Форс-мажор мән-жайлары пайда болған кезде, осы жағдай туындаған Тарап басқа Тарапқа осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор мән-жайлары пайда болған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындауын тиісті құжаттармен растайды. Мұндай жағдайда Шарттың әрекеті форс-мажор мән-жайлары аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор мән-жайлары әрекетінің мерзіміне сай ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
Егер форс-мажор мән-жайлары күнтізбелік бір айдан асатын болса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасау жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауарға ғана өзара есеп жүргізеді.
Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер бірыңғай дистрибьютор тауарды жеткізу кестесін сақтамаған болса, тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей бірыңғай дистрибьютордың келісімін алғаннан кейін Шарт шеңберінде кешіктірілген әрбір күн үшін Шарт сомасынан уақтылы берілмеген тауар сомасының 0,2 % мөлшерінде аспайтын соманы бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5 %-нан асырмай тұрақсыздық төлемі ретінде шегеруге құқылы.
Егер тапсырыс беруші Шарттың 4-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 %-ы, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 %-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы шегеруге құқылы.
7-тарау. Өтпелі ережелер
7. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның ережелерінің кез-келгенінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты, осы Шартты орындау үшін Тараптар тартқан қызметкерлерді қоспағанда, біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге құпия және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ұсынылуы тиіс.
8-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзггертілді
8. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап не тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті түрде тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Шарт өз күшін мынадай жағдайларда жояды:
1) Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі;
2) Тараптардың бірінің банкрот болып танылуы;
3) Шарт бойынша міндеттемелердің тиісті түрде орындалуы. Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде тараптар өзара есептесудің салыстыру актісіне қол қояды.
Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор олардың арасындағы Шарт бойынша немесе онымен байланысты пайда болатын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге күш салуға тиіс. Барлық келіссөздер жазбаша хаттамалармен ресімделеді.
Егер мұндай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде тапсырыс беруші мен бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай дистрибьютордың орналасқан жері бойынша осы мәселенің шешімін талап ете алады.
Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден мемлекеттік және орыс тілдерінде, заңды күші бірдей екі данада жасалады.
Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түрінде жасалады не кейіннен түпнұсқасын бере отырып хат, жеделхат немесе факс түрінде жіберіледі.
Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енетіні көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы кейінірек келетініне байланысты күшіне енеді.
Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулардың егер олар жазбаша нысанда жасалған болса, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса, тараптардың мөрімен расталса күші болады. Жеткізу орны тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Ақпаратты ұсыну 24 сағаттың ішінде деген сілтеме кездесетін жерде бүкіл Шарт бойынша Тараптар егер, 24 сағаттың өтуі сенбі, жексенбі немесе мемлекеттік мерекелерге сәйкес келсе, осы міндеттемелер жүктелген Тарап үшін мерзімнің аяқталуы автоматты түрде келесі жұмыс күніне ұзартылады деп өзара келісті.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 1-қосымша өзггертілді (бұр.ред.қара)
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың ерекшелігі
Р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Саудалық атауы | Шығарылу нысаны | Өлшем бірлігі | Өлшеп-орау | Бағасы | Саны | Сомасы | Өндіруші |
| | | | | | | | | |
| ЖИЫНЫ: | |
Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
2-қосымша
Беру кестесі
р/с № | Саудадағы атауы | Өлшем бірлігі | Жалпы саны | Ай сайынғы қажеттілік * |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
*- беру басталатын күнге байланысты толтырылады. Беру жоспарланбаған графаларда «0» немесе «-» қойылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының нысаны (әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әр лотқа жеке толтырылады)
Лот №__
р/с № | Мазмұны | |
1. | Дәрілік заттың қысқаша сипаты (халықаралық патенттелмеген атауы және саудадағы атауы) | |
2. | Шығарылған елі, медициналық мақсаттағы бұйым | |
3. | Жасаушы - зауыт | |
4. | Өлшем бірлігі | |
5. | Баға ________ бірлікке ________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ________ (белгіленген пункті) | |
6. | Саны (көлем) | |
7. | Жалпы бағасы, ___________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _____________, белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар | |
_________________ М.О. __________________________
(қолы) (лауазымы, А.Т.Ә.)
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпеуіне болады, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім беруші барлық шығындарды ескере отырып анықтаған баға ретінде қарайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 11-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 11-қосымша
Беру үлгі шарты
_________ қ. №_________ 20__ жылғы «__» ______________
Бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан, _____________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын төмендегі туралы осы беру шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
Өнім беруші Сатып алушыға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген саны, бағасы бойынша, қабылдау орны мен мерзімінде тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді (бұдан әрі - өнім) жеткізіп беруге міндеттенеді және Сатып алушы Шарттың талаптарына қарай өнімді қабылдауға және құнын төлеуге міндеттенеді.
2. Шарттың құны
1. Шарттың құны ____ теңгені құрайды. Осы Шарт бойынша жеткізілетін өнім бірлігінің құны теңгемен Шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Шарттың құнына салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер, өнімді орауға және таңбалауға арналған шығындар, сондай-ақ Өнім берушінің өнімді Сатып алушыға беруге байланысты барлық шығыстары жатады.
3. Шарттың құны мен өнімнің бір бірлігінің құны белгіленіп қойылады және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 136 және 138-тармақтарына сәйкес медициналық ұйымдар (тапсырыс берушілер) сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі азайған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін, Шартқа да жеткізу көлемінің тиісті азаюы бойынша және Шарт сомасына шамалас өзгерістер енгізіледі.
3. Төлем тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 4-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара)
4. Шарт бойынша жеткізілген өнім үшін төлемді Сатып алушы теңгемен жүргізеді. Өнімнің әр партиясы үшін төлем мерзімі осы Шарттың 2-тармағының 3-бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған және қол қойылған күнінен бастап 90 (тоқсан) банк күнінен аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 5-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Шарт бойынша төлем Сатып алушыға өнімді жеткізгенін растайтын мына құжаттардың тиісті ресімделген (Шартқа міндетті түрде сілтеме жасалуға тиіс) түпнұсқаларын уақтылы тапсырған кезде жүргізіледі:
1) Өнім берушінің шот-фактурасы;
2) қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындының нөмірі мен қолданылу мерзімі көрсетілген тараптарға тауарды босату жүкқұжаты;
3) Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің өнімді саны мен сапасы бойынша қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар-көліктік жүкқұжаты;
4) Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша өнімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің қаптама қағазы;
5) қабылдау-беру орнында жасалған, Тараптардың немесе олардың заңды өкілдері белгі қойған қабылдау-беру актісі;
6) Тараптар қол қойған өзара есеп айырысудың салыстыру актісі (бұл құжатты өнім беруші өнімнің соңғы партиясымен ұсынады).
4. Өнімді орау және таңбалау
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тиеуді қоса алғанда, өнім сатып алушыға оны тиеу, темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, ауыстырып, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
7. Өнімді орау және таңбалау шарттары Шартқа 2-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Ерекше жағдайлар
8. Шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында Өнім беруші Сатып алушыға 1-тармақтың 2-бөлігінде белгіленген Шарттың құнынан 3 %-ы мөлшерінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауға осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынады.
9. Өнім беруші күн сайын Сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін осы Шарттың барлық орындалу сатылары (өндіру, сақтау, тиеу) туралы ақпарат беріп отыруға міндетті.
10. Өнімді тиеуді бастауға 24 сағат қалғанда Өнім беруші Сатып алушыға мынаны көрсете отырып, жазбаша түрде факс немесе телекс арқылы алдағы тиеу туралы ақпарат беруге міндетті:
Шарттың нөмірі мен күнін;
берілетін Өнімнің атауын;
көліктің нөмірін (вагонның, контейнердің);
тиеу күнін;
орындар саны мен салмағын;
тиелген өнімнің құнын.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Өнім тиелгеннен кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей және сатып алушының қоймасына тауардың нақты келген күнінен кешіктірмей өнім беруші сатып алушыға осы Шарттың 3-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген тиеуге қатысты құжаттарды толық көлемде ұсынуға міндетті. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сатып алушының немесе оның ресми өкілінің талабы бойынша Сатушы күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей көрсетілген құжаттарға жасалған ескертулерді жоюы тиіс.
12. Өнімді беру күні болып Шартқа 1-қосымшада көрсетілген жеткізу орнында Тараптар арасында қабылдау актісі жасалған күн болып саналады.
ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 15 Қаулысымен 13-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Шарт бойынша жеткізілетін өнім:
1) екі тарап қол қойған өнімді қабылдау-беру актісінде көрсетілген саны бойынша;
2) егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болса, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжатта және өнімнің шыққан елін куәландыратын құжатта көрсетілген сапаға сәйкес сапасы бойынша өнім беруші тапсырған және сатып алушы қабылдаған болып саналады.
14. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін немесе тиісті сапасының болмауын анықтаған жағдайда, анықталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Өнім берушіге өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуді ұсынып факсимильді байланыспен хабарлама жіберуге тиіс.
15. Өнім беруші Сатып алушының шақыруын алғаннан кейін Шарттың 7-тармағындағы 5-бөлікте көзделген келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада басқа мерзім көрсетілмесе) өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге міндетті. Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бірлесіп тексеру нәтижесі бойынша ескертулерді жою үшін мерзімдері (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсетіле отырып, екі Тарап қол қоятын тексеру актісі жасалады.
16. Шарттың 7-тармағының 5-бөлігінде белгіленген мерзімде Өнім берушінің уәкілетті өкілі келмеген жағдайда, Сатып алушы Шарттың 10-тармағында белгіленген тәртіппен кейіннен оны Өнім берушіге жіберу арқылы ескертулерді жою үшін мерзімдерін (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсете отырып, Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бір жақты тексеру актісін жасайды. Өнім беруші Шарттың 8-тармағында көзделген, актіде көрсетілген ескертулерді жоймаған жағдайда, Сатып алушы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Өнім берушінің әрекетін өнімді уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
17. Бұрын Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған, Сатып алушы немесе оның заңды өкілі сақтау орнына қабылдап алған өнімде ақаулар анықталған жағдайда Сатып алушы немесе оның заңды өкілдері 3 жұмыс күні ішінде Өнім берушіге жазбаша хабарлауы тиіс және Өнім беруші өкілінің өнімді сақтау орнына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
18. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімде ақауларды анықтаған жағдайда, егер осы алмастыру өнімнің сапасы мен басқа техникалық сипаттамасының төмендеуіне алып келмейтін болса және техникалық әзірлемелерге сай келетін болса Өнім беруші бұзылған және/немесе ақаулы өнімді тегін алмастыруы тиіс. Өнім беруші өз еркімен ақау анықталған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Өнім қабылданған сақтау орнынан барлық ақауы бар өнімді толығымен алуды (қайтаруды) қамтамасыз етуге міндетті.
19. Өнім беруші Сатып алушының жеткізілген өнімге жасаған ескертулерін 15 күнтізбелік күн ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Сатып алушы өнім берушінің әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
6. Өнімге берілетін кепілдіктер
20. Өнім беруші өнімге берілетін таңбаға немесе өзге де танып айыратын деректеріне сай оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің барлық көлеміне кепілдік береді.
21. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелінен Сатып алушыдан кепілдік міндеттемелерін орындау жағдайының туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау ұйымындағы сапасыз өнімді алмастыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
22. Жеткізілетін өнімнің сапасы МЕМСТ-қа, ОСТ-қа, өнімге берілетін техникалық шарттарға сәйкес келуі және тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
23. Өнім беруші Сатып алушыға өзі жеткізген өнімнің үшінші бір тұлғалардың кез келген құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне және еркін болатынына кепілдік береді.
24. Жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан артық өнім үшін беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.
7. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
25. Өнім беруші беру, жеткізілген өнімді алмастыру мерзімін немесе ескертулерді жою мерзімін бұзған жағдайда, Өнім беруші мерзімі өткен әр күн үшін мерзімінде жеткізілмеген өнім сомасының 0,2 %-ы мөлшерінде, бірақ өнімнің құнынан 20 % артық емес өсімақы төлейді. Өсімақыны төлеу Өнім беруші Сатып алушыдан тиісті шотты алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
26. Өнім беруші барлық өнімді немесе бір бөлігін беруден бас тартқан жағдайда, ол Сатып алушыға осы Шарттың сомасының 10 %-ы мөлшерінде бір реттік айыппұл төлеуге міндетті. Сатып алушы бір реттік айыппұл төлеуге шотты Шартқа 1-қосымшада көрсетілген өнімді берудің соңғы күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өнімді беру орындалмаған жағдайда берілуі мүмкін.
27. Сатып алушы Өнім берушіге өсімақы және/немесе айыппұл төлеу үшін берген шот, өсімақы және/немесе айыппұл төлеу және жеткізілген өнімге төлем жасау бойынша біртектес екі жақты талаптарды есептеуді жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Сатып алушы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес шартты орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың 25 және 26-тармақтарына сәйкес өсімпұл және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу шотына ұстауға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 29-тармақ жаңа редакцияда
29. Сатып алушы өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы (Өнім беруші жеткізу мерзімін бұзған жекелеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге қатысты):
1) өнім жеткізу мерзімін кешіктіру күнтізбелік 30 (отыз) күннен асқан және (немесе) өсімпұл және (немесе) айыппұл төлеуді кідірту күнтізбелік 15 (он бес) күннен асқан;
2) шартты орындауды қамтамасыз етуді Өнім беруші Ереженің 139-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынған жағдайларда, Өнім берушіге қандай да бір залал мен шығындарын өтемей шартты бір жақты тәртіппен толықтай немесе ішінара бұзуға (шартты орындаудан бас тартуға) құқылы.
Өнім беруші шартты біржақты тәртіппен бұзу (Шартты орындаудан бас тарту) себебі туралы күші жойылатын шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енуінің отыз күннен аспайтын күні көрсетілген Сатып алушының тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап Шартты бұзу күшіне енген күн өткен соң Шарт толықтай немесе ішінара бұзылды деп саналады. Сатып алушы жекелеген өнімді жеткізуге қатысты ішінара Шартты біржақты тәртіппен бұзған кезде тараптардың Шарттың қалған бөлігі бойынша міндеттемелері тоқтатылмайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Жеткізілген өнімге төлемді негізсіз кідірткен жағдайда, Сатып алушы Өнім берушінің жазбаша хабарламасының негізінде Өнім берушіге кешіктірілген әр күні үшін берешек сомасының 0,1 % мөлшерінде, бірақ берешек сомасының 5 %-ынан аспайтын өсімпұл төлейді.
31. Өсімақы немесе айыппұл төлеу Тараптарды Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32. Өнім беруші Шарттың 5-бөлігінің 8-тармағында белгіленген міндеттемелерді уақтылы немесе толық орындамаған жағдайда, Сатып алушы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте мұндай бұзу туралы қандай да бір қосымша келісімнің болуы талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды
32-1. Өнім беруші сақтау орнынан өнімнің ақауы бар барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, өнім беруші сатып алушыға осы шарт бойынша сақтау орнынан өнімнің сапасыз (зақымданған және/немесе ақауы бар) барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған әр күні үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын өнімнің құнының 1%-ы мөлшерінде өсімақы төлейді.
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
33. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса (топан су, жер сілкіну, тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің немесе өкімдерінің шығуы), бұл мән-жайлар кез келген Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе.
34. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар болатын уақытқа дейін ұзартылады.
35. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары пайда болған кезде осындай жағдай туындаған кез келген Тарап басқа Тарапқа 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы мән-жайлар туралы жазбаша хабарлама жібереді. Осы мән-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органымен немесе Қазақстан Республикасының Сауда палатасымен расталуы тиіс.
36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
37. Егер Тараптардың міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындай алмау мүмкіндігі 2 (екі) айдан артық болса, онда Тараптар Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуға құқылы.
9. Дауларды шешу тәртібі
38. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Шарт бойынша келіссөздер жолымен шешіледі.
39. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
40. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Хат-хабарлар
41. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.