2) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, Қазақстан Республикасында 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
3) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түскен кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
4) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
5) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
6) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік бір компания бақыланатын шетелдік басқа компаниядан алған дивидендтер сомасы. Егер бақыланатын шетелдік бір компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында осындай бақыланатын шетелдік басқа компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасына немесе осы тармақшаға сәйкес азайтылған осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
«6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын қолдану үшін:
резиденттің бақыланатын шетелдік екі компаниясының арасында дивидендтердің бөлінгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына резиденттің бақыланатын шетелдік басқа компаниясы төлеген (төлейтін) дивидендтердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығының есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
шоғырландырылған топтың барлық қатысушысының толық атауы, резиденттік елі және қатысу үлестері (дауыс беретін акциялары) көрсетілген құрылымын айқындайтын құжаттар. Осындай құжаттармен қатар сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) үзінді-көшірме немесе шоғырландырылған топтың қатысушысы тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге ұқсас құжат ұсынылады.
Осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмесі бар болуға тиіс.».
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Мыналар:
1) 2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.06.05. № 324-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, 2020 ж. 1 қазанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Салық кодексінің 8 және 9-бөлімдерінің қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлімдер мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«8-бөлім. Жеке табыс салығы
35-тарау. Жалпы ережелер
316-бап. Төлеушілер
1. Жеке тұлғаның төлем көзінен және дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
2. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстің 36-тарауының 1-параграфында, 38-тарауында және 657-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
2. Резидент-жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 36-тарауының 2-параграфында, 39 және 40-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістері бойынша осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 74-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
5. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
6. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің 775-бабына сәйкес жүргізіледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 15 абзац өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мұндай тұлға осы Кодекстің 71-тарауында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
318-бап. Салық салу объектілері
Мыналар жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады:
1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;
2) жеке тұлғаның дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі.
319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі
1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады.
2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:
1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде өтемақы төлемдері;
2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;
Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
5) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тұрғынжайды жалдау (жалға алу) бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақылары;
6) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары;
7) далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық үлесі;
8) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;
осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктік өтемақы шегiнде тамақтануға шығыстары;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 38 абзац жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) жұмыс берушінің жұмыскерлерді Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері жеткізуге байланысты шығыстары;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, оның ішінде оларды жөндеудің, жеке қорғану құралдарының, жуу және дезинфекциялау құралдарының, профилактикалық өңдеу құралдарының, медициналық қобдишаның, сүттің немесе бағасы тең басқа да тамақ өнiмдерiнiң және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің құны;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 40 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитетінің шешімімен ауруды пандемия деп тану салдарынан шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуіне байланысты зертханалық зерттеп-қарауға, жеке-дара қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, профилактикалық екпелерге, медициналық байқауға, емдеуге, оқшаулауға, емдеуге жатқызуға бағытталған, жұмыс берушінің жұмыскерлер пайдасына шығыстары (жұмыскерлер шығыстарының орнын толтыруды қоса алғанда);
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына, жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есепке жазылған өсiмпұл сомалары;
13) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және бір жыл және одан көп уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
14) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
15) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
16) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған мүлік құнының өсімі;
18) егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлемақысынан жеке жүргізілсе - дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші-жеке тұлғаға тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;
19) опционды орындау кезіне опционның базалық активі нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып кетуі (опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады);
20) жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;
21) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
22) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өзінің жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:
қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы-жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының банкке (микроқаржы ұйымына) атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;
ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:
банктің (микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
24) банк (микроқаржы ұйымы):
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген кіріс;
25) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;
26) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;
27) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;