2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге қолданылмайды.
5. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйымдар:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;
3) 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа сай келуге тиіс.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес беруді қамтамасыз етеді.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы Заңның 13-бабының 6-2-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келуге тиіс.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағының күші бірыңғай сатып алушы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Уәкілетті орган жүйелік оператормен бірлесіп, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосуды қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы моделіне көшуді қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Электр энергиясын сатып алу және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сату бөлігіндегі осы Заңның күші 2023 жылғы 1 шілдеге дейін бұзылуға жататын бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |