Қайталама кедендік сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, екі және одан да көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізілген кезде оған қатысуы және комиссияға түсіндірме беруі мүмкін, алайда олар кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға қатыспайды.
Қайталама кедендік сараптаманы жүргізу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.
Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) міндетті түрде алғашқы кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.
234-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 223 және 299-баптарында көзделген кедендік тексеруді және кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі. Кеден органы лауазымды адамының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға өтініші кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.
2. Егер, осы Кодекстің 205-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде декларант не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға немесе олардың өкілдері болмаса, онда кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізуге құқылы.
Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы Комиссияның шешімімен белгіленген нысан бойынша үш данада акт жасалады.
Бірінші дана кеден органында қалады; екінші данасы тауарлардың іріктеп алынған сынамаларымен және үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі; үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға немесе, егер олар анықталса, олардың өкілдеріне табыс етілуге (жіберілуге) жатады.
4. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлға немесе олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға жәрдемдесуге, оның ішінде өз есебінен қажетті жүк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға міндетті. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға немесе олардың өкілі болмаса, тауарларды табыс еткеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ол келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруды күтпейтін мән-жайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары іріктей алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу туралы акт жасала отырып, жүзеге асырылады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғалар немесе олардың өкілдері болмаған кезде кеден органдары осы Кодекстің 205-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда іріктеп алады.
Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
5. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері оларды орамның бүтіндігін бұзбай алу мүмкін болмайтындай етіп оралады.
6. Кеден органы декларантта, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғада немесе олардың өкілдерінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді.
7. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін сынамалар мен үлгілер:
тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеулер және (немесе) сынақтар нәтижесінде жойылған;
тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың құрамы кедендік сараптама жүргізу барысында алынған тауарлардың құрамына сәйкес келмейтіні анықталған, соның нәтижесінде мұндай сынамалар мен үлгілер мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада айқындалған мерзімге сақтауда қалған;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамына қайтарылады.
235-бап. Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық
Кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым осы Кодекске сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, кәсіби даярлық және кедендік сарапшылардың біліктілігін арттыру мақсатында сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.
236-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу
1. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен, өз бастамашылығымен не кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым басшысының өтініші бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сараптама саласындағы кедендік сарапшыларын тарту туралы өтініш білдіруге құқылы.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
26-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезінде тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстау
237-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде ұстауға жататын тауарлар мен құжаттар
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 244, 268, 283, 290, 312, 335, 338, 410 және 466-баптарында белгіленген жағдайларда кеден органдарының лауазымды адамдары қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың нысанасы болып табылмайтын тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстайды.
2. Тауарлар және оларға арналған құжаттар ұсталған жағдайда кеден органы Комиссияның шешімімен белгіленген нысан бойынша хаттама жасайды.
3. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар алып қойылады және осы Кодексте белгіленген мерзімдер ішінде кеден органдарында сақталады.
Ұсталған тауарлар уақытша сақтау қоймаларына немесе кеден органы анықтаған өзге де орындарға орналастырылады.
4. Кеден органдары тауарларды ұстаған кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген, тауарлар іс жүзінде қайтарылатын тұлғалар өтейді. Осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстар осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген тауарларды сатудан алынған сома есебінен өтеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
238-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімдері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары бір ай бойы, ал тез бұзылатын азық-түліктерді жиырма төрт сағат сақтайды.
2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органдарында үш тәулік бойы сақталады.
3. Ұсталған тауарларды сақтау мерзімі - оларды ұстаған күннен бастап, ал тез бұзылатын азық-түліктерге оларды ұстаған кезден бастап есептеледі.
239-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды қайтару
1. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе тауарлардың меншік иелеріне, ал меншік иесі шетелдік тұлға болып табылған не кеден органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда - осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ұстау кезінде тауарлар иелігінде болған тұлғаларға қайтарылады.
2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бұл аумақтан тыс жерлерге қайта әкету үшін кеден органына мұндай тауарларды қайтару үшін бірінші болып жүгінген, тұлғалардың кез келгеніне қайтарылады.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында осы тауарларды иеленуге жол берілсе, декларантқа немесе өзге де тұлғаларға Кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады.
4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектеулер қойылған тауарлар және Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған оларға арналған құжаттар кеден органына осы Кодекске сәйкес белгіленген шектеулердің сақталуы және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруды құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда декларантқа немесе өзге де тұлғаларға осы аумақтан тыс қайта әкету немесе Кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады.
5. Осы баптың 2 - 4-тармақтарында көрсетілмеген өзге де жағдайларда ұсталған тауарлар кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғаннан кейін оларды осы кедендік рәсіммен орналастырған тұлғаларға не олардың өкілдеріне қайтарылады.
6. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру қажет болған кезде кеден органы тауармен бірге ұсталған құжаттарды мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейін қайтарады.
240-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарлармен жасалатын іс-әрекеттер
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпеген тауарлар уәкілетті заңды тұлғаның өткізуіне жатады, ал осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, мұндай тауарлар жойылуға немесе өзгеше пайдалануға жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтау және өткізу бойынша шығыстары құнынан асып түсетін тауарлар, сондай-ақ кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын басқа да жағдайларда, жойылуға жатады.
Жою, сондай-ақ мұндай тауарларды сақтауға және тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеу декларанттың немесе өзге тұлғаның, ал аталған тұлғалар болмаған кезде, егер тауарлардың жеке санаттарына қатысты өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
241-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарларды сатудан түскен сомаларға билік ету
1. Осы Кодекстің 240-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды сатудан алынған сомадан бірінші кезекте, ұсталған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде төленуге жататын, бұл тауарларды ұстау күніне есептелген кедендік төлемдер, салықтар мөлшеріндегі сома, екінші кезекте тауарларды тасымалдау, сақтау жөніндегі шығыстар және осы тауарларды сатуға байланысты өзге де шығыстар ұсталынады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды өткізуден түсетін сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе, кеден органында олар туралы мәліметтер болған кезде, кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде кеден органдарына тауарлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде оларға қайтарылады.
Кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тауарларды сатудан түскен қайтарылуға жататын соманың бар екендігі туралы хабардар етеді.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
4-бөлім. КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ БЕРУ АЛДЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР
27-тарау. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер
242-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
1. Барлық тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген ережелерді сақтай отырып, тең негізде тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге құқығы бар.
2. Тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Тауарлардың жекелеген санаттары, оның ішінде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен оларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады.
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
243-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары
1. Өткізу пункттері не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де орындар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары болып табылады.
2. Жолаушыларды, көлік құралдарын және тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылым объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқаруына беруге құқылы.
244-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау
1. Егер осы Кодексте, Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және мұндай тыйым салулар мен шектеулер белгіленген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып жүзеге асырылады.
2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, Кеден одағының кедендік аумағына келген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Кеден одағының кедендік аумағынан тез арада әкетілуге жатады.
Көрсетілген тауарларды әкету жөнінде шаралар қабылдау тасымалдаушыға не, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың меншік иесіне жүктеледі.
3. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге жатпайды.
4. Егер әкелуге немесе әкетуге шектеу қойылған тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе мұндай аумақтан әкету кезінде шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар ұсынылмаса, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері қолданылады.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды әкету мүмкін болмаған немесе оларды тез арада әкету жүзеге асырылмаған жағдайда бұл тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұсталуға жатады.
245-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету
1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету оларды кеден органы шығарғанға дейін Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Тауарларды кеден органы шығарғаннан кейін оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
246-бап. Жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар
Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген, оларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде кедендік операциялар жасағанға дейін, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде жарамсыз болған, авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан бүлінген немесе зақымданған тауарлар оларға қатысты одан әрі кедендік операциялар жасау кезінде олар Кеден одағының кедендік аумағына жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған түрде әкелінген ретінде қаралады.
247-бап. Мүдделі тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы
1. Мүдделі тұлғалар және бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен, осы Кодексте (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.
2. Кеден органы тауарлардан сынамалары мен үлгілерін алуға, егер мұндай алу:
1) кедендік бақылау жүргізуді қиындатпаса;
2) тауарлардың сипаттамаларын өзгертпесе;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден жалтаруға немесе тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға әкелмесе рұқсат береді.
3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне арналған жеке кедендік декларация олар тауарларға арналған декларацияда көрсетілген жағдайда берілмейді.
28-тарау. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі
248-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келу орны және уақыты
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - келу орны) және кеден органдарының осы орындардағы жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылады.
Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған орындарға ғана әкелуге болады.
Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайларда және тәртіппен келу орны болып табылмайтын өзге де орындарға келуі мүмкін.
Кеден органдары келу орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жариялау үшін Комиссияға жіберіледі.
2. Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін әкелінген тауарларды тасымалдаушы келу орындарына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзге де орындарға жеткізуге және кеден органына ұсынуға тиіс. Бұл ретте тауарлардың жай-күйін өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға немесе зақымдауға жол берілмейді.
3. Кеден органдары келу орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып беруге міндетті.
4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан Кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қолданылмайды.
249-бап. Авария, еңсерілмейтін күш әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар
1. Егер Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды келу орнына жеткізу үзілсе, сондай-ақ, егер су немесе әуе кемесі авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды жеткізуге, белгіленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де мән‑жайлар салдарынан Кеден одағының кедендік аумағына мәжбүрлі тоқтаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы зақымдалса) не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.
250-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі туралы хабарлама
1. Тасымалдаушы осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің түріне қарай кеден органын Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар етуге міндетті.
Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар табыс етуі мүмкін.
2. Тасымалдаушы, кеден өкілі не өзге де мүдделі тұлға кеден органына тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгеніне дейін олар туралы алдын ала ақпаратты беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беруге міндетті.
3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрінде табыс етуге құқылы.
4. Аумағына тауар келіп түскен Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарды ұсынған кезде мұндай құжаттардағы мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.
251-бап. Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралына қарай кеден органына ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер
1. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде: