3-тармақта:
2) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы белгілеген нысан бойынша өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады;»;
«3-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;»;
4) 5-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:»;
5) 9-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссияның құрамына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.»;
6) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.».
67. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 4-баптың 4-1) және 4-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-баптың 8) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8-1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
3) 20-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
68. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 87-құжат):
8-бапта:
1-тармақтың 3), 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-3), 20-4), 20-5) және 20-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-3) пошта жөнелтілімдерiнде пошта мөртабанын қолдану тәртiбiн бекітеді;
20-4) пошта желiлерi арқылы жiберiлуге тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
20-5) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну қағидаларын бекітеді;
20-6) пошта желiлерi арқылы жiберу шектелген бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;».
69. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
21-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
70. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парлментінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар):
1) 8-1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 10-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
3) 11-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
4) 20-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.»;
5) 23-1-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.».
71. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат):
1) 4-баптың 4-1), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
5-2) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
5-3) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн белгiлейдi;».
72. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат):
1) 12-бап алып тасталсын;
2) 13-бапта:
18) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10), 23-11), 23-12), 23-13), 23-14), 23-15), 23-16), 23-17) және 23-18) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
23-2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
23-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
23-4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
23-5) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекітеді;
23-6) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекітеді;
23-7) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
23-8) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
23-9) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
23-10) автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекiтедi;
23-11) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекітеді;
23-12) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
23-13) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
23-14) Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
23-15) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындайды;
23-16) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекітеді;
23-17) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайды;
23-18) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;»;
3) 14-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақта:
6-1), 6-2) және 7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
«10-2) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;»;
«5-1) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
5-2) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
4) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.»;
5) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар талаптарын сақтау тұрғысынан бақылау.»;
6) 19-7-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 2), 4), 8), 9), 10) және 10-1) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
7) 19-11-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарт жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың уәкілетті орган бекіткен үлгі шартына сәйкес жасалуға тиіс.»;
9) 38-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
10) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және одан сыртқа шығу, сондай-ақ оның аумағы арқылы транзитпен жүріп өту тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.».
73. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
1) 30-баптың 2-1-тармағындағы «атқарушы іс жүргізу органдары» деген сөздер «сот орындаушылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-3-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөлінген активтерді жалға беру және қосалқы жалдауға беру туралы шешімді, сондай-ақ оларды беру шарттарын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.»;
3) 43-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әділет органдары мен жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
74. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 6-бапта:
6-баптың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;»;
3) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;
1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) әкелу және (немесе) әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекітеді;
2-2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;»;
«4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi;»;
4) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Тарифтік квоталар
1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:
1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;
2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.
Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.
2. Әкелуіне және (немесе) әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.»;
5) 17-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
6) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер
1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:
1) құқықтық тәртiпті сақтау;
2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;
4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;
5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуін және тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
8) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай енгiзеді.
2. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:
1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
3) ішкі нарықты қорғау қажеттілігіне қарай енгізеді.
3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
4. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеулерді ішкі нарық үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта өте көп жетіспеушілігін болдырмау немесе азайту үшін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде енгізеді.
Елеулі маңызды тауарлар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
5. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тиісті орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, квоталар мөлшерін және квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.
Уәкілетті орган квоталар мөлшерін, сондай-ақ квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.»;
7) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
«18-2-бап. Қарсы шаралар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, егер шетел мемлекеті:
1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті, осы баптың 1-тармағында көзделген қарсы шараларды енгізуге құқығы бар.»;
8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық
1. Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар бекiтедi.
3. Уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындаған сауда қызметі субъектілеріне жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар беріледі, олар жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика қағидаттары негiзiнде жасауға міндетті.».
75. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат):
1) 7-баптың 5), 8), 9), 13), 14-1), 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалары алып тасталсын;
2) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-8), 19-9), 19-10), 19-11), 19-12), 19-13), 19-14), 19-15) және 19-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-8) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
19-9) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
19-10) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;
19-11) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
19-12) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
19-13) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту;
19-14) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;