген сөздер «жаңарту» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі» деген сөздер «жүргізулер басқа жеке сот орындаушысына беру үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі, бұл туралы атқарушылық іс жүргізу тараптары хабарландырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы жеке сот орындаушысы және Республикалық палата хабардар етіледі.
8. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңартудан бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
47) 144-бапта:
тақырыбы «тоқтату» деген сөзден кейін «және лицензиясынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
2) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кетті деп танылған;
4) қайтыс болған;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9) 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру:
1) атқарушылық әрекеттер жасау кезінде, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
2) жеке сот орындаушысы өз қызметіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерді (мөлшерлемелерді) асырып өндіріп алған;
3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат берілген;
4) бір ай ішінде осы Заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты бойынша атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған;
5) жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру кезеңінде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған;
6) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақысы төленетін өзге де қызмет түрлерімен айналысқан;
7) осы Заңның 170-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Республикалық палата мүшелігінен шығарып жіберген жағдайларда уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
«тоқтату» деген сөзден кейін «не лицензиясынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
«жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы» деген сөздер «Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
«уәкілетті органның тапсырмасы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
«тапсыру» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын» деген сөздер «лицензиясының қолданысы тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізулерін, іс жүргізуін, архивін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жеке мөрін» деген сөздерден кейін «, қызметтік куәлігін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6-тармақ «қолданылуын тоқтату» деген сөздерден кейін «не лицензиясынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
48) 146-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты оның мүліктік мүддесі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және қызметін республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыратын жеке сот орындаушылары үшін - шарт жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір мың еселенген, өзге де жеке сот орындаушылары үшін кемінде бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
2-2. Сақтандырылған тұлғаның атқарушылық құжаттарды орындау кезінде кәсіби қателер жіберуі салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) процестік құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
2) атқарушылық құжатты орындағаннан, жеке сот орындаушысының қызметіне және борышкерге зиян келтіруге алып келген орындау жөніндегі шығыстарға ақы төленгеннен кейін мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы жоймау;
3) өзіне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген жасалатын әрекеттердің салдары туралы оған хабар бермеу;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) атқарушылық іс жүргізу тараптарынан алған құжаттарды жоғалту немесе бүлдіру;
5) қызметі нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз жария ету жеке сот орындаушысының кәсіби қателері деп түсініледі.
Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлға атқарушылық құжаттарды орындау барысында үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер келтірілген зиянның мөлшері кәсіби жауапкершілікті сақтау шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен, оның ішінде ақшамен қайтарады.»;
49) 147-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) атқарушылық құжатта көрсетілген соманы толық өтеу арқылы оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және борышкерден осы Заңның 118-бабына сәйкес оның қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, оны өтеуді талап етуге;»;
50) 148-баптың 1-тармағында:
4) тармақшада:
«жөніндегі» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«, қаулыларды, актілерді, хаттамаларды және өзге де құжаттарды электрондық атқарушылық іс жүргізуге жүктеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
5-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) уәкілетті органның аумақтық органдарына, Республикалық палатаға, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына қаралатын шағым шеңберінде сұратылатын ақпаратты, оның ішінде атқарушылық іс жүргізуді ұсынуға;»;
«9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайларда, атқарушылық іс жүргізулер мен архивті үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруге;»;
51) мынадай мазмұндағы 153-1-баппен толықтырылсын:
«153-1-бап. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру
1. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру атқарушылық іс жүргізулерді орындау үшін бір жеке сот орындаушысынан басқа жеке сот орындаушысына уақытша беруден тұрады.
2. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру негіздері: жеке сот орындаушысының осы Заңда көзделген міндеттерді орындауына уақытша кедергі келтіретін еңбек немесе оқу демалысы, науқастану, іссапар және өзге де мән-жайлар болуы мүмкін.
3. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру атқарушылық іс жүргізу тараптарына міндетті түрде хабарлай отырып, Республикалық палата айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Өндіріп алушы өзінің атқарушылық құжатын басқа жеке сот орындаушысына орындауға уақытша берумен келіспеген жағдайда, атқарушылық құжат және пайдаланылмаған аванстық жарна оның өтініші бойынша қайтарылуға жатады.
4. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру кезеңінде оны алмастыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметіне ақы алуға құқылы.
5. Берілген атқарушылық іс жүргізу бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін оларға тікелей жол берген жеке сот орындаушысы жауапты болады.»;
52) 156-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «жобаларын» деген сөзден кейін «, оның ішінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 161-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке сот орындаушысының лицензиясы, атқарушылық құжаттарды орындау саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы бола алады.
Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатаның басшысын тағайындау және қызметтен босату тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.»;
54) 162-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) атқарушылық құжаттарды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлуді жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) және 2-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
2-2) жеке сот орындаушыларының қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
2-3) уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы хабардар еткен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізулерді, іс жүргізуді және архивті басқа жеке сот орындаушысына беру жөнінде шаралар қабылдайды;
2-4) жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы мәселелерін қарайды;
2-5) уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпарат береді;»;
55) 163-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Республикалық палатаның төрағасын лауазымға төралқа екі жыл мерзімге сайлайды. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республикалық палатаның төрағасы болып сайлана алмайды.
5. Республикалық палатаның төрағасы:
1) Республикалық палатаның ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, басқарма отырыстарына төрағалық етеді және төралқаның отырыстарына қатысады;
2) Республикалық палата атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) Республикалық палатаның жарғысында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
56) 163-1-баптың 1-тармағында:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;»;
3-4) тармақшадағы «жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату» деген сөздер «жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-3), 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-3) жеке ұйғарымдарды, соттың қаулыларын, прокурордың, жеке сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның ұсынуларын қарайды;
6-4) үш жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпарат береді;
6-5) Республикалық палатаның интернет-ресурсында лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырған жеке сот орындаушылары туралы ақпарат орналастырады;»;
57) мынадай мазмұндағы 163-2 және 163-3-баптармен толықтырылсын:
«163-2-бап. Республикалық палатаның жарғысы
Республикалық палатаның жарғысында:
1) Республикалық палатаның атауы, қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
2) Республикалық палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
3) мүшелікке қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату тәртібі;
4) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;
5) Республикалық палатаның құрылымы, қалыптастыру тәртібі және оның органдарының құзыреті;
6) мүліктің пайда болу көздері және оларға билік ету тәртібі;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер көзделуге тиіс.
163-3-бап. Республикалық палатаның басқарма төрағасы
1. Республикалық палатаның басқарма төрағасы:
1) Республикалық палатаның съезі, төралқасы және басқармасы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
2) Республикалық палатаның ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқарманың отырыстарына төрағалық етеді және Республикалық палата төралқасының отырыстарына қатысады;
3) мемлекеттік билік және басқару органдарымен, сот органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Республикалық палатаның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
4) Республикалық палатаның жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Республикалық палатаның басқарма төрағасы лауазымды қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.»;
58) 164-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары
1. Съезд, төралқа, басқарма Республикалық палатаның басқару органдары болып табылады.
2. Съезд Республикалық палатаның жоғары басқару органы болып табылады және жылына кемінде бір рет шақырылады. Кезектен тыс съезд Республикалық палата басқармасының шешімімен не Республиканың жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларының жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылады.
Съездің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Жеке сот орындаушыларының жарғысын, кәсіби ар-намыс кодексін қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) Республикалық палатаның төралқасының және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, босату;
3) мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту.
Республикалық палатаның жарғысында съездің құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
3. Төралқа Республикалық палатаның өкілді органы болып табылады. Төралқаның құрамына жеке сот орындаушыларының әрбір өңірлік палатасынан екі жыл мерзімге сайланатын бір-бірден жеке сот орындаушысы, сондай-ақ өкілеттіктер мерзімін уәкілетті орган айқындайтын уәкілетті органның үш өкілі кіреді.
Төралқа төрағасын төралқа өзінің мүшелері қатарынан екі жыл мерзімге сайлайды.
Төралқа:
1) Республикалық палатаның төрағасын лауазымға сайлайды және лауазымнан босатады;
2) Республикалық палата қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
3) Республикалық палатаның жылдық бюджетін бекітеді;
4) басқарманың қызметі туралы оның есебін тыңдайды;
5) жарғыда көзделген өкілеттіктер шеңберінде өзге де қызметті жүзеге асырады.
4. Басқарма Республикалық палатаның тұрақты жұмыс істейтін алқалы атқарушы органы болып табылады. Республикалық палатаның төрағасы басқарма төрағасы болып табылады.
Басқарманың құрамын Республикалық палата төрағасының ұсынуы бойынша төралқа бекітеді.
Басқарма:
1) съезд пен төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) Республикалық палатаның қызметін дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
3) жарғыда көзделген шекте және тәртіппен Республикалық палатаның мүлкіне билік етеді.
Республикалық палатаның жарғысында басқарманың құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.»;
59) 167-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке немесе заңды тұлғаның қаралып отырған өтініші шеңберінде жеке сот орындаушысынан қажетті ақпаратты талап етеді;»;
8) тармақшадағы «143 және 144-баптарының 2-тармақтарында» деген сөздер «143-бабының 2-тармағында, 144-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада:
«1-тармағында» деген сөздер «2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату» деген сөздер «жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1), 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) тыйым салынған мүлікті өткізу қағидаларына сәйкес Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;
«11-1) осы Заңның 140-бабында көзделген, жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысуына кедергі келтіретін шектеулерді анықтау нысанасына тексеру жүргізеді;
11-2) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;