лицензия негізінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақылар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар;
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары түріндегі кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде кірістер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алу;
2) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде иеліктен шығару және (немесе) сатып алу және (немесе) өтеусіз алу;
3) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) өтеусіз алу;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шоттарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жиынтығы барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) сомасының болуы.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған жеке тұлға есепті салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде оңайлатылған нысан бойынша қосымшаларсыз кірістер мен мүлік туралы декларацияны (бұдан әрі - кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация) тапсыруға міндетті:
1) жеке тұлға:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлға;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген тұлға;
дара кәсіпкер;
жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайды;
2) жеке тұлға:
мүліктік кіріс;
жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер алмайды;
3) жеке тұлғаның кез келген кірістері болмайды немесе жеке тұлға кірістерді:
төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
алименттер түрінде ғана алды;
4) жеке тұлға салық агентіне төлем көзінен салық салынатын кірісті өзге шегерімдердің алдын ала сомасына азайтуға өтінішті бермеді;
5) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы жоқ немесе жеке табыс салығы бойынша асып кетудің есепке жатқызылуын және (немесе) қайтарылуын жүргізу құқығын іске асыруды қаламайды;
6) жеке тұлға мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алмады, иеліктен шығармады, өтеусіз алмады.
634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктері
1. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (бұдан әрі - кірістер мен мүлік туралы декларация) мынадай нысандардың біреуі бойынша жыл сайын тапсырылады:
1) қосымшаларымен - кірістер мен мүлік туралы толық декларация;
2) қосымшаларсыз - кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация.
2. Кірістер мен мүлік туралы толық декларация:
1) күнтізбелік жылы үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған кірістер;
2) салықтық шегерімдер;
3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
4) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 351-бабында айқындалған салықтық шегерім қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып, асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.
3. Кірістер мен мүлік туралы толық декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
4. Жеке тұлғалар, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы толық декларацияда есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
4) бағалы қағаздар;
5) инвестициялық алтын;
6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.
Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы толық декларацияға қосымшада көрсетіледі.
5. Кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация:
1) кез келген кірістердің жоқ екендігін немесе оларды мынадай:
төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
алименттер түріндегі ғана кірістерді алғанын;
2) салықтық шегерімдерді, оның ішінде салық агенті қолданғандарға қосымша салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы немесе оған ниетінің жоқ екендігін;
3) салық агентіне төлем көзінен салық салынатын кірісті өзге шегерімдердің алдын ала сомасына азайтуға өтініштің берілмегенін;
4) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге, жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактілерінің жоқ екендігін растайтын ақпаратты көрсетуге арналады.
635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларация:
1) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде тапсырылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
2. Дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тұрған жері бойынша тапсырады.
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасы ретінде айқындалады.
Егер жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасының теріс мәні болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасы нөлге тең деп танылады.
2. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабында көзделген, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер
қосу
жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі
қосу
дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
Бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
алу
тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі,
қосу
осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, салық агенті есептеген кірістердің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірістерді түзету,
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
Жеке тұлғаның салық салынатын кірісін тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асырудан түсетін кіріс осындай қызмет бойынша операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуін есепке ала отырып, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін алынған жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, жүргізіледі. Осы шарт сақталмаған кезде, дара кәсіпкердің осы тармақтың бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқығы жоқ.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
637-бап. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда дербес жүргізеді.
2. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
3. Бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 638-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы;
алу
осы Кодекстің 639-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.
638-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
1. Резидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірістерден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде жеке табыс салығының мөлшерлемесі шегінде осы Кодекстің 303-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады.
2. Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы есепке жатқызуға жатады:
Се = П х Ү х Мт/100%, мұнда:
Се -шетелдік табыс салығының есепке жатқызылуға жататын сомасы;
П - осы Кодекстің 340-бабына сәйкес резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау коэффициенті;
Мт - осы Кодекстің 294-бабына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.
Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан мыналар тіркелген мемлекеттерде 10 пайыздан аз болатын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады:
1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
2) тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания;
3) резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) сол арқылы жанама иеленетін не оның жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлға.
Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынса, онда тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінен барынша көп шаманы құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы абзацтың ережелері:
1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленген немесе жанама бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау сол (солар) жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (тұлғалар) тіркелген) екі және одан көп шет мемлекетте төленген кезде, немесе
2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иеленген немесе тікелей бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.
Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иеленген не резиденттің тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті бақылауы болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға тиіс.
Осы тармақты қолдану үшін резидентте осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болуға тиіс.
639-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу
1. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шамаға азайтылады:
1) дивидендтер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына енгізілген, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан аз болатын мөлшерлеме қолданыла отырып есептелген, төлем көзінен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасына және резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелері қолданбаған жағдайда қолданылады;
2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама:
Сш = К х (Мқ -Мт)/100%, мұнда:
Сш - осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық;
К - дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған кіріс немесе салық салынатын кіріс;
Мқ - 10 пайыздан аз болатын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында ұстап қалған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Мт - бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісті немесе салық салынатын кірісті қамтитын, осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылуға тиіс пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі - пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі).
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі, егер резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелерін қолданса және корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесінен көп болса, пайдаланылады.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидент-жеке тұлғада мынадай:
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын резиденттің ұстағанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударғанын растайтын;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістің немесе салық салынатын кірістің енгізілуін растайтын шет тілде (қазақ немесе орыс тіліне міндетті аудармасымен) жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың);
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолдану кезінде осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.
640-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
Жеке табыс салығы бойынша асып кету деп осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден төлем көзінен ұстап қалған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 637-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма танылады.
641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері
Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кірістер мен мүлік туралы декларацияның тапсырылу тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша.
642-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
1. Резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін әрбір айы үшін есептеледі.
Резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
2. Есепті салықтық кезең аяқталғаннан кейін резидент-еңбекші көшіп келушілер кірістің салық салынатын сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған (алуға жататын) кірістердің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің сомасына азайтылған еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстары орындалатын, қызметтері көрсетілетін әрбір айы үшін есептелген сомасы ретінде айқындалады.
Резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде бюджетке төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
643-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны тапсыру мерзімдері
1. Есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, тұрғылықты (болу) жері бойынша кірістерді алған, резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырады.
2. Салықтық кезең ішінде осы Кодекстің 642-бабында көзделген кірістерді алған, резидент-еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету күніне дейін салықтық кезең ішінде тапсырылады.
19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ
644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері деп кірістердің мынадай түрлері танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар қаржылық қызметтер көрсету деп танылады:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесіне банктік шоттарды ашу және жүргізу, аудару операциялары, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі;