11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда - қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша мөлшерлеме көрсетіле отырып, қосылған құн салығының сомасы;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайы;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
8. Бақылау-касса машинасының чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасын көрсететін деректерді қамтуы мүмкін.
9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Салық кодексінің 167, 168 және 169-баптарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы баптар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
1. Осы тармақта белгіленген жағдайды қоспағанда, модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.
2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;
3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған тауар чектерінің кітабын ұсынады.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;
3) есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулығын ұсынады және оған қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде пайдаланылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) фискалдық режимді орнатпай-ақ мәліметтерді енгізу мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;
3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын және тауар чектерінің кітабын ұсынады.
5. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде пайдаланылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасы;
3) есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
6. Бақылау-касса машинасын есепке қоюды салық органдары бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
7. Бақылау-касса машиналарын есепке қою бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі беріле отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы қалыптастырыла отырып жүргізіледі.
8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу
1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту салық төлеушiнің келу тәртібімен қағаз жеткізгіште салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;
2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3. Тіркеу карточкасын ауыстыруды бақылау-касса машинасы есепке қойылған жердегі салық органы:
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы, салық төлеуші бақылау-касса машинасының көрсетілген тіркеу карточкасын жоғалтқан (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтаруға жатады.
169-бап. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару
1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару:
1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің тұрған жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап етсе;
3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;
5) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін ол пайдаланылатын жердегі салық органына:
1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;
2) бақылау-касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы;
4) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған тауар чектерінің кітабы;
5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережесі деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына осындай бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ұсынады және «Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Бақылау-касса машинасын есептен шығаруды салық органы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.».
24-бап. Салық кодексінің 172-бабы 15-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидалары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.».
25-бап. Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Салық төлеуші (салық агенті) салық нысандарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.».
26-бап. Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:».
27-бап. Салық кодексінің 213-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушіге;».
28-бап. Салық кодексінің 228-бабы 6-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«6. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1) - 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады:».
29-бап. Салық кодексінің 232-бабы 5-тармағы бірінші абзацының және 4) мен 5) тармақшаларының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«5. Есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi мынадай жағдайларда азайтылған кезде осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кiрiс деп танылмайды:»;
«4) борышкердің және осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысының заңды күшіне енуі;
5) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына, немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;».
30-бап. Салық кодексінің 250-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.».
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
30-1-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің мазмұнындағы 255-баптың тақырыбының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тақырып мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының, жүк тасымалдаушының жекелеген шығыс түрлерін шегеру»;
2) Салық кодексінің 255-бабы тақырыбының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тақырып мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының, жүк тасымалдаушының жекелеген шығыс түрлерін шегеру»;
3) Салық кодексінің 255-бабы 2-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай:».
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 30-2-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 30-2-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-2-бап. Салық кодексінің 257-бабы 2-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10), 10-1) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында көрсетілген, жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.
31-бап. Салық кодексінің 257-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында айқындалған, жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Салық кодексінің 268-бабы 7-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушіні бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыруға байланысты тіркелген актив алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, осындай активтің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны оның бастапқы құны болып табылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, бірігу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе өзіне басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осындай құнға ұлғайтылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабы 6-тармағының екінші және үшiншi бөлiктерiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, осындай құн Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансына қосылады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 31-2-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-2-бап. Салық кодексінің 270-бабы 6-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтер бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілген активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құнына азайтылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес заңды тұлғаны бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін, беру актісінде берілетін тіркелген активтердің қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша құнын:
1) I топтың тіркелген активтері бойынша - тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардың тіркелген активтері бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - топтың құндық балансының осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген шамасын көрсетуге құқылы. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 194-бабында көзделген бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын топтардың құндық баланстарына қатысты да қолданылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бірігу, қосылу, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша құнына азайтылады.».»;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 31-3-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31-3-бап. Салық төлеушінің 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған амортизациялық аударымдар шегерімге жатқызылған, бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін шеккен кейінгі шығыстарды да Салық кодексінің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімдерге жатқызуға құқығы бар деп белгіленсін.
32-бап. Салық кодексінің 287-бабы 1-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Салық кодексінің 294-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға:
1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген ұйымның өзге нысанын қоспағанда, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі - ұйымның өзге нысаны) болып табылса;
2) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
тұлғаға қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - резидент) тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі болса;
тұлға резидентпен бақылау арқылы байланысты болса (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);
3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған, бейрезидент-заңды тұлғаның немесе ұйымның өзге нысанының пайдасына салынатын салықтың тиімді мөлшерлемесі 10 пайыздан азды құраса;
бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны немесе оның құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжаты) немесе өзіне осындай ұйымның өзге нысаны бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алуды жүргізу немесе активтерді басқару жүктелген қатысушы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелсе, бақыланатын шетелдік компания болып танылады.
Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсаттарында «бақылау» ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды
32-2-бап. Салық кодексінің 297-бабы 4-тармағының және 10-тармағы 6) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Резиденттің растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай соманы есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған, топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомалары. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау жөнінде міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;