саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беру;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:
әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмек;
бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауы және консультациясы;
уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
5) мыналарға:
әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге;
динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуге;
тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналған стационарды алмастыратын медициналық көмек;
6) мыналарды:
шұғыл көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызылған пациенттерді;
әлеуметтік мәні бар ауруларды;
уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;
динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтитын стационарлық медициналық көмек;
7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
10) мыналар:
патологиялық-анатомиялық ашу;
динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар;
инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;
11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде - денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;
2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің:
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісінше өндірістік практика (GMP);
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісінше дистрибьюторлық практика (GDP);
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісінше дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер ие болады.
34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі әмбебаптылық, қолжетімділік, дәлелділік, шынайылық және реттелушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады.
2. Әмбебаптылық қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың кіріс деңгейі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмектің ең төмен көлемімен жалпыға бірдей және тең қамтуды білдіреді.
3. Қолжетімділік қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу мүмкіндігін білдіреді.
4. Дәлелділік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтер мен дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми деректердің болуын білдіреді.
5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің мемлекеттік бюджет өлшемдеріне сәйкес келуін білдіреді.
6. Реттелушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және дәрілік заттардың шекті бағаларын мемлекеттік реттеуді білдіреді.»;
1-тармақтың 15) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) мынадай мазмұндағы 34-2 және 34-3-баптармен толықтырылсын:
«34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары мыналар болып табылады:
1) аурулардың диагностикасы және оларды емдеу;
2) созылмалы аурулардың асқынуларын, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылау;
3) аурулардың ерте сатыларда өршуінің және олардың зардаптарының алдын алу;
4) жүктілік және босану кезіндегі медициналық күтім;
5) пациентте өз денсаулығын бақылау дағдыларын қалыптастыру;
6) аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға медициналық күтім.
34-3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.»;
16) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Медициналық көмектің түрлері
Медициналық көмектің түрлері мыналар болып табылады:
1) алғашқы көмек;
2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
3) білікті медициналық көмек;
4) мамандандырылған медициналық көмек;
5) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет;
6) медициналық-әлеуметтік көмек.»;
17) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Алғашқы көмек
1. Шұғыл жағдайлар кезінде оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) жүргізетін адамның өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға арналған жедел базалық іс-шаралар кешені алғашқы көмек болып табылады.
2. Алғашқы көмек көрсету жөніндегі базалық іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы стандарттарда айқындалады.»;
18) 39-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
19) 45-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.» деген сөздер «жұмыстарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы жөніндегі түсіндіру жұмысын қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 50 және 53-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Санитариялық авиация
Пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.»;
«53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі
1. Паллиативтік көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), мамандандырылған дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
2. Мейірбике күтімі дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), мамандандырылған дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
21) 62-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепте көрсетіледі.
Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамының алуы эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып табылады.
Тексерулерден босату мерзімдері уәкілетті орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.»;
4-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;
тиісті мамандық бойынша немесе жалпы гигиена дәрігері мамандығы бойынша санитариялық-гигиеналық бейіндегі дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не эпидемиолог-дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не қоғамдық денсаулық сақтау (эпидемиолог) дәрігерінің жоғары біліктілік санатының болуы;»;
9-тармақтағы «есепті жылдың он бесінші қазанына» деген сөздер «есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»;
22) 64-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;»;
2) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 23) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 76-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн» деген сөздер «Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 88-бапта:
1-тармақтың 24) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өз қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) бірлесіп төлеуге;»;
5-тармақтағы «шетелдіктер» деген сөз «оралмандар, шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 89-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «вакцинация алуға құқығы бар.» деген сөздер «вакцинация алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін алуға құқығы бар.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ жұқтырған балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.»;
26) 90-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілікте болуға;»;
27) 95-бапта:
4-тармақтың 6) тармақшасындағы «анықталған кезде жол беріледі.» деген сөздер «анықталған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу кезінде жол беріледі.»;
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «компоненттерінің» деген сөзден кейін «, тіндердің, ағзалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет туберкулезбен ауыратын науқастарға:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
2) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;
3) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;
4) балалар арасында туберкулездің ауыр, қатты өршитін түрлерімен науқастануды төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.»;
29) 106-баптың 1-тармағындағы «және аспаптық» деген сөздер алып тасталсын;
30) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi
1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды және ол бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге:
1) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың емдеуден бас тартуы және оны (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану) сендірудің барлық әдістерінің оң нәтижесінің болмауы;
2) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түріндегі емдеу режимін бұзуы негіздер болып табылады.
3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға міндетті.
Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша қабылдайды.»;
31) 109 және 110-баптар алып тасталсын;
32) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету»;
33) 112 және 113-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
Мемлекет АИТВ жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
2) динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;
3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;
4) аурудың сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге;
5) АИТВ инфекциясының анадан шаранаға және балаға берілу тәуекелін төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.
113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау
1. АИТВ жұқтырған адамдардың білім беру ұйымдарында оқуы қамтамасыз етіледі.
2. АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың жақын туыстарының тұрғын үй және өзге де құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруге жол берілмейді.
АИТВ жұқтырған, тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты медициналық манипуляция жасайтын медицина қызметкерлері тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстырылуға жатады.
3. Жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған, АИТВ жұқтырған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.»;
34) 114-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен, қан арқылы және анадан шаранаға және балаға жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
5) психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар ұсыну үшін сенім пунктерін, достық кабинеттерін ашу;»;
35) 115-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақысыз негізде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және консультация алуға құқығы бар.»;
«3. Шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын өзге де адамдар АИТВ-ның бар-жоғына зерттеліп-қаралудан өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.»;
36) 127-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзету Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;
37) 143-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;»;
38) 162-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау
1. Донорлық функцияны жүзеге асыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы қан мен оның компоненттерінің донорлығы болып табылады.
2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін донорларды тарту өтеусіз немесе өтеулі негізде жүргізіледі.
Өтеулі негізде донорларды тарту донорлық функцияны өтеусіз негізде орындайтын донорлар болмаған кезде жүзеге асырылады.
3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды:
1) донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу болып табылатын қан донациялау;
2) қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын плазма донациялау.
Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:
қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;
құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (иммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма (иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады);
3) донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын жасушалар донациялау.
4. Қанды дайындау және қайта өңдеу процесінде:
1) қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлінген құрамдас бөліктері болып табылатын қан компоненттері;
2) қан компоненттерін қайта өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар болып табылатын қан препараттары алынады.
5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
39) 164-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі уәкілетті орган бекіткен, донорларды медициналық куәландыруға және медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда орындалатын зертханалық зерттеулер сапасына бағалау жүргізуді республикалық қан қызметінің референс-зертханасы жүзеге асырады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
40) 167-баптың 1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Донорлық функция жұмыс күндері орындалған кезде донор орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.
Егер өтеусіз донациялау болса, онда донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.»;
«7. Қан немесе оның компоненттерінің аяқталған немесе аяқталмаған донациясын жүзеге асырған донор донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған кезде қан мен оның компоненттерін донациялағаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшерде оның ақшалай баламасын алады.»;
41) 169-бапта:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қамтамасыз ету үшін тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдері қалыптастырылады.
Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау донорлықты жүргізу, қан, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жанында құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейтін иммуннологиялық типтеу зертханаларында (HLA-зертханалар) жасалады.
Транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау тіндерді (тіннің бөлігін), ағзаларды (ағзаның бөлігін) алумен, консервациялаумен, дайындаумен, тасымалдаумен және транспланттаумен айналысатын ұйымдардан зерттеуге берілетін жолдама негізінде жүзеге асырылады.
HLA-зертханалар туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
42) 173-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының аумағында қажетті сипаттамалары бар донорлық қан компоненттері болмаған кезде;»;
3-тармақ алып тасталсын;
43) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалған шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік клиникаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.»;